«Осень 2024»

Былғары бұйымдар жасау әдістері

Былғары бұйымдар жасау әдістері

Былғары – әр түрлі әдемі бұйымдар жасау үшін таптырмайтын материал.Оның иілгіштік, беріктік қасиеттері сапасын да жақсартатыны белгілі. Былғары өңдеудің көптеген әдістері бар.

Ең қарапайым әдіс – былғарыны білте арқылы өңдеу. Мұндай әдіспен қалың былғарыны өңдейді. Бұл әдісті, әсіресе, былғарыдан жапырақ немесе гүл бейнелерін жасағанда пайдаланады. Себебі кертпектер жапырақтың тамыршығына ұқсап тұрады. Содан соң тамыршықты жаяды. Ол үшін тамыршық бойымен әрбір жапырақты екіге бөліп, теріс жағын екінші жағына жабыстыра бүктейді. Осы бүктелген жерді пинцет арқылы тез арада білте отына қыздырады. Тамыршалары ашылған соң, оның шет жақтарын да сол білте жалынына ұстайды.

Осылай былғарыны электр плиткасында немесе табада да қыздырып өңдеуге болады.

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Былғары бұйымдар жасау әдістері

Былғары – әр түрлі әдемі бұйымдар жасау үшін таптырмайтын материал.Оның иілгіштік, беріктік қасиеттері сапасын да жақсартатыны белгілі. Былғары өңдеудің көптеген әдістері бар.

Ең қарапайым әдіс – былғарыны білте арқылы өңдеу. Мұндай әдіспен қалың былғарыны өңдейді. Бұл әдісті, әсіресе, былғарыдан жапырақ немесе гүл бейнелерін жасағанда пайдаланады. Себебі кертпектер жапырақтың тамыршығына ұқсап тұрады. Содан соң тамыршықты жаяды. Ол үшін тамыршық бойымен әрбір жапырақты екіге бөліп, теріс жағын екінші жағына жабыстыра бүктейді. Осы бүктелген жерді пинцет арқылы тез арада білте отына қыздырады. Тамыршалары ашылған соң, оның шет жақтарын да сол білте жалынына ұстайды.

Осылай былғарыны электр плиткасында немесе табада да қыздырып өңдеуге болады.

Келесі әдіс – былғарыны «сығыраю» техникасымен өңдеу. Мұндай техникамен өңдеуге жұқа былғары өте қолайлы. «Сығыраю» арқылы кез келген бұйымды әшекейлеуге болады. Кесілген былғары бөлшегінің шет жағын қатпарла да, оны бүгіп, теріс жағын желімде. Былғарыны «сығырайту» үшін қыш плитаны пайдалану қолайлы.

Егер түссіз лакталған былғары болса, оны да бояу қиын емес. Осындай былғарыдан бұйымға қажет дөңгелектер кесіп ал. Мақта оралған таяқшамен былғарыға қажет бояуды жақ. Барлық дөңгелектер боялған соң, электр плитасында қыздыру арқылы көлем пішінге келтіріледі.

Мұндай көлемді көрінетін дөңгелектер әр түрлі бояуға боялған соң, жидектерге ұқсап көрінеді. Демек осы «жидектерді» жұмсақ шүберекпен тазалап, жалтыратып алады да, алдын ала ойластырылған панно бетіне жапсырмалайды.

Былғары – мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал.









Алматы облысы Сарқан ауданы Қарабөгет ауылы Аль-Фараби атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Молдажанова Лаура Серікжанқызы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее