Оқу ісінің меңгерушісі:________________
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 Мектеп: №148 МГ Сынып:1 А Күні: Мұғалім: Жошыбаева Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі |
Осы сабақта қол жеткізіле-тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.1.3 Геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру
|
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Геометриялық фигуралардың(үшбұ-рыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеуді және оларды салыстыруды үйренеді. Көптеген оқушылар:Жазық фигуралар мен кеңістік фигу-ралардың анықтамасымен танысады. Кеңістік фигуралардың жақтарын анықтауды үйренеді. Кейбір оқушылар:Геометриялық фигуралардың қабырға-ларын өлшеп сыза алғандықтан,жазық және кеңістік фигу-раларды модельдеу жұмысын жүргізе алады. |
Бағалау критерийлері | Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшейді. Гео- метриялық фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын салыстырады.Берілген өлшем бірліктері бойынша үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрышты өлшеп сызады. Жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды ажыратады. Кеңістік фигуралар-дың жақтарын табады. |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Геометриялық фи-гуралар:(шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, жақ, мм, см, дм) Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Геометриялық фигуралардың қажеті бар ма? - Ұзындықты қандай өлшем бірліктермен өлшейсіз? - Қабырғалардың ұзындықтарын қалай салыстырасыз? -Жазық фигураларды қалай анықтайсыз? -Кеңістік фигуралардың жазық фигуралардан қандай айырмашылығы бар? |
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық құндылықтарын дарыту. |
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек |
АКТ қолдану дағдылары | Видео ролик «Play.nis.edu.kz»; Флипчартта қаламмен геомет-риялық фигураларды сызып, қабырғаларын сызғышпен өлшеп көрсету, Smart тақтада орындалатын тапсырмалар |
Бастапқы білім | Геометриялық фигуралардың атауларын біледі. Олардың суреттерін сыза алады. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | Берілген уақыт |
Сабақтың басы 7 минут
Сабақтың ортасы 29 минут
Сабақтың соңы 9 минут Модельдеу
Рефлексия 3 минут
| Қызығушылығын ояту Балалар, назарларыңызды тақтаға аудар-саңыздар? -Тақтадан не көріп тұрмыз? -Геометриялық фигуралар -Жақсы -Сіздер осы фигурларды кезек-кезек рет-ретімен атап шығасыздар.Атаған фигура-ларыңызды ұмытпай есте сақтаңыздар. Себебі, сол бойынша топтасамыз. І топ – үшбұрыш ІІ топ – шаршы ІІІ топ – тіктөртбұрыш ІV топ – дөңгелек Төрт топқа топтасып отырады. Топ ере-жесін еске түсіреді. Оқушылар сабақ мақсатымен танысады. -Балалар, біз бүгін үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеп, сызып үйренеміз. Және жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды бір-бірінен ажыратып, жақ деген ұғыммен таныса-мыз.
Ширату тапсырмасы (Белсенді оқу) (ДЖ)«Диірмен» әдісі арқылы Әр оқушының алдына тапсырма тараты-лады. Тапсырмада геометриялық фигура-ның бір бөлігі кем. Сіздер қоршаудың ішінде тұрған фигуралардан жетпей тұр-ған бөлікті табасыздар және оны бояй-сыздар. Орындауға 3 минут уақыт беріле-ді.
Шаршы
Үшбұрыш
Тіктөртбұрыш
Дескриптор: Еш қате болмаса – шеңбер Бір қате болса – төртбұрыш Екі қате болса – үшбұрыш Уақыт аяқталғандажұмысты тоқтатып, назарларын интербелсенді тақтаға ауда-рады. Тақтадан дұрыс жауап шығады, оқушылар соған қарай отырып өз-өздерін геометриялықфигуралар арқылы баға-лайды.
(ҰЖ) Тыңдалым дағдысын қалыптастыру Электронды оқулықтан геометриялық фигуралар жайлы шағын ролик көрсеті-леді. Мақсаты: Өткен білімді қорытынды-лап өтеді. (ҰЖ) Жазылым дағдысын қалыптастыру -Балалар, осы геометриялық фигуралар-дың қабырғаларын өлшеудің қандай қажеті бар? Олай болса, үшбұрыштың қабырғасының ұзындығын өлшеп көрелік -Өлшеу үшін қандай құрал қолданамын? (Сызғышпен қалай өлшеу керектігі іс жүзінде орындатылып, түсіндіріледі.) Әр фигураның өлшем бірлігін фигураның қабырғасына жазып үйренеді. Дескриптор: 1.Шаршының бір қабырғасы өлшенді 2.Үшбұрыштың екі қабырғасы өлшенді 3.Тіктөртбұрыштың екі қабырғасы өлшенді. Бағалау Жұпта бір-біріңіздің дәптерлеріңізді Бағдаршам көздері арқылы тексеріңіздер.
(ҰЖ) Айтылым дағдысын қалыптастыру -Балалар, тіктөртбұрыш пен шаршыда айырмашылық бар ма? (жабық сұрақ) -Қандай? (Ашық сұрақ) -Дұрыс! Шаршының барлық қабырғалары тең болады. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары өзара тең болады деген анықтамаларды өздері айтып көреді. Негізгі мақсат өткен сабақты пысықтай отырып, жаңа сабаққа көпір орнату. (фигураны толықтырта отырып, анықта-масын айтқызу. Бұл фигуралар белгілі бір жазықтықта жатқандықтан оларды біз жазық фигуралар деп атаймыз.)
(ТЖ) (Бірлескен оқу); (Саралау) «Ой шақыру» әдісі, Венн диаграммасы 1.Балалар, алдыларыңыздағы ақ қағазға (конус, пирамида, параллепипед, текше)мына фигуралардыңтабанын сызып шы-ғыңыздар. Берілген уақытта төрт фигураның да табанын сызып үлгеріңіздер. 2. Шыққан фигураны қиып алыңыздар. 3. Мен берген фигурамен салыстыры-ңыздар. -Балалар, не байқадыңыздар? Әр топкөргендері бойынша қорытынды жасай-ды. Конустың үстел үстінен жоғары тұр-ғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасайды. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтады. -Қай фигураны қолмен ұстауға болады? (Ойларын айтады) Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасайды. -Балалар, тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болады? Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыс-тығын тексеру ұсынылады. Оқушылар шар мен цилиндрді айтуы мүмкін. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайта-лап көруге мүмкіндік беріледі және сыз-ғаннан пайда болған дөңгелекті көрсете-ді. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигура-сына жататынын айтып қорытындылай-ды. Кеңістік фигураның жақтарын анықтайды. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.
Венн диаграммасы арқылы жазық, кеңістік фигураларды салыстырады. (Әр топтан бір-бір оқушы шығады. І топ-жазық, ІІ топ-кеңістік, ІІІ топ-ұқсастығын ІV топ-тексеруші) Бағалау: Топтар бір-бірін отшашу арқылы баға-лайды. (Әр топ)
Оқулықпен жұмыс (ЖЖ)Оқу әңгімелері -Балалар, қандай тапсырма берілген деп ойлайсыздар? Иә, жасырын тұрған фигураларды өз мекеніне орналастырыңыздар. (Анықта-масын айтып, анықтауымыз керек.) Бұрын болған балаға осы фигуралардың жақтарын анықтау тапсырылады. Дескриптор: *Үшбұрыштың анықтамасын айтты *Тіктөртбұрыштың анықтамасын айтты *Шаршының анықтамасын айтты *Дөңгелектің анықтамасын айтты Бағалау: Топтар бір-біріне Басбармақ арқылы баға береді. Дәптермен жұмыс(ДЖ) (Саралау) Болған оқушыға:-Ұзындығын өлшей алатын фигуралар бар ма? Анықтаңыз. Бағалау Мұғалім дұрыс жауапты интербелсенді тақтада шығарады. Сол бойынша тексе-ріп дәптеріне геометриялық фигура белгісін қояды. (ТЖ) СТО (Оқушының танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру) (Бірлескен оқу және Белсенді оқу) Әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін. І топ: Сіріңке таяқшалары мен ермексаз-ды пайдаланып, жазық фигураларын жасайсыздар. (Тапсырманы орындау ба-рысында оқушылар жазық фигуралар туралы алған білімдерін қолдана біледі.) ІІ топ: Айналасын зерттей отырып, пі-шіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды тауып, сызасыздар. (Тапсырма-ны орындау барысында оқушылар жа-зық фигуралар туралы алған білімдерін елестете алады.) ІІІ топ:Суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құ-райтынын анықтайды.
(Тапсырманы орындау барысында оқу-шылар кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай біледі.) ІV топ: Берілген фигураларды топтарға бөліп, (жазық және кеңістік) әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сыза-сыздар. (Жазық-жасылмен, кеңістік-көк пен). (Тапсырманы орындау барысындаоқушылар фигуралардың типтерін ажырату дағдысын дамытады.) Нәтижесінде көрме ұйымдастырылады. Бағалау: Топтар бір-бірлерін смайликтер арқылы бағалайды. |
үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш дөңгелек суреттері
топ атаулары жазылған куветкалар
Г.Ф. бейнеленген тапсырмалар
Интербелсен. тақта (дұрыс жауап)
-өте жақ. -жақсы -нашар
Электронды оқулық
Флипчартта сызылған фигура, сызғыш
«5 ұпай» «4,3 ұпай» «2,1 ұпай»
Жазық фигуралар
Конус, пирамида, параллепипед текше, қайшы, қағаз
дөңгелек
Шар, цилиндр ?
оқулық
Интербелс. тақта г.ф.
-өте жақ. -жақсы -нашар
Сіріңке, ермексаз, таяқшалар
Жазық фигура
Кеңістік фигуралар бейнеленген суреттер
фигуралар
-өте ж. - жақсы - нашар
Стикер | 3 минут
4 минут
2 минут
3 минут
3 минут
10 минут
5 минут
3 минут
3 минут
6 минут
3 минут
|
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлаймын. Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырмын. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлаймын | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Қабілеті жоғары оқушыларға қор-шаған ортадан жазық фигураларға ұқсайтын кеңістік фигураларын тапқызамын. Үлгермей отырған оқушыларға жекелей барып көмек көрсетемін.
| Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындағанын бір-бірін топта «Бағдаршам», «Басбармақ» және «Отшашу» арқылы бағалауынан, өзін-өзі(геометриялық фигуралар) арқылы бағалауынан және кері байланыста«Вагондар» арқылы қадағалап отырамын. | Сергіту сәті (сымбаттылыққа байланысты және көз, қол жаттығуы) |