«Осень 2024»

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушы қабілетін дамыту.

Работа с одаренными учениками по предмету математики

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушы қабілетін дамыту.

Аринова С.Ш.

«Какен Аханов атындағы орта мектеп»КММ

математика пәнінің мұғалімі

«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қазақ мақалы өз мағынасын жойған жоқ. Ұрпақтардың жалғастыруымен адам баласы миллиондаған жылдар бойы өзгеріп, өрлеп дамып келе жатыр. Сол ұрпақтардың дамуына ең бірінші тәрбие керек. Демек ұрпақ тәрбиесі қай кезде болса да қоғамның, адамзаттың көкейтесті мәселесі болып қала береді. Қазіргі балалар болашақтағы еліміздің тіректері, еліміздің болашақ өкілдері болып табылады.

«Дарындылық» және «қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндес, оларды айыра алмай да қаласың. «Қабілеттілік» - ол жинақталған тәжірибе нәтижесі және ол толығымен соған бағытталады. «Дарындылық» -бұл бірдей өмірде үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары және шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға баулу керек.

Басты міндет – оқушы кез келген мәтінді, өлеңді мәнерлі түрде оқи білуі, түрлі жұмбақ, жаңылтпаштар айтуға үйрету, мәтінді немесе өлең, әңгімелер құрастыру, шығарма жазуға, анаграмма, сөзжұмбақ құруға, логикалық тапсырма орындауға үйрету болып табылады. Сондықтан сынып оқушылармен түрлі шаралар өткізгенде сабақ барысында және кез келген тәрбие жұмыстарында, сыныптан тыс шараларында басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізіп келемін. Дарынды баланы таңдай келе, осы оқушылардың өзге оқушылардан ерекшеліктерін бірден байқауға болады. Оқушылармен жұмыс істеу кезінде бірнеше ерекшеліктеріне назар аудардым:

  1. Дарынды бала шапшаң және өзгеше ойлайды, яғни кең көлемде білімді меңгереді. Түсінік танымы жоғары.

  2. Дарынды оқушының ішкі сезімі өзгеше, сезімтал. Ықылас қойған нәрсесіне ойлана қарайды.

  3. Дарынды оқушының қиял күшінің басымдығы.

  4. Әлеуметтік тұрғыдан адамгершілік, жауапкершілік сезімдерінің ерте дамуы.

Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ барында әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың әртүрлі түрін таңдап, сол тақырыпты игертуді көздеймін. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл-мұраларымызды біліп, қастерлеп бүгінгіміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру басты парызымыз. Сондықтан математика сабақтарында математикалық ұғымдарға байланысты мақал-мәтелдерді пайдалануға болады:

Көп түкірсе, көл болады.

Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.

Көсеу ұзын болса, қол күймес.

Кең болсаң, кем болмайсың және т.б.

Мұндай мақал – мәтелдер «көп», «аз», «үлкен» және «кіші» т.с.с ұғымдарды ұғып, есте сақтауға көмектеседі.

Оқушылардың шапшаңдыққа, қырағылыққа үйрету мақсатында мынадай мақал – мәтелдерді пайдалануға болады:

  • Піл к3ті, піл к3шті емес, тіл к3ті.

  • 6н балдақ қол саны, әшекей кесте т10 сәні.

  • Әкесіз 7м – жарты 7м,

Шешесіз 7м – анық 7м.

  • Біреу 1-еу білмегенді, 1-у біледі.

  • Еңб 2 адамның 2-інші анасы.

  • Ерінш 2тің ертеңі 1т5. Санмен берілген мақал-мәтелдерді сөзжұмбақ, анаграмма, ребустарды балалардың өз бетінше құрастыруға тапсырмалар беремін. Оқушылардың логикалық шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, ұйқасын тап және викториналық сұрақтар сияқты ойындардың әсері мол.

Сабақта және сабақтан тыс уақыттарда ойындармен қатар математикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың тиімді тәсілі. Ойындарды жүргізу барысында балаларға тақырыпқа сәйкес ойын есептер өткізу, баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ тапсырмалардың орны бөлек.

Мысалы: 8-11 сыныптардағы «Ойжүйрік» математикалық турнирінде, 5 – 7 сыныптарда өткен «Жас математик» сайысында және 9-10 сыныптарда «Білгірлер отауы» интеллектуалды ойындарын және т.с.с. іс-шараларды өткізу барысында жоғарыда аталған барлық ойын түрлері қарастырылды. Сабақ барысында мынандай шығармашылық тапсырма беруге болады. Сөзжұмбақты шешкенде ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында қандай жалпыұлттық патриоттық идеясының атауы шығады

-5 + 9

10*25

-11+0

-5+(-3)

2х+3х

2,5у-у

Х:(-3)= -3

12-y=-8


12x-9x+5x

у*(-6)=30

М

Ә

Ң

Г

І

Л

І

К


Е

Л

М. 4 Г. -8 І. 5х К. 20 Ң. -11 Ә. -250 Л. -5 Л. 1,5у І. 9 Е. 8х

Осы сөзжұмбақты шешкенде, Мәңгілік ел деген сөз шығады. Барлығымыз да өз Отанымыздың патриоты болуымыз керек.

Оқушының берілген жұмысты шығармашылықпен, оны істей білуі мен таным белсенділіктерін арттыруы қазіргі кезеңде барлық мұғалімдер қауымын толғандырып отыр. Бұл сабаққа, оқыту жүйесіне жоғары талап қоюды қажет етеді. Түрлендіре ұйымдастырылған жұмыстар, іс-шаралар оқушының жүйелі ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық ізденіске бейімделуін қалыптастырады, тіл байлығын арттырады. Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің өмірге құштарлықтың, ізгіліктің кілті мыңды жығатын білімде.


Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы

Алғабас ауылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее