Қарағанды қаласы
№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы
Аманбекова Сайлаукуль Гапизовна
Ұйымдастырылған оқу қызметі
____ күні ____________ айы 20__ ж.
Білім беру салаcы: «Коммуникация»
Бөлімі : Қазақ тілі
Тақырыбы: Біз не білеміз?
Мақсаты:Балалардың қазақ тілі жайында алған білімдерін жинақтау.
1.Табиғат әлемі, бізді қоршаған орта өтпелі тақырыптары бойынша қорытындылау.
2. Дидактикалық ойындар арқылы айтылым әрекетін дамыта отырып, сыпайы, әдепті сөйлеуге дағдыландыру.
3.Қазақ тіліндергі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауды дамыту.
Дыбыстық жұмыс: «ң», «і», «ұ» «ү», «ә», «қ», «ғ».
Сөздік жұмысы: бұл қыста болады, қар, шаңғы, шана, аққала, коньки, балалар шана тепті, қыз бала мен ұл бала коньки тепті, балалар шаңғы тепті, тон, құлақшын, етік, қолғап, қысқы киімдер, банан артық, аю, түлкі, жолбарыс, қасқыр, арыстан, қоян, жабайы аңдар,
Көрнекілер: экрандағы әр-түрлі суреттер, жануарлар(мүсіндер)
Қызметтің кезеңдері | Мұғалімнің қызметі |
Мотивациялық- қозғаушылық
| 1.Шаттық шеңбер Қайырлы таң, алтын күн, Қайырлы таң, көк аспан. Қайырлы таң, жер ана, Сәлем бердік сіздерге. Сәлеметсіздер ме! |
Ұйымдастыру - іздестіру
| 2.Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?» Аппақ-аппақ қар жауып, Қар атысып ойнаймыз. Аққала соғып жүреміз. Бұл қыста болады. 3. Дидактикалық ойын «Бұл не?» Қар, шаңғы, шана, аққала, коньки. 4. Дидактикалық ойын: «Сөйлем құра!» Балалар шана тепті. Қыз бала мен ұл бала коньки тепті. Балалар шаңғы тепті. 5. Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Тон, құлақшын, етік, қолғап. 6. Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен ата!» Қысқы киімдер. 7. Дидактикалық ойын: «Қай сурет артық?» Банан артық. 8. Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Қар, шаңғы, шана, аққала, коньки. 9. Дидактикалық ойын: «Бұл қандай түс?» Қолғап-қызыл, тон-қоңыр, құлақшын-қара, қар-ақ түсті. 10. Дидактикалық ойын: «Не, қайда?» Қолғап-қолға, тон-денеге, құлақшын-басқа, етік-аяққа. 11. Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Аю, түлкі, жолбарыс, қасқыр, арыстан, қоян. 12. Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен ата!» Жабайы аңдар. Сергіту сәті Аюды ояту-көктем мезгілі келеді,соған орай аю да оянатын кез келді. Аюды оятайық: Аю,аю тұршы, Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. 13. Дидактикалық ойын: «Бұл кім?» Әже, ата, әке, ана, ұл бала, қыз бала. 14. Дидактикалық ойын: «Менде кім бар?» Менде әже бар, менде ата бар, менде әке бар, менде ана бар, мен ұл бала, мен қыз бала. 15. Көркем сөз: Атам-данам, қорғаным, Мен бақытты баламын. Әжем-асыл, ардағым, Мен бақытты баламын. Әкем-өмір, тірегім, Мен бақытты баламын. Анам-күнім, жүрегім, Мен бақытты баламын. 16. «Бір сөзбен ата!» - Отбасы Бас бармағым-атам Балан үйрек-әжем Ортан терек-әкем Шылдыр шүмек-анам Кішкене бөбек-мен Бұл менің-отбасым. |
Рефлексивтік - түзетушілік
| «Анасына қос» Адасқан төлдерді аналарының жанына қосу. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Табиғат әлемі, бізді қоршаған орта өтпелі тақырыптары бойынша қорытындылауды.
Қандай түсініктерді игерді : Дидактикалық ойындар арқылы айтылым әрекетін дамыта отырып, сыпайы, әдепті сөйлеу дағдыларын игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қазақ тіліндергі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстауды, сөздерді анық айту дағдылары мен іскерліктерін меңгереді.