

Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға Электронды кесте туралы түсінік беру;
- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушыларды азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулу.

- Сабақтың түрі: жаңа сабақ Пән аралық байланыс: Математика сабағымен байланыс Сабақтың көрнекілігі: компьютер құрылғысы, суреттер. Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу. 2. үй тапсырмасын тексеру 3. жаңа сабақ







- Excel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы – кестеде тік төртбұрыш пішімді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2. Excel бағдарламасы кестеде ұяшықтары ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшелінетін ұяшықты шертіп пернесін басып тұрып, ерекшелінетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.

- Пішім – Жол. Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажет мәнге ауыстырамыз:

- Пішім – Баған. Ені қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге керек мәнге ауыстырамыз.

- Стандартты құралдар үстелінде Жаңа құжат батырмасын шерту;
- Ctrl + N пернесін басу арқылы;
- Файл мәзірінің Жаңа құжат, содан кейін оң жақта пайда болған беттен Таза кітап таңдау керек.




- 1. Сан – ұяшықтар деректерінің пішімін өзгертуге мүмкіндік береді.

- 2. Туралау – ұяшық мазмұнан туралау параметрлерін белгілейді.

- 3.Қаріп – қаріп параметрлерін белгілейді.

- 4. Жиек – ұяшық жиектерінің параметрлерін белгілейді.

- 5. Әшекейлеу – ұяшықтың боялуын белгілейді.



- 1. Қазақ тілі деген тақырыбы бар баған ұяшықтарын бөлектеп алыңыз.


- 3. Ерекшеленген бағанда тізімді ашудың сұр түсті батырмасы пайда болады. Оны шертіңіз.

- 4. Ашылған тізімнен “Есептелмеді” деген мәнді таңдап алыңыз. Кестеде сынақ ала алмаған оқушылардың аты жөні ғана көрініс табады.

- 5. Кестені бастапқы түріне келтіру үшін, Деректер мәзірінде Сүзгі – Бәрін көрсету дегенді таңдаңыз

Оқушылардың білімдерін бағалау