«Осень 2024»

Ғажайып ғарыш әлемі.

Ғарыш әлемі туралы балаларға мағлұмат беру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Мусиева Баянслу Абдуловна

КМҚК «Аққайың» ясли бақшасы

Атырау облысы ,Құлсары қаласы

ҰОҚ ТАҚЫРЫБЫ: « ҒАЖАЙЫП ҒАРЫШ ӘЛЕМІ »

«Ғажайып ғарыш әлемі»

Мақсаты:

Балаларға 12-сәуір ғарышкерлер туралы түсінік беру,ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып,алғаш самғаған әлемдік және Қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.Ғарыш әлемге деген қызуғышылық қабілетін арттыру. Балалардың патриоттық сезімін ояну.

Тәрбиеші:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты, Алтын сауле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз, Біз бақытты баламыз.

Тәрбиеші: -Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: - Көктем мезгілі. Тәрбиеші: -Ал, көктемнің қай айы? Балалар: - Сәуір айы. Тәрбиеші: -Сәуір айында қандай мерекелер бар? -Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір күні , биыл ғарышқа ұшқан күнге 56 жыл болды.Бүкіл халық мерекені тойлап жатыр.Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ: Жерде болсам тұрағым, Марсқа ұшып тұрамын. / ғарышкер /

Ғарышқа не үшін ұшады? -Ия,аспан әлемін,планетаны,жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады.Ия, ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде көптеген ғалам бар.Біздер қандай ғаламда өмір сүреміз?Біздер жер ғаламда өмір сүреміз. –Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? Балалар: -Ұшақ,тікұшақ, зымырын. Тәрбиеші: -Ия,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп – атаймыз. –Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты? -Юрий Гагарин. ( слайд) . Ал, қазақ жерлерінен кімдер ұшты? Тоқтар Әубәкіров , Талғат Мусабаев.( слайд). Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһарман- дары.Ол кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін, білімді , тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек .Ал, мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде жұлдыздар,шоқ жұлдыздар бар.Аспанда тағы нелер болады,балалар? Балалар : -Күн,ай бұлттар. Тәрбиеші: Қане, кім ғарышкерлер туралы тақпақ біледі екен ? 1.Көкке ұшамын, Ұшқыш болар баламын. Соңына ерем, Ер ғарышкер ағаның. Еркебұлан 2.Апта түгіл ай өтті, Ол ғарышқа ұшқалы. Снша неткен сай,епті, Снша неткен күшті әрі. Айсауле С 3.Бала бақшам «Аққайың Әлпештейді аялайды, Анамыздай апайым, Құшақ жая қарсы алады. Темірхан 4.Әли атты баламын Таудай менің талабым. Үлкен болып өскенде, Мен ғарышкер боламын. Әли М. 5. Мен ғарышкер боламын, Жұлдызға ұшып барамын. Жолын қуам атақты, Тоқтар сыңды ағаның. Абай. 6.Бүгің Юрий Ағаның , ұшқан күні ғарышқа. Мен аспанға қараймын, Мен ғарышкер боламын. Диас

Тәрбиеші : -Балалар , мына суретке назар аударыңдаршы,бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубакіров пен Талғат Мусабаев, тұнғыш ғарышқа ұшып ғарыш саласында қызмет жасады. Балалар,ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар?Ал ол үшін білімді,зерек ,күш-қайраты мол азамат болып өсулерің керек.Өйткені ,ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Ал,енді балалар ғарышкер әнің орындайық.

Ән « Ғарышкер».

Енді ортаға тақпақтарымен : 1.Көкке ұшамын, үшқыр болар баламын. Соңынан ерем ағаның, Ер ғарышкер ағаның, Батыр боламын. 2. Көк аспанды сүйемін, Жұлдыздарға барып-келіп жүремін. Мақтанышы даламның, Байқонырдың құшағы. Ұрпақтары ғаламның, Осы жерден ұшады. Айсауле Е. 3. Күлімдейді күміс күн, Құштарында көз тігіп. Кемесіне ғарыштың, Байқоңырда кезігіп. Сабина 4. Байқоңырдан ұшқанға, Барлық әлем қарады. Дос құшақтар аспанға, Көтеріліп барады. Нұрдаулет А 5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері «Тоқтар Әубәкіровке»: Алтын бесік тербеткен, «Байқоңырдан» аттандың. Ең алғашқы қазақтың Ғарышкері атандың. Мақтанады өзіңмен, Бүгінгінің баласы Мүмкін олар ертең-ақ, Ізбасарың болады. Жансая 6. Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа: Ғарыштың кеңістігін бағындырған, Үш жүзден артық онда тәулік болған. Бір емес үш қайтара сапар шеккен, Ер жүрек, батыр едің аға неткен?! Ел мерейін өсірген ерлігімен, Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен. Туған жерге оралған ел батырын, Ұмытпаймыз, қосамыз әнге атын. Әли Ғ

Сергіту сәті: Таңдай үлкен талабым, Мен бармақтай баламын. Көктің жүзін барлаймын, Мен ғарышкер боламын! Тәрбиеші: -Балалар , сендер де ғарышқа ұшқыларын келеме? Балалар: - Ия, ұшқымыз келеді. Тәрбиеші: -Ендеше, мына зымырынға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? Балалар: -Төртбұрышқа,шаршыға,үшбұрышқа,дөңгелекке.

Ойын: «Зымыранды құрастыру»
Мына жерде бөліктер бар, оны құрастырып зымыран шығару.

Сабақты қорытындылау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды белгілеу.Мақтау арқылы көңіл-күйлерін көтеру.

14.04.17ж.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее