Сабақтың тақырыбы: Адам. Адамның дене мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Адам. Адамның дене мүшелері туралы толық мағлұмат беру.
1.Білімділік. «Адам. Адамның дене мүшелері» тақырыбына қайталау жасап, алған білімдерін қортындылау. Дене мүшелерін атау, сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа (диалогқа) үйрету. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
2.Тәрбиелік. Тазалыққа тәрбиелеу. Оқушылардың этикалық, эстетикалық талғамдарын ояту.
3. Дамытушылық. Тапсырмаларды орындау арқылы
оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдысын қалыптастыру.
4.Түзету. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау. Сөз қорын жетілдіру.
Сабақтың түрі: Қайталау, қортындылау, бекіту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән - күй, математика.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, табиғат пейзажы, оқулық, сызба - сурет.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
ІІІ. Өткенді қайталау.
ІV.Сабақты бекіту
V.Үйге тапсырма беру
VI.Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, балалар
Оқушылар: - Сәлеметсіз бе?
Мұғалім: - Бүгін сыныпта кім кезекші?
Кезекші оқушы: - Сыныпта оқушлар түгел. Қараша айының жиырма сегізі .
Яғни , балалар , қазір күз мезгілінің соңғы күндерінің бірі. Бір - екі күннен кейін қыс мезгілі, қыс айы басталады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.
Мүғалім: - Жақсы, балалар үйге берілген тапсырманы есімізге түсірейік. Адам. Адам дене мүшелері туралы жаңа сөздерді жаттап келу.
Тақтадағы көрнекілік бойынша үй тапсырмасы тексерілді. (2 - 3 оқушыдан). Дене мүшесіне байланысты жаттығу жасалады. «Сағат тілі».
ІІІ. Өткенді қайталау.
Мұғалім: - Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Адам. Адам дене мүшелері. Отыр, түр, жүр, жатыр қалып етістіктері.
Бұл тақырып бойынша біздер «Нені үйрендік», «Нені білдік». Жалпы бүгінгі сабағымыздың барысында ойындар, сұрақ- жауап, жұмбақ, сызба сурет арқылы жұмыс жасайтын боламыз. Бұл сабағымызды «Шынықсақ, шымыр боласың! Деп атадық.
Сурет бойынша сұрақ - жауап
Мұғалім: - Балалар, мына суретте не бейнеленген? Қандай дене мүшелерінің кызметі туралы айтуға болады?
оқушы: - Бала баспен ойлап отыр
оқушы: - Бала құлағымен тыңдап отыр.
оқушы: - Қыз шашын тарап отыр.
оқушы: - Бала көзімен қарап отыр.
оқушы: - Қыз гүлді иіскеп отыр.
оқушы: - Қыз қолмен сөмкені көтеріп жатыр.
оқушы: - Бала аяғымен жүріп бара жатыр.
Тақтадағы көрнекілік суреттері
Заттардың қандай сезім мүшелерімен қатысты екенін анықтап, олардың арасын сызық аркылы қостыру.
Артикуляциялық жаттығу.(дыбыстауға байланысты)
Ұз,Ұз,Ұз
Қатып қалды мұз
Ла, Ла, Ла
Біз соғамыз аққала
Ға, Ға, Ға Ұшып келді қарға
Сурет бойынша әңгіме
Баланың күн тәртібіне байланысты мына суреттерді рет - ретімен қойып әңгіме құрау.
Мұғалім: - Мына бала кім?
оқушы: - Асан
Мұғалім: - Асан не істеп жатыр?
оқушы: - Таңертеңгілік жаттығу жасап жатыр
оқушы: - беті қолын жуып жатыр
оқушы: - Асан мектепке бара жатыр
оқушы: - мектептен келіп сабағын жазып отыр
оқушы: - Асан ұйықтап жатыр
Лексикалық тақырып
Қалып етістіктеріне байланысты тірек сызба - сурет арқылы сұрақ - жауап
Үстел үстіндегі отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктері жазылған кеспе қағаздары тақтадағы көрнекілік суретке сәйкес орналастыру.
Мұғалім: - Мынау не?
оқушы: - Қонжық
Мұгалім: - Қонжык не істейді?
оқушы: - Қонжық тұр
оқушы: - Қонжық отыр
оқушы: - Қонжық жүр
Мұғалім: - Қане, балалар, енді осы сөйлемдерді дәптерге жазайық!
6. Саусақ - қол жаттығуы
«Он саусақ»
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолга ілікті.
Үш саусагым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусак,
Қала салсақ, жол салсақ.
Мұғалім: - Енді, балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушы: - Күз мезгілінің соңғы айы.
Мұғалім: - Дұрыс айтасындар, күз бітіп, қыс келе жатыр., көрейікші.
Релаксация
Қыста далада қар жауады. Күн суық. Үскірлік аязды, боранды болады. Біздің денсаулыгымыз мықты болу үшін дене мүшелеріміз шымыр болу үшін, әр уақытта денемізді таза ауада шынықтырып отыруымыз керек. Сондай - ақ біздің дене сүйектеріміз үшін өте пайдалы балық өнімдерін жеуіміз керек. Балықты тек жазда ғана емес, сонымен бірге қыста да аулауға болады екен. Олай болса, қазір балық аулауға шығамыз. Қараңдаршы, қысқы ауа сондай таза, айнала аппақ қар. Қанеки, таза ауаны бір рахаттанып жұтайықшы.
7.Тыныс алу жаттығуы
8.Дидактикалық ойын: «Балықшы» ойынын ойнату. (3-4 бала өзеннен балық аулап, ауланған балық бойынша жасырылған сұраққа жауап беру)
1. сұрақ - Қандай дене мүшелері туралы жаттығу жасай аласың?
2. сұрақ - Дене мүшелерін ата
3. сұрақ- Қалып етістіктерін ата
4. сұрақ - «Қол» сөзіне сөйлем ойлап айт
Сұраққа жауап алынғаннан кейін:
- Қане, балалар, балық сұрақтарына жауап бердік, күн аяз салқын болғандықтан қолымыз, бетіміз, құлағымыз, мұрнымыз тоңып қалды. Сондықтан да кішкене жылынып алайық. (Нүктелік массаж, қимылмен көрсету). Сонымен бірге шымыр болу үшін, бізге салқын судың да өте пайдасы зор.
9. Сергіту жаттығуы «Мөлдір су»
Сабақты бекіту
Мұғалім: Ал енді, балалар, осы сабағымызды қортындылай келе дене мүшелеріне байланысты жұмбақтар шешейік.
1 жұмбақ. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көз)
2.жұмбақ. Біреуі сөйлейді.
Екеуі тындайды,
Екеуі қарап тұрады. (тіл, құлак, көз)
3.жұмбақ Бір төбеде бес құдық
Тындайды екеуі тек тұрып,
Ал екеуі көреді,
Бірі хабар береді. (бас, құлақ, көз, ауыз)
4.жұмбақ Отыз үйрек, бір кырға,
Бір үңгірде жүр ылғи (Тіс пен тіл)
5.жұмбақ Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. (он саусақ)
Осы жұмбақтардың шешуіндегі сөздерде қазак тіліне тән дыбыстар болса, оқушылар қолдарындағы оюды жоғары көтереді. Мысалы: тіл, кұлақ, көз, саусақ, тіс.
Үйге тапсырма беру
Мұғалім: - Қалып етістіктеріне мысал ойлап жазып келу
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.