«Зима 2025»

Гүлдер әлемі сайыс сабақ

Қыз балаларды икемділікке, сымбаттылыққа, ізеттілікке, біліктілікке, танымдық қасиеттерін дамытуға баулу. Эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, әдептілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

«Балқаш қаласы С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ бейнелеу пәнінің мұғалімі, «Квиллинг» үйірме жетекшісі Токжигитова Сауле Тлеубергенкызы


«Гүлдер әлемі» сайыс сабақ


«Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі»


Өтілу формасы: сайыс

Мақсаты: Қыз балаларды икемділікке, сымбаттылыққа, ізеттілікке, біліктілікке, танымдық қасиеттерін дамытуға баулу. Эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, әдептілікке тәрбиелеу.

Қатысушылар: 6-7 сынып қыздары /7 не 9 бала қатысады/

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология, әдебиет, тарих.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: - Қос бұрымды сұлулықтың белгісі деп таныған халқымыз шашын өсіріп, ұшына зергердің қолынан шыққан шашбау, шолпы тағып, сұлулыққа жастайынан баулыған қызбалаға керек қасиет - талғам, жарасым ақыл, білім, іскерлік.

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі қыздар арасындағы «Гүлдер әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Кімдер өнерлі, белсенді білейікші,

Өнерлісі мектептің деп жүрейікші.

Әділ қазыларға әділдікті,

Ал сайыскерлерге сәттілік тілейікші - дей келе, ортаға қыздарымызды шақырамыз.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Сайыстың шарттарымен таныстыру.

  1. Таныстыру.

  2. Сұрақ-жауап сайысы.

  3. Қолөнер сйысы.

  4. Шаш үлгісі.

  5. Сән үлгісі.

Ескерту: барлық турда гүл элементтерін пайдалану.

1.Таныстыру:

Өздерімен таныстырар кез де келді,

Сайыстың мақсатына жеткізеді.

Кезегімен алдымызға келіп енді

Жұмбақ қыздар өздерін таныстырады.


2.Сұрақ-жауап сайысы:

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты.

І- топ:

1.Сурет салып тоқылған кілем.(гобелен)

2.Әшекей бұйым жасайтын адам.(зергер)

3.Адамды адам еткен … (еңбек)

ІІ –топ:

1.Матаны жапсырмалау.(аппликация)

2.Шашқа тағатын әшекей бұйым.(шашбау)

3.Жеті рет өлшеп, … (бір рет кес)

ІІІ –топ:

1.Қол өнердің мата қиындысынан тігілген түрін атаңыз.(құрақ құрау)

2.Жеті түрлі дәнді дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.(Наурыз көже)

3.Әке көрген оқ жонар, … (шеше көрген тон пішер)

IV-топ:

1.Ұзатылған қыздың киетін баскиімі.(сәукеле)

2.Түйе сүтінен жасалатын сусын. (шұбат)

3.Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын)


3.Қолөнер сайысы:

Қандай жақсы майысып тұрғандарың,

Тал бойына жиғандай өнер бағын.

«Ана көрген тон пішер» деген бар ғой

Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын.

(Әр түрлі табиғи материалдардан жасап әкеліп бұйымдарын ұсынады және сол бұйымдардың бір элементін жасап көрсетеді.)


4.Шаш үлгісі сайысы:

Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,

Бұрымын кейін серпіт тастауымен.

Жарасқан шашбаумен теңгелерім

Теңгенің кім біліпті дөңгелегін.

(Қыздар шаш үлгілерін жасап әкеліп, қорғайды.)

5. Ағаш көркі –жапырақ,

Адам көркі –шүберек.

Келесі сайысымыз сән үлгісі.

  • Бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

  • Сайыста белсенділік танытып , қатысқан қыздарға көп-көп рахмет. «Білімнің көгіне, өнердің шегіне жетіңдер!»

«Гүлдер әлемі» сайысы.

Қатысушылар: 6-8 сынып қыздары.

Байқау бөлімдері:

1. Таныстыру.

2. Сұрақ - жауап.

3.Қолөнер сайысы.

«Жайна, жайна, гүлдей жайна…». (Әр түрлі табиғи материалдан дайындап әкеліп, қорғау: аппликация, квиллинг, бисермен , былғарымен жұмыс, т.б.)

3. Шаш үлгісі.

4. Сән үлгісі.(Кез - келген стиль, 2 үлгіден кем емес).

Ескерту: барлық тур бойынша гүл элементтерін пайдалану.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее