Дидактикалық ойындар
«Сен жалғастыр» ойыны
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу.
Мұғалім сөздің басты буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды.
Мысалы, Ә-ЖЕ, ТА-ЗА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б.
«Достасқан буындар».
Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек.
«Адасқан әріптер»ойыны
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
«Жалғасын тап» ойыны.
Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны.
Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны.
Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқиалады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
«Ұйқасын тап ойыны»
Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«Жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/
«Синтаксистік касса» ойыны.
Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны.
Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша).
«Кедергіден өту» ойыны.
Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
«Вагон құрау» ойыны.
Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Алтын айт» ойыны.
Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.
Кіші топтарға бөлу әдістері
Мақал құрастыру
Бұл жағдайда алдын ала кеспеқағаздарға бір мақалды бөліп-бөліп жазып, таратады, сосын ойыншыларға мақалды құрасатыру тапсырылады. Осылайша топтар құрастырылады.
Сүйікті жемістер
Топқа бөліну үшін жемістердің атауы немесе суреті ұсынылады.
Осылай «Тәулік уақыты», «Жыл мезгілдері» деп те топтастыруға болады.
Ән бойынша бөліну
Оқушыларға өздері жақсы білетін бір әндердің қайрмасы мен шумағы қимқағаздар арқылы таратылып беріледі. Сол ән бойынша топтастырылады. Кейін өздері құрастырған әнді шырқайды.
«Қала таңдау»
Қала аттары тақтаға жазылады. Әр оқушы өз атын бір қаланың тұсына жазады.
Гүл, көлік, спорт атаулары бойынша да осылай бөлуге болады.
«Заттар бойынша бөлу»
Әр оқушы өзінің ұсақ затын ортақ себетке салады. Мұғалім бұл заттарыды әр партаға бөліп қояды. Кімнің заты қай партада оқушы сол топқа жиналады.
«Поэзиялық бөлініс»
Оқушыларға өздері білетін бір өлеңнің жолдары қимақағаздар арқылы үлестіріледі. Оқушылар өлеңнің шумақтарын құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.
«Шырша бездендіру»
Оқушыларғатүрлі –түсті шырша ойыншықтары таратылып беріледі. Қанша топ болса сонша шырша жасалынып, әр шыршаның төбесіне белгеле бір түстегі жұлдызша ілінеді. Оқушылар қолдарындағы ойыншықтың түсін жұлдыздың түсімен сәйкестендіре отырып топтаады.
«Сөз құрастыру»
Топтың санына байланысты белгілі бір түрлі-түсті бояумен жазылған сөздерді дайндар, әріптерге бөліп оқушыларға таратып береді. Оқушы әріпінің түсіне қарай топтасады. Сөз құрастырады. Сол топтың атаы болады.