«Зима 2025»

Доклад по технологии

Очень хороший доклад. Про историй казахского война.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Батыс қазақстан обылысы. Зеленов ауданы. Новенький ауылы. Новеньков орта жалпы білім беретін мектеп.



Баяндама

Тақырыбы: Ұлттық жәдігерлерімізді жаңғырту, жалғастыру біздің міндетіміз.

Дайындаған: Технология , бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі Муканалиев Бейбіт Маратұлы.

2016-17 оқу жылы.





































«Қазақстан - 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айырықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз....

Қ Р президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.

1.Еліміздің тәуелсіздік алуымен қазақтың өткен тарихына, әскери өнерінің, қару – жарағының тарихына деген қызығушылық арта түсуде. Сол көне жәдігерлерімізді жоғалтып алмай, өскелең ұрпаққа насихаттау, ұстаздардың ғана емес, бүкіл қазақ халқының міндеті. Қазақ халқының қолөнері көне заман тақырыбымен дамып, біте қайнасып, мирас болып қалған баға жетпес бай қазына.Сондай ұлтымыздың өнер туындыларын оқушыларға мұражайлардан, кітаптардан көрсете отырып халқымыздың тұрмысымен түпсіз терең тарихымен таныстыру.Оқушыларға өз халқының мәдениетін терең, жан- жақты үйрену, қолөнерге құрметпен қарау, қадірлей білу, ұлтжандылық пен еңбекқорлыққа үйрету, ол біздің міндетіміз.

Еркіндікті аңсаған ата-бабамыз, батырлығымен бес қаруы арқылы ұлтарақтай даламызды қорғап, осы күнге жеткізді. Сол себепті батырдың дулыға, сауыт және қару-жарағын оқушыларға насихаттай отыра тарихымен таныстыру. Еліміздегі этнографиялық мұражайларындағы оюмен көмкерілген, кең дала төсінен табылған қару- жарақ, киімдері қазақ халқының мәдени өмірінің шежіресі дейміз.Қазақтың дәстүрлі қару-жарағын еліміздің көптеген этнограф-тарихшылары зерттеп келеді.Соның ішінде ең алғаш зерттеген қазақ ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов болатын. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі қару-жарағының тарихын, формалары мен түрлерінің қалыптасу тарихын нақтауда көшпелі халықтардың өздері тудырған бейнелеу өнері ескерткіштері – балбал тастар мен әр замандағы тасқа салынған петроглифтер, Қазақстанды мекен еткен көшпелі халықтармен әр заманда көршілес болған қытай, иран, орыс, түрік, монғол т/б. халықтардың өнер туындыларынан көруге болады.Қазақтың дәстүрлі қару – жарағын – «ер қаруы – бес қаруды » қорғанудың немесе атыс-шабыстың құралы ретінде ғана қарастыру тым жеткіліксіз. Өйткені, мұндай ұстанымның ақыры дәстүрлі қару-жарақты түптеп келгенде жеке тұлғалар – батырлардың қарулары дегенге ғана сыйдырады.Осыған орай мектеп қабырғасында оқушыларға қазақтың жауынгерлік қару – жарағы туралы танымы мен түсінігін кеңейтіп, ұмытылып бара жатқан қазақтың кәсіби қолөнерін бойларына сіңдіре білсек ұтарымыз көп.Жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан тұрмыс – салтымен, өмірімен, соның ішінде қару-жарақтың жасалу тарихымен таныстырып, олардың үйірме жұмыстарында немесе еңбек сабағында икемділігі мен шеберлігін, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру мақсатында «Жауынгерлік қару-жарақ және қосалқы бөлшектері» деген тақырып бойынша 11сынып және 7сынып оқушылары «Ұлттық қолөнер» атты үйірмесінде жұмыстанды.Ұлттық қолөнерді дәріптеу мақсатында, технология сабағында «металды өңдеу» тарауы бойынша 9сынып оқушылары батырдың дулыға - сауытын жасай отырып, ерекше ою-өрнек арқылы безендіріп, шекімдеу әдістерімен танысты.Осындай ұлттық тәрбие нәтижесінде үйірме және еңбек сабақтарында оқушылар өзіне мынадай дағдылар қалыптастырады: * Ізденімпаздық; *Шыдамдылық; *Іскерлік; *Рухани мәдениет; *Отан сүйгіштік.

