Domestic Animals. Үй жануарлары
Ересек топтарында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің сабақ жоспары
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Domestic Animals\ Үй жануарлары
Мақсаты: «Domestic Animals» тақырыбын енгізе отырып, балаларға ағылшын тілінде үй жануарлардың аттарын атауға үйрету.
Б.М.: Сөздік қорларына жаңа сөздер енгізу.
Д.М.: Әр түрлі дидактикалық – үйрету тапсырмалары арқылы балалардың ерікті есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту.
Т.М.:Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: ойыншықтар, дидактикалық қима - қағаздар, үй жануарларының суреттері. CD плейер
Полилингвальді компонент: қазақ тілі - ағылшын тілі.
Іс - әрекет кезеңдері
Ұйымдастырушылық
Warm - up!
Педагогтің іс - әрекеті
- Good morning, children!
- I’m very glad to see you!
How are you?
Ойын «Сиқырлы микрофон»
Балалар шеңбер құрып отырады. Мұғалім қолына микрофон ұстап оның сиқырлы екендігін айтады. Шеңберді айнала мұғалім қолындағы микрофонды кез – келген балаға ұсынады. Микрофонды алған бала өзін – өзі таныстыру керек.
Үлгі: - Hello!
I am glad to see you!
My name is Arman.
My surname is Ibraev.
Ізденушілік
Мұғалім үй жануарларының суретін көрсетіп, жаңа сөздермен таныстырады.
A sheep - қой
A dog - ит
A horse - ат
A cow - сиыр
A hen - тауық
A cat - мысық
Мұғалім сұрақ қояды. Бұл не? Жануарлардың суретін көрсетіп. What is it? - It is a dog
Ән «Twinkle, twinkle little star?»
Мұғалім бірнеше рет қайталайды.
- Twinkle, twinkle little star
How I wonder what you are
Up above the world so high
Like a diamond in the sky!
Ойын «What is missing?»
Мұғалім балаларға көздерін жұмуын сұрап, бір үй жануарын тығып қояды. Балалар көзін ашқанда қай үй жануардың жоқ екенін айтады. Балалар ағылшынша атын айтып табулары керек.
Түзету – қорытынды бөлім: мұғалім өтілген тақырыпты балаларға сұрақтар қою арқылы қайталайды.
Мұғалім балалармен, балалар мұғаліммен үш тілде қоштасады. Good bye! See you next lesson!