Солтүстік – Қазақстан облысы
Аққайың ауданы
Қайырбек Оразов атындағы
Аралағаш орта мектебі
Физика және математика пәні мұғалімі
Мейрманова Ғалия Маратқызы
7-сынып Физика пәні бойынша қысқамерзімді жоспар
Тақырыбы | Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы | ||||
Жалпы мақсаты: | Паскаль заңын түсіну. Сұйықтармен газдар молекулалары қозғалысының ұқсастығын табу. Салыстыру талдауын жасай білуге үйрену Сипаттамалық ерекшеліктерін табуды үйрену, шыдамдылыққа, өзара әрекеттестікке үйрену | ||||
Күтілетін нәтижелер | 1.Қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда қысымның берілу табиғатын біледі, практикалық тапсырмаларды орындау барысында пайдаланады; 2.Паскаль заңын тұжырымдай алады және өткен тақырыпқа негізделіп айналадағы құбылыстарды түсіндіре алады; 3.Жалпы сыныппен, жұппен бірлескен жұмысқа үйренеді; 4.Тақырып бойынша зерттеушілік диалог жүргізуді біледі. | ||||
Сабақ кезеңі (уақыты) | Жұмыс түрі | Мұғалімнің әрекеті
| Оқушының әрекеті | Блум таксономиясы | Пайдаланатын модуль |
Ұйымдастыру (1 минут) | Жалпысыныптық | Сыныпта жұмыстық, жағымды ахуал орнатады | Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалады |
|
|
Білімді өзектендіру
(5минут)
(6 минут)
| жеке жұмыс
| 1.Слайдтағы жауаптардың соңын көрсетеді. Сұрақтың басын тұжырымдап, сұрақ қоюды ұсынады | Жауаптың соңы бойынша , сұрақты тұжырымдайды | Білу, түсіну, талдау | СТО, АКТ |
жұппен жұмыс
| 2.Суреттер береді, салыстырып өткен тақырыппен байланыстыруды ұсынады | Суреттерді салыстырып, қысымның әсер ету ауданына тәуелділігін айтады | Білу, түсіну, талдау | СТО, диалогтік оқыту | |
топпен жұмыс
| 3.Проект жасауды ұсынады «Ағаш білеушенің үстелге түсіретін қысымын зерттеу» | Проект жасайды: А) гипотеза ұсынадды В) жоспар құрады С) жұмысты орындайды Д) қорытынды жасайды | Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау | Оқытудың жаңа тәсілдері, көшбасшылыққа үйрету | |
Ой сергіту (1минут) |
| 1-50 дейін жұп сандарын кезекпен айту |
|
|
|
Тақырыпты анықтау, мақсат қою (3 минут)
| Жалпысыныптық | Терминдер көрсетеді: А) қатты денлердегі қысым, формуласы В) кысымның өлшем бірлігі С) қысым беттің ауданына тәуелді Д) сұйықтар мен газдардағы қысым Е) Паскаль заңы | Терминдер бойынша сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын анықтайды
| Түсіну, талдау, синтез | СТО |
Дәптермен жұмыс (1минут) | Жалпысыныптық |
| Дәптерлеріне күнін, сабақ тақырыбын жазады
| Білу |
|
Сұйықтармен газдар молекулалар қозғалысының ұқсастығын табу (1 минут) | Жалпысыныптық | Сұрақтар қояды, молекулалар қозғалысындағы ұқсастығын табуға көмектеседі | Сұйықтар мен газдардың қасиеттерін атап береді |
|
|
Кинометафора (7 минут)
| Топпен жұмыс (екі топқа бөлек үзінділер) | Видеоүзінді көрсетеді, не туралы, не түсінгендерін сұрайды | Видеоүзіндіден сұйықтар мен газдардағы қысым қалай берілетінін түсінеді, айтады | Түсіну, талдау, қорытындылау | СТО, проблемалық оқыту, көшбасшылыққа үйрету |
Қорытындылау (5 минут) | Жалпысыныптық | Қорытынды жасауға көмектеседі | Газдар мен сұйықтарға берілген қысым оның әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі деген қорытынды жасайды | Түсіну, талдау, қорытындылау | СТО, проблемалық оқыту |
Дәптермен жұмыс (1минут) | Жалпысыныптық | Паскаль заңын дәптерлеріне жаздыртады | Дәптерлеріне оқулықтағы §44-тен Паскаль заңын тауып алып, оқу, жазып алу | Әдебиетпен жұмыс |
|
Үй жұмысы (1минут) |
| Үйге берілген кестені қалай толтыру керектігін түсіндіреді | Сұрақтар қояды |
|
|
Жетістіктер парағын толтыру (3минут) | Жеке | Мақсаттар жазылған парақтарын таратады, қалай толтыру керектігін түсіндіреді | Сабақ мақсаттарына жеткендерін немесе талпынғандарын белгілейді | Өз-өздерін бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Бағалау, рефлексия (3минут) | Жеке | Өздерін , көршілерін бағалауды ұсынады | Өз-өздерін, көршілерін бағалайды |
| СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Ресурстар | Слайдтар, видеоүзінділер, кестелер, суреттер, жетістіктер парақтары |
Сабақты жоспарлау, бақылау және талдау кестесі
Пәні: физика
Зерттеу тақырыбы: Топтық , жұптық жұмысында шығармашылық сипаттағы тапсырмалар арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру
Lessonstudi топ мұғалімдері: Мейрманова Ғ.М. –физика және математика пәні мұғалімі І деңгей
Мухамадиева Р.К.- география пәні мұғалімі сертификатталмаған
Кантарбаева Ж.Қ. –химия және биология пәні мұғалімі І деңгей
Сабақ кезеңдері | А оқушы: Мериза | В оқушы: Анель | С оқушы: Балтабай | Ескертулер, сұрақтар, толықтырулар (жетілдіретін тұстар) | |||||
Күтілетін әрекеттер мен жауаптар | Бақылау нәтижесіндегі әрекеті мен жауабы | Күтілетін әрекеттер мен жауаптар | Бақылау нәтижесіндегі әрекеті мен жауабы | Күтілетін әрекеттер мен жауаптар | Бақылау нәтижесіндегі әрекеті мен жауабы |
| |||
1. ұйымдастыру |
|
|
|
|
|
|
| ||
2. Білімді өзектендіру (сұрақ құрастыру) | Жауаптарды жылдам оқиды, басын табады, сұрақты құрастырады |
| Жылдам оқиды, жауап басын табуға ойланады, сұрақ қоюда қиналады |
| Жылдам оқиды, жауап басын айталмайды, сұрақ құрастыра алмайды |
|
| ||
3.Суретпен жұмыс (жұпта) | Белсенді жұмыс істейді, өз ойын айтады, өз жұбына көмектеседі, көшбасшы болады |
| Баяу жұмыс істейді, кейде сөйлейді, ой тұжырымдауға көмектеседі |
| Өз ойын айтады, сөйлейді, бірақ өз-өзіне сенімді бола алмайды |
|
| ||
4. Проект жасау | Жоспар бойынша нақты, жылдам жұмыс істейді, қорытынды жасайды, топта көшбасшылық-ты өз қолына алады |
| Көшбасшы бола алмайды, өз-өзіне сенімсіз, білгенін айтпайды |
| Белсене жұмыс істейді, бірақ әрекетінде нақтылық жоқ |
|
| ||
5. Тақырып-ты анықтау, мақсат қою
| Тақырыпты тез анықтайды, мақсат қоюда белсенділік танытады |
| Тақырыпты аша алады, бірақ мақсаттар қоюда қателеседі |
| Тақырыпты ашуда қатысады, мақсат қоя алмайды |
|
| ||
6. Сұйықтар-мен газдар молекулалар қозғалысының ұқсастығын табу | Сұйықтар-мен газдар молекулалар қозғалысының ұқсастығын тез табады, айтады |
| Біледі, бірақ баяу жұмыс істейді |
| Ұқсастығын айта алмайды |
|
| ||
7. Киномета-фора
| Топта белсенді жұмыс істейді, ойын айтып отырады, көшбасшы болады, дұрыс түсіндіреді |
| Топта белсенді жұмыс істейді, ой қосады, бірақ ортақ шешімін айтуға батылдық көрсетпейді |
| Топта белсенді, ой қосып отырады, бірақ жақсы оқитын оқушылар-дың ойымен келісіп отырады |
|
| ||
8. Қорытын-дылау
| Дұрыс, жылдам тұжырымдай-ды |
| Түсінеді, бірақ өз ойын айтуға қорқақтайды |
| Дұрыс тұжырым-дай алмайды |
|
| ||
9. Жетістік-тер парағын толтыру | Жылдам ,әділ бағалайды |
| Жылдам , сенімсіз толтырады |
| Баяу толтырады, көп ойланады |
|
| ||
Рефлексия | Әділ, нақты бағалайды
|
| Сенімсіз бағалайды |
| Әділ бағалайды |
|
| ||
Қорытынды Ұсыныстар |
| ||||||||
| |||||||||
| |||||||||
| |||||||||
| |||||||||
|
Суреттерге қарап не айтар едіңдер?
Суреттерге қарап не айтар едіңдер?
Суреттерге қарап не айтар едіңдер?
Кестені толтырыңдар:
Заттың күйі | Молекулалар қозғалысының белсенділігі | Қысымның берілуі (бағыты) |
Қатты |
|
|
Сұйық |
|
|
Газ |
|
|
Зерттеу проектісі
Тақырыбы: Ағаш білеушенің үстелге түсіретін қысымының тіреу ауданына тәуелділігін зерттеу
Жоспар:
Гипотезаны тұжырымдаңдар:
Неғұрлым............................................................................., соғұрлым................................................................болады.
Есептеу үшін қажетті формуланы табыңдар:
Формула бойынша есептеу үшін қажетті шамалар кестесін құрыңдар:
№ |
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
Гипотезаға сәйкес қорытынды жасаңдар
Сабақ мақсаттары | Жеттім | Талпындым |
Қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда қысымның берілу табиғатын білу |
|
|
Практикалық тапсырмаларды орындау барысында пайдалану |
|
|
Паскаль заңын тұжырымдай алу |
|
|
Топпен , жұппен бірлескен жұмыс істеу |
|
|
Тақырып бойынша зерттеушілік диалог жүргізу |
|
|