1.2. Егерде қазақтың дәстүрлі қару – жарағының этнографиясымен танысатын болсақ әр ру-тайпалардың өзіне сай қару-жарағы, жауынгерлік киімімен қосалқы бөлшектері болған. Сол себепті өзіміздің мектеп қабырғасында оқушылармен бірге жасаған қазақ батырының қару-жарағы соның бір айғағы.Қару-жарақты жасамас бұрын шығу және жасалу тарихымен танысып,әр рудың қару-жарағын зерттейміз.Себебі біз жасаған қазақ батырының қару-жарағы әр рудан алынған, бірақ та ру атауы бөлек болса да, тегі қазақ, яғни біз қазақ батырының қару-жарағын жасап шығардық. Ол өнер туындысын жасамас бұрын оның бір тұтас классификациялық сұлбасын жасап алуымыз шарт.

Қазақ қару – жарағының классификациялық сұлбасы.

Соғыс құралы.

Құрама. (күлпәра типтес)

Наркескен

Дулыға

Тері

Бос мойын

Найза

Айбалта

Қылыш

Қалқан

Соғу

Түйреу

Ату

Шабу

Кесу

Ер қаруы

Қол жарағы

Жауынгерлік қару

Әскери құрал

Жауынгерлік киім

Жарақ

Қару

Қару - жарақ









Ер киімі



Сауыт. Шарайна



Қосалқы жарақ





Жауынгерлік бас киім



Кіреуке. Күрделі.

Садақ,оқ





Белдік,жеңсе, тізелік













Жоғарыда айтқандай әр қару-жарақтың шығу және жасалу тарихымен терең танысуымыз керек.Соғыс құралы, әскери құрал және жауынгерлік киім болып бөлінеді. Соның ішінде қазақ жауынгерлерінің кәсіптік әскери құралдары – олардың қару – жарағы. Әскери құралдарды белгілейтін осы «қару-жарақ» қос сөзі бүгінде тұрақты қолданыста болғанымен, оның толық мағынасы дұрыс түсінілмей, әдебиеттерде көбіне қару мағынасында пайдаланып жүр. Қару сөзі қазақ тілінде «қол» деген мағынаны білдіретін «қар» түбір сөзінен туындаған.Ал «жарақ» сөзінің мағынасы мүлде басқа. М.Қашқаридің сөздігіне сүйенсек, «йарық» сөзі – түркі тілінде қарудан қорғану үшін шайқасқа киіп шығатын темір сауыттардың, қалқандардың ортақ атауы. Қару түріне жауынгерлік қару т/б түрлері жатады. Жауынгерлік қару ішіндегі ер қаруы арнайы соғыс үшін қолданылатын, соғыс ісімен кәсіби шұғылданатын әскерилерге арнайы жасалған қарудың қазақ тілінде қалыптасқан өзіндік төл атауы. Ер қару разряды бойынша ату, соғу, шабу, түйреу, кесу қаруы болып бөлінеді. Бұл қарулар жай қару емес, соғыс қаруы, жауынгердің соғыста қолданатын жеке қаруы деп атауғада болады. а)Ату қаруына садақ пен жебе жатады. Бұл ататын қару түрінің қазақ тілінде бірнеше атауы бар. Олар – «жай», «жақ» сөздері.Садақ басы, иіні, белі, тобыршақ ,кіріс болып бөліктерге бөлінеді.Бір тұтас адырна деп атаймыз.Оғы жебе, ұшы, қыр, жетесі, сабы, қанаты, табаны болып бөліктерге бөлінеді. Адырнасы арнайы ағаштан иіліп сүйек,мүйізбен безендіріледі.Кірісі қылдан есіледі. Жалпы садақ пен оғы кез немесе 12 тұтам өлшемі бойынша жасалған.