«Осень 2024»

Дененің еркін түсу үдеуі

11 сынып физика пәніне арналған сабақ жоспары

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

11 сынып


Сабақтың тақырыбы: Дененің еркін түсуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушылардың ынтасын арттыра отырып білімін тексеру. Дененің еркін түсу қозғалысын айнымалы қозғалыспен байланыстыра отырып қарастыру.

Дамытушылық мақсаты: алған білімін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.

Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру.


1.Дененің еркін түсуі дегеніміз не?

2. Еркін түсу қозғалысы кезіндегі жылдамдық, орынауыстыру.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

1.Жер бетінен 10 м биіктіктегі дене еркін түсе бастайды. Онымен бір мезгілде 5 м биіктіктен келесі бір дене вертикаль жоғары лақтырылған. Осы денелер Жерден 2 м биіктікте кездеседі. Екінші дененің қозғалысы басталғандағы бастапқы жылдамдығын, қозғалыс басталғаннан олардың кездескенге дейінгі уақытын табу керек. Бірінші дененің қозғалысы екінші денемен байланысты санақ жүйесінде қарастырылады.

2. Биік жардан тас құлайды. 6 с-тан кейін жерге түскен тастың дыбысы естіледі. Дыбыстың ауадағы жылдамдығы 330 м/с болса, жардың биіктігі қандай?

3. Дененің көтерілу биіктігін 4 есе арттыру үшін вертикаль жоғары лақтырғандағы бастапқы жылдамдығын неше есе арттыру керек.

ІІ деңгей.

1.Дене 45 м биіктіктен еркін түседі. Жолдың екінші жартысындағы еркін түсудің орташа жылдамдығын табыңдар.

2.Төбеден бірінен кейін бірі екі тамшы тамады. Екінші тамшы тамғаннан 2 с өткенде олардың арақашықтығы 25 м-ге тең болды. Бірінші тамшы екінші тамшыдан қанша уақыт ерте тамған?


ІІІ деңгей.

1. биіктіктен тасты түсіріп алады.Екінші тасты дәл осы нүктеден вертикаль төмен бағытталған бастапқы жылдамдықпен уақыт аралығы өткен соң тастады. Егер: а) ; б) ; болса, жерге құлау мезетінде екінші тас біріншіні қуып жетіп үлгере ме?

Берілгені: Шешуі:

Екі дене үшін қозғалыс теңдеуін жазамыз

а) ;

б)

Т/к: Мұндағы

Соққы кезінде екі тастың координатасы бірдей болады:

Оң жақтарын теңестіреміз:

; ; ;




; ;


;


Бұл уақыт бірінші тастың толық қозғалыс уақытынан аз (немесе тең) болуы керек.




а) ; , яғни соқтығысады;

Осы жағдайда Жер бетінен соқтығысу нүктесінің биіктігі:


б) кезінде , яғни 3с-тан үлкен. Осы кезде тастардың еркін түсуі кезінде соқтығысу болмайды.


Қосымша есептер.

А) Дене 18 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары қарай лақтырылды. Ол 3 с-та қанша орын ауыстырады? Сол уақыт ішінде қанша жол жүреді?

Ә) Дене 21 м биіктіктен вертикаль төмен қарай, сол биіктіктен еркін құлаған денеден 1 с шапшаңырақ түсу үшін қандай бастапқы жылдамдықпен лақтырылуы керек?


ІV.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: 10 сыныптан «Дененің еркін түсуі» тақырыбын қайталау. №1.237




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее