Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің ғылыми ерлігі және периодтық заңның маңызы. Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Д.И.Менделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесі мен химиялық реакцияларды қорыту, тарауды жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің өмірдегі маңызын меңгерту арқылы белсенділігін арттырып, іскерлікке баулу, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
б) Тәрбиелік: ойлау қабілеттерін дамыта отырып ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: алған білімдерін қорытындылау
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, суреттеу, сұрақ-жауап,миға шабуыл, болжау, түсіндірмелі-көрсетілімдік, есептер шығару
Сабақтың көрнекі-құралдары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, плакаттар, тапсырмалар, химиялық лабораториялық құралдар, рефераттар мен буклеттер,үлестірмелі көрнекіліктер. Пән аралық байланыс: Биология , физика, математика, тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
в)Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. «Атом», «Молекула»
ІІ.Негізгі бөлім.
І кезең « Ой қозғау » кезеңі (сұрақ - жауап) 3минут
Сендер Д.И.Менделеевтің периодтық таблицасы бойынша толық мағлұмат алдыңдар.
Мынадай сұрақтарға тірек сызба арқылы жауап берейік.
1.Периодттық жүйеде қанша период бар. Кіші жіне үлкен периодтты ата?
2.Қанша топ бар.Негізгі қосымша топша элементтерін көрсет?
3.Әр периодтағы элементтер саны қанша?
4.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы ең алғаш қай жылы ашылды және неше элемент белгілі еді? (1869 ж 63 элемент)
І І кезең «Тарих тағылымы» кезеңі 10минут
Слайд қорғау «Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі»
ІІІ.кезең. «Іздесең –табасың , талаптансаң – жетесің, зейін салсаң – ұғасың » Реакция теңдеуін жаз 5мин
IV кезең «Сергіту сәті» (Химиялық тәжірибелер) 5 минут
1.Тәжірибенің орындалуы: Стақанға 1немесе 2 тамшы иод тамызып, үстіне 5-10 мл су құямыз. Сонда ерітіндінің түсі кәдімгі шай тәрізді болады. Осы ерітіндіге нан батырамыз, нан көгереді. Себебі неліктен ? Жауабы: Нанның құрамында крахмал бар, ал крахмал иодтта көгереді. 2.Тәжірибенің орындалуы:Тау макетінің үстіне қос хром қышқылы аммоний тұзын тұтандырардан бұрын бір-екі тамшы спирт тамызып, тұтандырамыз Нәтижесінде көк түсті күл қалады (NH4)2Cr2O7→ Cr2O3+N2+4H2O 3.Натрий түйірін кесіп 5-10 мл суға саламыз реакция теңдеуін жаз. 2Na + 2H2O =2NaOH + H2 4.Мырыш түйірін 5-10 мл тұз қышқылымен реакция теңдеуін жаз Zn+ 2HCl =ZnCl2 + H2
V кезең «Кім жылдам ?» кезеңі 5 минут
Бейорганикалық қосылыстар неше класқа жіктеледі? (4 класқа: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар)
Тапсырма: Бейорганикалық қосылыстардың химиялық және тұрмыстық аталуының формулаға сәйкес тобын құрастыру.
Реті | Оксидтер формуласы | Химиялық атауы | Түрмыстық атауы | |||||
1 | СО | Көміртегі оксиді | Иіс газы | |||||
2 | СаО | Кальций оксиді | Сөндірілмеген әк | |||||
|
|
|
| |||||
|
|
|
| |||||
|
|
|
|
Реті | Негіздер формуласы | Химиялық атауы | Түрмыстық атауы |
1 | КОН | Калий гидроксиді | Күйдіргіш кали |
2 | NaOH | Натрий гидроксиді | Күйдіргіш натр |
Реті | Қышқылдар формуласы | Химиялық атауы | Түрмыстық атауы |
1 | HCl | Тұз қышқылы | Асқазан сөлі |
2 | HF | Фтор сутек | Балқытқыш қышқыл |
Реті | Тұздардың формуласы | Химиялық атауы | Түрмыстық атауы |
1 | СaCO3 | Кальций карбонаты | Бор, әктас |
2 | KNO3 | Калий нитраты | Калий селитрасы |
VI кезең «Есептей берсең есең түгелденер» (Есептер шығару) 5 минут
1.C → CO2 → Na2CO3 → CO2 → CaCO3→ CaO
2.Сu → CuO → CuCI2 → Cu(OH)2 → CuO → Cu
3.64 г оттек зат мөлшері.
4.16 г темір «III»оксидінің зат мөлшері
III Қорытынды.5минут
1. Д.И.Менделеев қай жылы дүниеге келді? (1834 ж 8.ІІ)
2.Д. И. Менделеев неше жасында оқуға барды? (5 жасында гимназияға оқуға түскен)
3.Д.И. Менделеевті алғаш ғылымға қызықтырған ұстазы кім? (орыс химиясының атасы А. А. Воскресенский)
4.Д. И. Менделеев өзінің магистірлік дисертациясын қашан және қанша жасында қорғады? (1856 жылы 22 жас)
5.Д. И. Менделеев өзінің докторлық дисертациясын қашан және қанша жаста, қандай тақырыпта қорғады? (32 жасында 1865 жылы спирттің сумен қосылысы)
6.Нешінші элемент Д . И. Менделеев атымен аталады, кім ашты? (№101 Менделеевий, 1956 жылы Американ ғалымдары)
7.Д.И. Менделеев атымен аталатын қандай жер, су, мекемелері білесіздер? (химиялық элемент, Курил аралында жанартау, Солтүстік Мұзды мұхитта Менделеев жоталары, метеорологиялық ғылыми зерттеу институты және бүкіл әлем оқушылары оқып жатқан периодтық заң )
VIII. Бағалау
№ | Тапсырмалар
Аты-жөні | 1 кезең | 2 кезең | 3 кезең | 4 кезең | 5 кезең | 6 кезең | қорытынды |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Әр тапсырмаға бес ұпайдан беріледі. Соңғы білімді бекітуге берілген екі тапсырмаға жеке-жеке балл берілу керек.
30 балл – «5»
25 балл – «4»
20 балл – «3»
IV. Үйге тапсырма. Реферат
IХкезең «Жас ғалым» (Шығармашылық жұмыс)
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.«Химия -8 » авторы: Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина.
Алматы «Мектеп» 2012
2«Химия -8 » «Әдістемелік нұсқау – 8 » К.Жексембина. Н.Нұрахметов. К.Сарманова, Алматы «Мектеп» баспасы
3.Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. А.Мырзабаев, Н.Тұрбекова Алматы «Рауан»1993 4.Элементтер химия негізі. А.Мырзабаев Алматы «Рауан»1990 5.Сыныптан тыс химия А.Мырзабаев Алматы 2007 6.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы дидактикалық тапсырмалардың маңызы. Ж.Жұбауова А.Ерназарова Алматы 2010