«Осень 2024»

"Ғажайып қыс" ұйымдастырылған оқу қызметі

Қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету мақсатындағы ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылан оқу қызметінің жоспары

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

31 «Күншуақ» МДҰ















«Ғажайып қыс»


(балабақша ішілік семинар)










Өткізген: Жубатова Р.Ж.
















2013 – 2014 оқу жылы

8 «Гүлдер» арнайы ересек тобында
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: қатынас, шығармашылық, әлеуметтік орта

Бөлімі: көркем әдебиет, сурет, қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Ғажайып қыс»

Мақсаты:

Білімділік: Қыс туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейінгі алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Ой-қиялын дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыпты және таза жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушы


Шаттық шеңбері.




Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Орманға саяхатқа шығу.




Артикуляциялық жаттығу. Тыныстау жаттығуы.




Саусақ жаттығуы.




Балалар ортаға шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.


Балалар орман ішіндегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, орманға саяхат барысында айналаға қарап қызығушылық танытты.

Машинаның даусын салады. Қар ұшқындарын үрлейді және қолдарын жылыту арқылы тыныстау жаттығуларын орындайды. Қарағай бүрімен саусақ жаттығуларын орындайды.



Іздену-ұйымдастырушы


Ғажайып сәт .


Қоянға көмектесу.

1-тапсырма: Ғажайып қыс көрінісін толықтыр.


2-тапсырма: Ғажайып қыс көрінісі бойынша әңгіме құрастыру.


3-тапсырма: Өнер әлемі




Саусақ жаттығуы: «Сәбіз салаты»


Қоянға кездесті.



Балалар қыс көрінісін ілгек, бау, лента, т.б. арқылы толықтырады.

Балалар толықтырған қыс көрінісі бойынша әңгіме құрастырады.


Балалар берілген заттарды пайдалана отырып жұмыс түрлерін жүргізді.


Өлең жолдарын қайталап, тәрбиеші нұсқауы бойынша жаттығуды орындайды.



Рефлексивті түзету:


Қыс туралы тақпақ айту.












Балалар өздері білетін қыс жайлы тақпақтарын айтып шықты.



Күтілетін нәтиже:


Білу:

Қыс туралы жалпы түсінік білді.


Игеру:

Саусақ жаттығуларын игерді.


Меңгеру:

Орманға саяхат барысында табиғаттың әсемдігін меңгерді.

























Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық, Әлеуметтік орта


Бөлімі: көркем әдебиет, сурет, қоршаған ортамен таныстыру


Тақырыбы: «Ғажайып қыс»


Мақсаты:

Білімділік: Қыс туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейінгі алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Ой-қиялын дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұқыпты және таза жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Тәрбиеші: - Айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше, балалар оқу іс-әрекетімізді бастамастан бұрын бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен тілек білдірейікші.


Шаттық шеңбері

  • Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан!

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз!


Тәрбиеші: - Өте жақсы тілектер екен. Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры тұрғандай әдемісіңдер. Балалар, біз бүгін табиғаттың әсемдігіне көз жеткізу үшін қысқы орманға саяхатқа шықсақ па деп ойлап тұрмын. Сендер не дейсіңдер, келісесіңдер ме? Саяхатқа шыққан ұнайды ма?


Балалар: - Келісеміз, ұнайды.


Тәрбиеші: - Бірақ балалар орман алыс қой. Орманға бару үшін ең алдымен көлік таңдап алуымыз қажет. (Балалар машинамен барғысы келетіндерін айтады.) Балалар тағыда ұмытып барамыз орманға бармас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсірейікші.


Балалар: - Орман ішінде ысқырып, айқайлауға, ағаштар мен бұтақтарды сындыруға, отты жағы тастап кетуге, қоқыстарды тастауға, құстың ұясын бұзуға, т.б. болмайды.


Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, яғни әдемілікті жоюға, қоршаған ортаны ластауға болмайды. Тонып қалмауымыз үшін жылы киімдерімізді киіп алайық. (бас киіммен шарфтарын тағып, машинаға отырады).


Артикуляциялық жаттығу: «Машина»


Тыныстау жаттығуы: - Қараңдаршы әдемі ұлпа қарларды. Қане, оларды үрлейікші. Ерінді алдыға созып, дөңгелектеп жай, ұзақ үрлейік. Менің қолым тоңды . Ал сендердің қолдарын тоңды ма? Қолдарын қайықша етіп жасап, аузына апарып дем шығарып, қолдарын жылытады.


Саусақ жаттығуы: қарағай бүрімен.


Тәрбиеші: - Ой, балалар, бұл ненің дауысы екен? Тез, тез, шырша жанына тығылайық.


Қоян: - Кім бар мұнда? (жыламсырап)


Бәрі: - Саламатсыз ба, қоянжан!


Қоян: - Саламатсыздар ма?


Тәрбиеші: - Қоянжан, сен неге көңілсізсің?


Қоян: - Менің сәбіз жегім келді, бірақ анам еңбекпен табу керек деді. Сонымен бірге мына тапсырмаларды берді. Бірақ мұның бірде-біреуін орындай алар емеспін (мұңаяды).


Балалар: - Қамықпа қоянжан, біз саған көмектесеміз.


Тәрбиеші: - Иә, иә, біздің балалар ақылды. Кәне, қолыңдағыны маған берші.


1-тапсырма: Ғажайып қыс көрінісін толықтыр.


Қоян: - Алақай, мен таптым (қоян аққаланың сәбіз танауын жемек болады).


Тәрбиеші: - Жо-жоқ, тоқтай тұр. Ол сен іздеген сәбіз емес. Біз әлі де болса еңбектенуіміз керек.


2-тапсырма: Ғажайып қыс көрінісі бойынша әңгіме құрастыру.


3-тапсырма: Өнер әлемі.


Саусақ ойыны: «Сәбіз салаты»

  • Сәбізді алып тазалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп, ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қант сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен «қант себеді»)

Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі, қол білезігін жоғары-төмен қозғайды)

Міне, дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған (сұқ саусағымен риза екендігін білдіреді).


Жасаған жұмыстары бойынша түсіндіру, тақырып қою.


Қоянға сәбіз беріп, қоштасу. Машинаға отырып, балабақшаға оралу.


Қорытынды: - Балалар, сендер бүгін орманға саяхат барысында қысқы табиғаттың әсемдігіне көз жеткіздіңдер, енді маған кім қыс туралы тақпақ айтып берер екен?




























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее