Леңгер қаласындағы «құлағы нашар еститін мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Ғажайып дыбыстар»
А Б ББ
Б В
В
Сурдо-педагог: Тойлыбаева Гауһар Сердалықызы
Тақырыбы: «Ғажайып дыбыстар»
Мақсаты: Оқушылардың дыбысын қадағалау, танымдық қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту.
Коррекциялық мақсаты: Есту, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: ғажайып алаң, шарлар, кеспе қағаздар, суреттер, видеороликтер.
Барысы: Оқушыларды түгелдеу
Оқушыларды орындарына орналастыру, топтарға бөлу.
Жүргізуші: Ғажайып әріптер бар таңғажайып.
Сырын ашсақ , олар да болмас ғайып.
Қане достар тұрмайық босқа қарап,
Әріптерге қарайық түрлі ғажап.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар. Бүгінгі 8- сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған «Ғажайып әріптер» кешіне қош келдіңіздер!
Бүгін біз «Ғажайып алаң» ойынын ойнаймыз. Әр айналымға 3 оқушыдан қатысады.
Ойынның шартымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Қатысушылар Дөңгелек алаңды айналдырады. Дөңгелек бағыты қай әріпті нұсқаса және сол әріп жанындағы сан берілген. Қанша сан түссе сол әріптен келетін сонша сөз айту керек. Егер сөз саны толық болмаса, сол ойыншы ойыннан шығады.
Бүгінгі « Ғажайып әріптер» сайысына қазылық ететін ұстаздармен таныстырып өтейін:
1. Кәкежанова Гүлсім апай.
2. Есмұрзаева Қаракөз апай 3. Шынәлі Тоты апай
Олай болса бастайық,
Қобалжып еш саспайық !
Сәттілік тілеп достарым,
Ел сенімін ақтайық!
1. кезең
Ұсынылған әріптер:
А-9 Б-5
П- 4
Т-8
Д-7
Ж-6
С-5 М-7
Қ- 8
Екінші кезең.
Шоколад жұмырткаларында буындар жасырынған . Әр қатысушы берілген буыннның жұбын іздеп тауып жұптасады. Қай қатысушы бірінші болып жұптасса, сол жұп жеңімпаз атанады.
Жасырынған буындар:
ба қыт на ша шыр ла қа ша
Музыкалық сәлемдеме
------------------------------- орындауында ------- әнін қабыл алыңыздар!
Құрметті оқушылар осымен «Сиқырлы әріптер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Алда келе жатқан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі құтты болсын. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Жеңімпаздарды марапаттау.
Жарысты қорытындылау.