Білім беру саласы : «Коммуникация»
Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы.»
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге
елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Іс-әрекет бөлімдері | Педагогтың іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру Сезімді ояту
| Армысың,қайырымды аспан ата! -Армысың, мейірімді жер ана! -Армысың,шұғылалы алтын күнім! -Армысың,балабақша дос-жараным!
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.
Бейнетаспадан қазақ елі,тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету. Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалады.
| Шеңберге тұрып,жаңа күнмен амандасады.
Барлығы тұрып әнұранды айтады.
Бейнетаспадан тұңғыш президент жайлы фильмді тамашалайды. Кім,не жайлы екенін өз сөздерімен баяндап береді. |
Ізденістер Ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының картасын көрсету. -Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет. ә)Сөздік жұмысы: Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес. Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз. -Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? -Елордасы қай қала? -Астана қандай қала -Алматы ше? б)Қазақстан,егемен,тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрату. в)Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу.
г) Президент мұражайынан көргендерін әңгімелеу.
ғ)Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу: -Елін сүйген еңселім де, еркінім, Аппақ таңнан даусыңды естіп елтідім. Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан, Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
| Қазақстанның картасынан еліміздің жер көлемімен танысады.
Тәуелсіз,егемен сөздерінің мағынасымен танысады.
Тұңғыш президент-Назарбаев Нұрсұлтан.
Алматы –бас қала Астана- жас қала.
Мұражайдан не көргендерін ортаға салады. Елбасының отбасы,өскен ортасы,туған жері туралы өз түсінгендерінше әңгімелейді. Президент жайлы өлеңдер оқиды.
|
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. | Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. «Халықтың ортақ үйі-Отаны.» «Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.» «Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.
| Мақалдардың мағынасын түсіндіреді «Отан» әнін айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;
Болуы қажет: Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;
Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі.