Күні: 22.02.2018 ж. | Сабақ № 46
| Пәні: Физика | Сыныбы : 8 А | Пән мұғалімі: Серикбаева Н. А. | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Есептер шығару “Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы” | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік:
| |||||||
Әдіс-тәсілдері: | Блум таксономиясы, қарлы кесек, екі жұлдыз бір тілек, Пазл әдісі | |||||||
Құндылықтар-ды дарыту | Күнделікті өмірде тұрмыста жиі қолданылып жүрген электр аспаптарының қуатын түсіну және электр энергиясын үнемдеу жолдарымен танысу | |||||||
Ақпарат көздері: | 8-сынып «Физика» оқулығы, bilimland.kz
| |||||||
Пәнаралық байланыс | Алгебра- графикті ескере отырып, қай кезде энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді графиктен көрсетеді. | |||||||
Сабақтың түрі: | Бекіту сабақ | |||||||
Жұмыс түрлері: | Топтық, жеке, жұптық | |||||||
Сабақтың көрнекіліктері | Интербелсенді тақта, компьютер, тақырыптық слайдтар, үлестірме материалдары. | |||||||
Бағалау түрлері | Оқыту үшін бағалау: мұғалім мадақтауы, бірін-бірі бағалау | |||||||
І - сабақтың басы | ||||||||
| Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Формативті бағалау | ||||
1-қадам. Ұйымдастыру |
6 мин | Оқушылармен амандасамын. Түгендеймін. Олардың сабаққа деген ынтасын және дайындығын тексеру және сергіту мақсатында оқушыларға электр тарауы бойынша Пазл құрастыруды тапсырамын
| Оқушылар ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды. Пазл әдісімен тапсырманы орындау арқылы өтілген тақырыптарға шолу жасайды | Мұғалім мадақтауы | ||||
2-қадам. Үй тапсырмасын тексеру. Жұптық жұмыс. Физикалық диктант | 5 мин | Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушылардан физикалық диктант аламын. интербелсенді тақтадан жауабын көрсетемін. | Оқушылар жанындағы оқушының жауаптарын тексеріп, бағалап отырады. | Мұғалім мадақтауы
| ||||
3-қадам. ТҮСІНУ. Бейнежазба көрсету | 1 мин | Оқушыларға бейнеролик көрсетемін | Оқушылар түйінді мәліметтерді дәптерге жазып отырады
| Мұғалім мадақтауы
| ||||
ІІ - Сабақтың ортасы | ||||||||
4-қадам. Жеке жұмыс. ҚОЛДАНУ.
| 3 мин | Ток жұмысы мен қуаты жайлы суретте берілген есептерді ауызша шығартамын. | Оқушылар суретке қарап мәндерін шығарады | Мұғалім мадақтауы
| ||||
5-қадам. Жеке жұмыс ТАЛДАУ.
| 15 мин | Оқушыларға есептер таратамын. Есебі шыққан оқушыны тақтаға шығарамын | Оқушылар таратпа материалдағы есептерді шығарады | Мұғалім мадақтауы
| ||||
III - Сабақ соңы | ||||||||
6-қадам. Топтық жұмыс. СИНТЕЗ. “Қарлы кесек” әдісі | 5 мин | 3 топтан оқушылар шығарамын. Олардың көзін орамалмен байлаймын | Оқушылар қағазға сұрақтар жазып, лақтырады. Оқушы алдында кездескен бірінші сұраққа жауап береді | Мұғалім мадақтауы
| ||||
Кері байланыс “Екі жұлдыз, бір тілек" | 2 мин | Оқушылар сабақ жайлы пікірлерін айтады | ||||||
Үйге тапсырма: | 1 мин | V тарауды қайталау | ||||||
Бағалау :
| 1 мин | Оқушылар бірін-бірі бағалайды | ||||||
Рефлексия | 1 мин | Жалпы сабақ жайлы өз ойларын стикерге жазып, әр түрлі қоржындарға іледі | ||||||
Пән мұғалімі: | Серикбаева Н. А. | |||||||
Оқу ісі меңгерушісі: | Тегимбаева С. М. |
Тапсырма 1
Тапсырма 2
Физикалық диктант
1) Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы ............ деп аталады.
2) Электр өткізгіштерін жалғаудың .................... түрі бар. Олар ................... және ................... .
3) Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал .................. деп аталады. 4) Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын .......................... деп атайды. 5) Қыздыру шамдарын жетілдірумен ...................... , ............................. және т.б. айналысты. 6) Қысқа тұйықталу кезінде өртті және ток көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне ...................................................... қосу керек.
Тапсырма 3
А)Электр тогының қыздыру шамы арқылы өткенде атқарылған жұмысты есептеңіз.
В) 230 В кернеу көзіне қосылған тоңазытқышта қандай жұмыс атқарылды?
Тоңазытқыш 5 минут бойы жұмыс атқарды. Осы уақыт ішінде жасалынған жұмыс кДж.
Критерий
Тұрақты тоқтың қыздыру шамы арқылы өткенде атқарылған жұмысын анықтау.
Дескриптор
Оқушылар
-сызба мен суреттен тоқ күші,кернеу,уақыт мәнін анықтайды.
-тұрақты тоқтың жұмысын анықтайды.
-тоңазытқыш қуатын анықтайды.
- 230 В кернеу көзіне қосылған тоңазытқыштың жұмысын анықтайды
-тұрақты тоқтың тоқ күшін табады.
Жеке жұмыс. «Графикті талдау» әдісі.
Графикті ескере отырып, қай кезде энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді табу. Содан соң 21 наурыз кезінде қолданылатын энергияға қанша төлейтіндіңізді есептеңіз.
Критерий
Энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді табу.
Дескриптор
Оқушылар
- графикті ескере отырып, қай кезде энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді табады
-энергия үшін төленетін қаржының теңгемен есептегендегі мөлшерін есептейді.
Тапсырма 4
Өткізгіш арқылы 40 Кл заряд ағып өткенде электр тогы 200 Дж жұмыс жасайды. Осы өткізгішке түсіп тұрған кернеуді табыңдар
Қуаты 25 Вт ток 10 мин ішінде жасайтын жұмысын табыңдар
Кедергісі 100 Ом, реостат тізбегінен 2 А ток өткенде, 1 сағат уақыт ішінде қандай жылу мөлшері бөлінеді?
Кернеуі 220 В резеткаға қосылған электр плитадан 3.5 А ток өткенде 690 кДж энергия бөлініп шығады. Плитка желіге қанша уақыт бойы қосылған?
Көтергіш кранның электр двигателі 380 В кернеумен жұмыс істейді. Оның орамындағы ток күші 20 А. Егер массасы 1 т жүкті кран 50 с ішінде 19 м биіктікке көтеретін болса, қондырғының ПӘК – і қандай?
Кедергісі 6 Ом және 10 Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші резисторға түсетін кернеу 20 В болса, онда 2 мин уақыт ішінде әрбір резисторда қандай жылу мөлшері бөлінеді?