Арнайы белге асынып жүретін былғарыдан қорамсақтар тігілген. ә). Соғу қаруының бір түрі – «бос мойын шоқпар» немесе «бос мойын» деп аталады.Осы қаруды соғу қаруының басқа түрлерінен айрықшылайтын басты ерекшелігі – басының сапқа босаң болып бекітілуінде.Босмойынның басына темір шынжырдан мойындық жалғанып, төменгі жағына металдан соғылған ұңғы бекітіліп, сол арқылы сапқа орнатылған.Сапта қол ұстайтын жерімен бүлдіргісі орналасады.Босмойын шоқпардың шойыннан құйылған бастары домалақ шар түрінде, бірақ айналдыра ұзын бүртікті болады.Босмойын бастарының диаметрі 4-5 см болып келеді. б). Жауынгерлік шабу құралы негізгі екі бөліктен тұрады: қарудың металдан жасалып, жарақат салуға арналған негізгі бөлігі «басы», қолға ұстайтын бөлігі – «сабы». Балта басының шабуға арналған жағы «жалманы», шабатын жері - «жүзі», жүзіне қарсы жағы «шүйдесі», сапқа кигізілетін тесігі – «ұңғысы», басының сабымен түйіскен жері «сағағы» деп аталады.Шабу қаруының бірнеше түрі бар. Соның ішінде ерекше бір түрі – жүзі жалпақ, жалманы жарты ай сияқты дөңгелене келген айбалта.Басының пішінінің ерекшелігіне сәйкес балта атауына «ай» сөзі қосылған. Сондықтан айбалта деп аталады. Айбалтаның жүздерінің ені 15-20см дейін жетеді, ал жалманы қарыс болса, сабының ұзындығының өлшемі кез немесе он екі тұтам болады. в). Түйреу қаруы – жауынгердің негізгі қаруларының бірі. Түйреу қаруының үш түрі болады.Олар найза, сүңгі, жыда. Найза қаруы – жақын қашықтықта, бетпе-бет айқаста сауытсыз қарсыласқа қолданатын қару. Найзаның түйреу арқылы жарақат салатын, металдан жасалған бөлігі «жебе»деп аталады.Жебесінің өзі «ұшы», «жүзі», «қыры» және «ұңғысы» деп бөлінеді. Ағаштан жасалып, қолға ұстауға арналған бөлігі – «сап» дейміз. Саптың бөліктеріне келетін болсақ, жоғарғы бөлігі – «басы», ортасы – «белі», төменгі жағы – «дүмі». Найза жебесінің қырлары әр пішінде кездеседі. Қазақтың найза саптарының ұзындығы әдетте 150-195см болса, жебелерінің ұзындықтары 27-57 см болып келеді. г). Кесу қаруы (қылыш, семсер, сапы) өзіндік ерекше қызметі бар негізгі үш бөліктен тұрады. Жарақат салуға арналған бөлігі –«басы», ал ұстауа арналған бөлігі «сабы» деп аталады. Қарудың басы мен сабының түйіскен жерінде орналасқан, қолға тіреу болатын элементі – «балдағы». Кесетін жағының бөліктерінің атауларына келсек, «алқымы», «жүзі», «басы» және «ұшы» болып бөлінеді. Қылыштың басының қайқылығынада байланысты бөлінеді.Қазақтар басы өте қайқы қылыштарды «наркескен» деп атаған.Наркескеннің қайқылығы бірден алқымынан басталады, сондықтан кесу күші жоғары болады.Олардың өлшемдері кез немесе орташа кезбен алынған. Оларға арнайы тастармен безендірілген,былғарыдан тігілген қынап жасатылған.

2.Жауынгерлердің әскери құралының екінші тобы қорғаныс құралдары – жарақтар. Бұл санатқа адамның денесін қарудан сақтайтын бірнеше заттар тобы кіреді.Бірінші – денеге киіліп қорғаныс болатын – «ер киімі». Ер киіміне жататындар: а) денеге киіліп кеудені қорғайтын жарақ түрі – сауыт. Қазақтың дәстүрлі жүйесінде сауыт жасалуына қарай жіктеледі.Бұл сауыт түрін қазақтар қорғаныс қасиетін қалыптастыруда металл шығыршықтарды өру немесе металл пластиналарды шығыршықпен қосу арқылы жасаған сауыт түрін – кіреуке сауыты деп атаған. Қазақ тілінде «кіреуке» сөзі селдір, торлы деген мағынаны білдіреді. Кіреуке сауыты жағасының пішініне қарай жағасыз сауыт болып саналады. Кіреукенің ұзындығы 70-85см аралығында, ені жеңдерімен бірге алғанда 100-130см,бел тұсында 60-65см.Жағасы 20-25см болып жырылады.Кіреукенің салмағы 56-70кг болады.Кіреуке сауытың кейде ақ сауыт немесе ақ кіреуке деп те атаған. Кеудені суық қарудан қорғау үшін сауытпен қатар қолданатын жарақ түрі – «шарайна». «Шарайна» - бірнеше үлкен металл тақталардан құралып жасалады.Шарайна сөзі парсы тілінен аударғанда «төртайна» деген мағынаны береді.Шарайна үш түрге бөлінеді, соның бірі күрделі шарайна.Кеуде тұсында оюмен безендірілген үлкен күмбез болады. Сол күмбезге шынжырлар арқылы үлкенді – кішілі тақалар бекітіледі. Шынжырлар адамның қозғалуына ыңғай жасап тұрады. Арқалық тақтаның жоғарғы жағы дөңгелене келген үшбұрыш пішінді болып бітеді де, мойынға дейін жетіп, жауынгердің арқасын түгел жауып тұрады. Кеуделік тақталарымен арқалық тақтасы бүйірінен және иығынан қайысбаулармен тартылған. Тақталардың қалыңдығы 2мм темірден соғылып жасалады. б) басқа киіліп қорғайтын жарақ түрі – дулыға.Дулығалар тұтастай металдан жасала бастағанмен, сыртқы пішіндері конструкциялық тұрғыдан алғанда қазақтардың бас киімдерінің негізгі түрлеріне сәйкес келетіндіктен, бұл сәйкестік олардың атауларында көрініс тапқанын ескеріп, пішініне байланысты жауынгерлік бас киімдерді «күлпәра пішіндес» т/б да негізгі төрт типке бөлуге болады. Күлпәра пішіндес дулығалардың төбесі онша биік емес, оның желкелік, құлақтық бөліктері болады.Қазақ дулығаларының басым көпшілігі бірнеше ірі металл пластиналардан құралып жасалған. Дулығаның бұл түрі – «құрама дулыға» деп аталады. в) аяқты қолды қорғайтын қосалқы жарақтар – белдік,жеңсе, тізелік. Үш тарамқайыстан жасалып, асыл тастармен безендіріліп, қару ілуге жасалған жарақ түрі – «жауынгерлік белдік» деп аталады.Жауынгерлік белдік қалыңдығы 0,1 см темірден қиылып, үш қайыс таспаға шегелермен теріп бекіту арқылы жасаған.Мықтылық мүмкіншілігін күшейту үшін жіңішке пластиналар терімі оңнан солға қарай екі қатар өткізілген.Жауынгердің беліне белдік тартпа, ілмешек немесе қайысбау арқылы бекітіледі. Қимылдауға ыңғайлы болу үшін сауыттар көбіне қысқа жеңді, не жеңсіз жасалатындықтан, жауынгерлер қолды арнаулы «жеңсе» аталатын қосымша жарақ түрімен қорғады. Қазақ жауынгерлерінің қолданғаны – қолды шынтаққа дейін қорғайтын білектік жеңсе түрі болады. Жеңсе шығыршықпен қосылған шынтақтық және білезік бөліктен тұрады. Жеңсенің беттері ою-өрнекпен көркемделген. Аяқты қорғайтын жарақтың түрі – «тізелік». Тізелік конус тәріздес болып екі шетінен қайысбау арқылы байланады. Ол тізені ұрыс кезінде түрлі жарақаттардан қорғайды. 2.2. Қорғаныс жарағының екінші түрі – «қалқан».Қазақ жауынгерлерінің қалқаны – жалпы көшпелерге тән шағын да жеңіл түрі болады. Қазақтар қолданған қалқандар теріден сомдалып және болат темірден соғылып жасалған екі топқа жатады. Тері қалқандар бірнеше қабат теріден дөңес қылып сомдалып жасалады да, беттері металл күмбезшелермен күшейтіледі.Диаметрі 50 см, кішкентай күмбезшелерімен қолға ұстайтын қайысбаулары болады. 3. Қару – жарақта қазақ этносының түрлі тарихи және мәдени байланыстары, этникалық даму процесінің ерекшеліктері көрініс тапқан. Осы этникалық мәдениеттердің өзара ықпалы белгілерін, олардың қару – жарақтардағы көрінісін зерделеу арқылы қазақ қару – жарағының әлемдік әскери өнерінің тарихында алар өз орны, оған қосқан өз үлесі бар екенін пайымдай аламыз. Оқушылардың патриоттық сезімін оята отырып, отанының тарихын білуге деген құштарлығы арта түседі.Болашақта қазақтың жауынгерлік қару – жарақ мәдениетінің әлемдік өркениетте алар орнын әрі нақтылай, әрі кеңейте түсері сөзсіз.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.

Қ Р президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан.







Пайдаланған әдебиеттер. 1) Қазақтың дәстүрлі қару – жарағының этнографиясы. Ахметжан Қ .С. «Алматыкітап» ЖШС, 2006ж. 2) Қазақтың қолданбалы өнері. Шоқпарұлы Д., Дәркенбайұлы Д. «Алматыкітап» ЖШС, 2007ж. 3) Қазақ халқының ұлттық киімдері. Хинаят Б., Сужикова А. «Алматыкітап» ЖШС, 2007ж. 4) Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Кенжеахметұлы С. «Алматыкітап» ЖШС, 2006ж. 4) Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Қ.Р. Мемлекеттік орталық музейі. «Өнер» баспасы, 2009ж.

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее