«Зима 2025»

«Ел болу- тарихымыздан»

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларға қазақ халқының басынан өткен сан қилы күрестер мен қиындықтарды айта отырып, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін мақтан ету; 2)тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерлігін жырлай отырып, патриоттық сезімдерін дамыту: 3)Елін, жерін сүйетін, ата-баба тарихын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Малтабарова Нина Караловна

Балқаш қаласы,

«Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Сыныбы: 4Ә

Сабақтың тақырыбы: «Ел болу- тарихымыздан»

(дөңгелек үстел)

Сабақтың мақсаты: 1)Оқушыларға қазақ халқының басынан өткен сан қилы күрестер мен қиындықтарды айта отырып, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін мақтан ету;
2)тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерлігін жырлай отырып, патриоттық сезімдерін дамыту:
3)Елін, жерін сүйетін, ата-баба тарихын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тәуелсіздік туралы, ерлік туралы нақыл сөздер, батырлардың суреттері, слайд, шар, гүл, тарихи оқулықтар.
 Өтетін орны: мектеп кітапханасы

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! Қазақстан Республикасы Тәуелсідігінің25 жылдық мерейтойы аясында 4 сыныптар арасында өтетін «Ел болу- тарихымыздан» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — Қазақ халқының тарихына қысқаша шолу жасап, қазақ халқының қалыптасуы жолында қазақ хандары , батырлары, белгілі ақын жазушылар, қоғам қайраткерлері, өнер адамдарының, қазақтың зиялы азаматтарының қайраткерлігін насихаттау. Тәуелсіздігімізді мақтап мадақтау аз, оны сақтап қалу, одан әрі көркейтіп алдыңғы қатарлы дамыған елдер дәрежесіне жеткізу.Қазіргі қоғамдағы осыған қатысты құндылықтар мен салт-дәстүрлердің маңыздылығын түсіндіру.  Сіздерді осы мақсатта дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

Жүргізуші: Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын алдымен бейнебаянға назар аударуларыңызды сұраймын.

«Ел болу- тарихымыздан» бейнебаяны көрсетіледі.

 

Жүргізші: «Дәмі бітпес, таусылмас тәтті бар ма?» десе, «бар» деп жауап берер едім, ол- Тәуелсіздік. Елдің қолына зарықтырып барып қонғанБақыт құсы. Одан биік, одан мәртебелі мұрат жоқ. Болмайды да. Уақыт бізге зымырап жатқандай көрінеді, сол тұрғыдан Тәуелсіздікпен мақтану аз, мақтау жеткіліксіз, оны көздің қарашығындай сақтау- міндет. Тәуелсіздік- ата- бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.Бүгінгі күні тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел болу- тарихымыздан» атты шарамыз патриоттық ұлтжандылықты ұлықтап, еліміздің қол жеткен жетістіктері мен еңсерген асулары, даму тарихын зерделеуге арналады.

алады. Қазақ халқының тарихында хандық дәуірде өмір сүрген, тарихи кезеңдерде көшбасшы болған қазақтың  әрбір ханының, даңқты жауынгердің, батыл да батыр Ел болашағының барлығы азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым дей келе сіздердің дайындап әкелген баяндамаларыңызды тыңдауға кезек берсек.

 Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамасын тыңдау.

Жүргізуші: Жаңағы өздеріңізге ұсынылған бейнебаяннан түсінгендеріңізді, ойға түйген айтарларыңызды ортаға сала отырыңыздар.

Дөңгелек үстелге қатысушылармен пікір алмасу.

Жүргізуші  Сөйле тілім, сөйле бүгін суырылып,

Сөйлейтұғын кезің енді туды нық, Ұлан- байтақ Елім- бақыт ордасы,

Тәуелсіздік баға жетпес- құндылық!

Сол ұндылық- Тарихымның тамыры,

Сол құндылық- Ел жұртымның тағдыры!

Қазағымды мәшһүр етті әлемге

Елбасының тауда асқақ қадірі.

Кешегі өткен, Қайрат, Ербол ержүрек батырлық, тайсалмас табандылық көрсетіп батыр атанды. Бүгінде ел аузынан түспей жүрген бұл боздақтарымыз өзі бір төбе емес пе?

Дөңгелек үстелге қатысушыларға сұрақтар қойылады.

1.Арнұр:Қазақ елі сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі- асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі. 15 ғасырда Жәнібек пен Керей хан қуатты қазақ хандығын құрды.Алайда қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан- байтақ елімізге жан- жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

2.Жаннұр: Иә,дұрыс айтасыз. 1783 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елі қаннн қаперсіз, жаз жайлау қызығын көруге бет алғанда жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан жылатты.?

3.Аружан:Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық «ақ табан» болды, аңыздаған жұрт Алакөлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады..

(Елім- ай әнінің әуені ақырын ойнап тұрады.)

Жүргізуші : Аты шулы «Ақтабан шұбырынды» , «алқакөл сұлама» атты қаралы атқа ие болған жоңғар шапқыншылығына да төзді қазақ. Бірақ бұдан да асқан жауыздық нәубәтәнәі екі ғасырдан соң қайта келерін бұл халқым білмеді.

Мағжан: Иә, бұл 1930-1932 жылдардағы адам айтса нанғысыз ашаршылықта Қазақстан халқының саны алты миллиондай болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.

Мадина: Сол кездегі аш жалаңаш, кедейлердің халін Бейімбет Майлин мен Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды ақын, жазушыларымыздың шығармаларынан көруге болады. Мысалы: «Күлпаш» әңгімесі.

  • Жүргізуші:Ал енді осындай аянышты халден кейін қазақ елінің басына тыныштық орнады ма, не айтасыздар?

  • Ақбота: Жоқ, мүлдем олай емес. Қабырғаны қайыстырар естеліктер әлі алда...

  • 1937-1938 жылдары қазақ зиялылары Кеңес үкіметіне қарсы үгіт- насихат жүргізді деген айыппен қудаланып, қуғын сүргінге ұшырады. 105 мың адам қамауға алынып, оның 25 мыңы атылды.

  • Жүргізуші. Иә, 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірі біздің қазақ әдебиетінде , өнерінде, қоғамында жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды.

  • Биназир мен Аиза: Зиялы азматтарымыздың аттарын атайық: Шәкәрім Қ, Ахмет Б, Мағжан Ж, Міржақып Д, Жүсіпбек А, Бейімбет М, Ілияс Ж, Сәкен С.Олар өздері өлсе де аттары өлген жоқ.Олардың рухына кейінгі ұрпақ бас иіп, олардың жолын жалғастыруда.

  • Арнұр: Қиылды қанатты тәтті арманың,

  • Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

  • Әлемде ең сұмдық күн ана үшін,-

  • Майданға азаматтар аттанған күн.

  • Биназир: -1941- 1945 жылдары Азамат тарихынад болмаған алапат соғыста бірлік,, достық жолында жан қиған қазақ батырлары Фашизммен күресіп, ерекше ерлік көрсетті.

  • Аружан: Оар:Бауыржан М, Мәлік Ғ, Нұркен Ә, Рақымжан Қ, Әлия ме Мәншүк. Сынды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар есімі мәңгі есімізде.

  • Жүргізуші: 1941- 45 жылдары екінші дүниежүзілік соғыста қазақ батырлары бүкіл адамзатты фашизмнен қорғау жолында ерекше ерлік көрсетті.Жүзге тарта қахармандарға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

  • Желтоқсан желі әні жай шығып тұрады.

  • Еліміздің тарихының аянышты беті желтоқсан оқиғасы.

  • Аиза: 1986 жылы 16 желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты, жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұл- қыздары халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел есінде мәңгілік жазып кетті.

  • Қасқалдақ ұшып көлінен,

  • Шүрегей келіп қонған күн.

  • Қыранды қуып көгінен

  • Қарғалар билік алған күн.

  • «Нашақор» деп, «Ұлтшыл» деп, Қазаққа күйе жаққан күн.

Ерсін: Туған елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Сыр- сұхбат.

Жүргізуші: Осы кешегі өткен батырларымыз, Отан үшін от кешкен азаматтарымыздың бәрі өз отанын елін сүйіп өткен, өз елінің нағыз патриоты деп айта аламыз ба? Жалпы патриот деген сөзді қалай түсінесіздер?

Арнұр: Патриот грек сөзі.- Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың бойында күш қуаы мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз.

Ерсін: Патриотизм- Отанымыздың гүлденуіне зор ықпал етеді.

Жаннұр: Еліміздің әрбір азаматы тіліне, дініне, ұлтына қарамастанауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным » деп тануы қажет.

Аружан: Мемлекеттік есімін беріп отырған ұлттың салт- дәстүрін құрметпен қарау, оның заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтау- қоғамының әрбір мүшесінің басты міндеті.

Жаннұр: Ал Қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде.

Жүргізуші: - Сөйтіп Қазақстанның патриоты дегеніміз?

Биназир: Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қр рәміздеріне ререкше құрметпен қарап, қастерлеп, қадірлеуі:

Мадина: Қазақстанда тұратын барлық халықтардың Отанды қорғауға дайын болуы.

Аиза: ҚР Қарулы күштері қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сәзімінің болуы.

Ерсін: Қазақ халқының тарихын, салтын ,тілін сүюі.

Жүргізуші: -Бүгінде жастардың әскерде қызмет ету себебі қандай?

Аиза: Патриотизм,

Мадина: Азаматтық борышты атқару,;

Ақбота: Өзін- өзі бағалауды арттыру;

Биназир:Одан әрі жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне ие болу,

Магжан: Рухани, мораль және дене даярлығы тұрғысынан өзін- өі жетілдіру.

Жүргізуші: - Әрбір азаматтың қасиетті борышы- өз Отанын қорғау.

Бүгінгі шарадан қандай қосымша мағлұмат алдыңдар , естідіңдер, ой түйдіңдер. Соны бір тілектер шеруі ретінде бір ауыз сөзбен қорытындылап өтсеңіздер.

Тілектер шеруі:

Аиза: Қыран құстың қырағылығын берсін.

Еліміздің абыройы әрқашан биік болсын.

Биназир: Отан қорғар жаужүрек ұлдарымыз еліміздің тыныштығын сақтасын!

Ақбота: Бәйгенің алдын бермеген тұлпарларымыз көп болсын!

Мағжан:Бейбіт күн басымыздан кетпесін!

Жаннұр: Қаақстан алты құрлықтың ақ барысына айналсын!

Мадина: Қуатты Қазақстанның шуақты күндері көп болғай!

Жүргізуші: - Отанымыздың мәңгілік жасауы шыныққан жүрегі «Туған жерім, мекенім» деп соққан жас ұланның қазіргі білімі мен білігіне байланысты. Олай болса еліміздің елжанды азаматтарын сіздердің қатарларыңыздан көрейік.

Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып,

тұшымды ой білдіргендеріңіз үшін сіздерге

алғыс айтамыз. Қош, сау болыңыздар!













































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее