Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ
Мен неге, қазақтықтан сақтанмын?!
М.Дулатов
Әдеби кеш:
«Кеше, бүгін, ертең» Алаш қайраткері Міржақып Дулатов туралы.
Орындағандар:10сынып оқушылары
Қазақ тілі пән мұғалімі:Абдрахманова И.С.
Әдеби кеш: «Кеше, бүгін, ертең»Алаш қайраткері Міржақып Дулатов туралы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, .
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі,тарих
Өткізілген уақыты: 11.09.2018ж
Қатынасушылар: 10 сынып оқушылары.
Жүргізушілер:
І бөлім.
1 слайд: «Кеше, бүгін, ертең» атты әдеби кеш.
2 слайд: Қазақ ауылының суреті ( слайд)
1. Жүргізуші№1 (Афанасьева Алина)
- Құрметті қонақтар, ұстаздар! « Кеше, бүгін, ертең » атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2. Жүргізуші №2 (Молдагалиева Айдана)
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар,
Тату-тәтті бармысыңдар,
Армысыңдар, Адамдар!- деп Мұқағалидің сәлемдесу салтымен амандасайық. Қош келіпсіздер, өнер сүйер қауым!
3.Абдыкапар Темирлан Домбыра үні : Ілияс Жансүгіровтың «Домбыра» өлеңі оқытылады. .(Мәнерлеп оқу)
1 .Жүргізуші№1 :
Тарт күйінді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қалмасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра
2. Жүргізуші№2: Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі оқылады.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты-
Қырандай күшті қанатты.
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар-балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Қөздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер-
Мен жастарға сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбыны алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Бантос Екатерина : Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңі оқылады.(Мәнерлеп оқу)
Адамдық борышың,-
Халқына еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйренген,
Білімсіз,
Өнерсіз
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып
Қауымға келмейсің,
Барыңды,
Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң
Шын бақыт-
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
ІІ бөлім.
1 .Жүргізуші №2 Молдагалиева Айдана
Абай ата-қазағымның тірегі,
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі,
Төгетұғын сәулесі мен шуағын,
Маңдайдағы жарқыраған күн еді,
Өтіп кеттің өмірден, қалды үнің,
«Поэзия мен өнердің патшасы» деп,
Ұрпағың тұр алдында бас иетін. –деп Ұлы Абай атамыз жазғандай.
Слайд (өмірбаяны) Кво Алина
1.Жүргізуші№1: Осымен Бүгінгі әдеби кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
2.Жүргізуші №2 : Сау болыңыздар!