«Осень 2024»

«Досыңның есімі кім?»

Мақсаты: Білімділік: Балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту,досыңның есімі кім. Дамытушылық: Оқушыларды тәкәпарлықтан,өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки



Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №2 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің ұстазы Б.Е.Зинекешованың сабақтан тыс іс-шарасы. 02.02..2017 ж .Тақырыбы: «Досыңның есімі кім?» Танымдық сабақ/треннинг
Мақсаты: 
Білімділік: Балаларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту,досыңның есімі кім. 
Дамытушылық: Оқушыларды тәкәпарлықтан ,өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. 
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. 
Міндеттері: 
- Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйретуге; 
- Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; 
- Татулыққа, достыққа,бірлесуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. 
Түрі: аралас  сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,Топқа бөлу, «Жалпылама» тренингі,сәлемдесу , тренниктер,мақал жалғастыр, «Кел,ән шырқайық», жүректен-жүрекке, «мәтінмен жұмыс» Псостер қорғау «менің досым» ,ойындар.
Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, «Жағдаятты шешу», нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, мәуелі ағаш «Нағыз дос», жүрекшелер,жүректен-жүрекке

Достық-өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес. Аристотель
Барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Амандасу, түгендеу,топқа бөлу. «Адал», «Шыншыл», «Сезімтал». ІІ.Сәлемдесу.

Оқушылар хормен:

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

ІІІ. Жалпылама сұрақ : треннинг

Сәлем дос (қолды беру)

Сен қалайсың? (арқасын қағады)

Мен сені сағындым (жүректеріне қолдарын апарады)

Сен міне келдің (құшағын жаяды)

Келгенің тамаша болды (құшақтасады)

ІV. Достар «Ережесі» әрбір баланың бойынан табылатын қасиеттер барлығы бірге қайталайды.

V. Тақырыпты ашу сұрақтары.  «Досыңның есімі кім?»
 
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 
2. Досың бар ма? Ол кім? 
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 
4. Достық жасқа байланысты ма? 
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 
8. Дос қандай болу керек? 

V!. Мақал-мәтелді жалғастыр?

1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан......................(көзіңе мақтар)

2.Досыңа күлме келер ......................................(басыңа)

3.Доссыз адам тамыры жоқ ..............................( ағашпен тең).

4.Досқа күлкі қылма, дұшпанға..........................(таба қылма)

5.Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен ............................................................( сыйлас)

6.Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғанан ................................ (сақтан)

7.Ақылсыз достан, ақылды .................................(дұшпан артық.)

8.Дос басқа қарайды,

Дұшпан.................................................................... ( аяққа қарайды).

9.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті.......................................................(дау алмайды)


VІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді смайлктерге жазып , барлық жақсы және жаман теріп алып , ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау және т.б. )

VІІІ.Мәтінмен жұмыс Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: 
-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: 
-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: 
- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. 
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: 
- «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. 
Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды. 
-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? 
- Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі». 

ІХ. «Кел ән шырқайық»тынығу сәті. «Достар»әні

X. Жағдаяттан шығу.
1. Жақсы дос 
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. 
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. 
Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 
2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... 
- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 
3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... 
- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 
4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. 
Жанар кетті алға тез, 
Алды-артына қарамай, 
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз 
Айтуға да жарамай! 
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?¯ 
Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым «кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады. 
Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік.

 ХІ.Шапшаң ойын «Ия мен жоқ

Достық біреуге жымиғанан бастала ма?

Достық біреуді қорғағанан басталады ма?

Достық біреудің бағынан алма ұрлағанан бастала ма?

Достық бір –біріне зат бөлісуден басталады ма?

Достық біреуді итеріп құлатқанан басталады ма?

Достық біреудің машинасын жөндегенен басталады ма?

Достық төбелескенен басталады ма?

Достық мазақтағанан басталады ма?

Достық сыпайы болудан басталады ма?



XІІ. Постер қорғау «Менің досым»

ХІІІ.Шығармашылық жұмыс /әр топ «Достар туралы өлеңдер»оқиды дайындап келген .

ХІV. «»Жалғастырып көр ойыны .

А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені....................

Ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...............

Б) Сыйластық бар жерде.......

ХІV.Жүректен-жүрекке /рефлексия/ жүректерге өздерінің достарына тілектерін аитып жазады. Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі–түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды, соны алайық.Қызыл –адамгершілік, сары–адалдық, қызғылт–мейрімділік, көгілдір–сүйіспеншілік, жасыл–әдептілік, көк–ізеттілік, ақ–қайырымдылық

Қорытынды: 
• Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. 
• Досыңды алдамай, оған адал бол. 
• Досыңды қорлама. 
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. 
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына. 
• Досыңның кемшілігін кешіре біл. Осы қасиеттер бойларыңызда дари берсін. Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Адал достық–өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, сондықтан балалар адал достықты таба біліңдер. Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар. Бүгінгі сабақтан тыс сабағымызды қортындылай келе, сендерге тек қана шын дос тілеймін.Өздерің де нағыз бола біліңдер.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее