«Осень 2024»

Бірқалыпты емес қозғалыс кезінде орташа жылдамдық

Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы

орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі

Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы

орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі

Оқушылар карточкадағы тақырыбқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар оқулықтан алынған. Осы сұрақтар интерактивті тақтада жазылып тұрады.

І топтың сұрағы:

1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға

болады ?

2. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

3. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы ара

қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Физика: 7 сынып күні:____________


Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.


Сабақтың мақсаты: Жылдамдық және орташа жылдамдық ұғымдарын түсіну,

оларды формула арқылы есептей білу.


Сабақтың міндеттері:

білімділік: теориялық білімдерін практика жүзінде көрсетуге бейімдеу


дамытушылдық: шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру


тәрбиелік: сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өзін өзі бағалай білуге тәрбиелеу



Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Баяндау.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

ІV. Сабақты пысықтау.

V. Сабақты қорыту, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


  1. Орын ауыстыру деп нені айтамыз?

2. Орын ауыстыру қандай әріппен белгіленеді?

  1. Жол дегеніміз не?

4. Жол қандай әріппен белгіленеді?

5. Бірқалыпты қозғалысқа анықтама бер.

6. Бірқалыпты қозғалысқа мысал келтір.

7. Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама бер.

8. Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір.


Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.


Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.


ІІІ. Жаңа сабақ:


Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы

орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі




Егер дене жолдын жартысын , ал қалған жартысын жылдамдықпен жүрсе: – орташа жылдамдық


Егер дене уақыттың жартысын , ал қалған жартысын


жылдамдықпен жүрсе: – уақыт жартысы


ІV. Сабақты пысықтау.

Оқушылар карточкадағы тақырыбқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар оқулықтан алынған. Осы сұрақтар интерактивті тақтада жазылып тұрады.


І топтың сұрағы:

1. Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға

болады ?

2. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

3. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы ара

қашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?

ІІ топтың сұрағы:

1. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді ?

2. Жылдамдықтың 54 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

3. Автомобильдің 2 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.

ІІІ топтың сұрағы:

1. Егер жол мен уақыт белгілі болса, онда жылдамдықты қалай өрнектейміз ?

2. Жылдамдықтың 25 м /с - пен берілген мәнін км /сағ - пен өрнекте.

3. Велосипедші 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын

табу керек.


Есептер шығару:


І топтың сұрағы:


1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып 60 мин ішінде 18 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м /с – пен өрнекте.

2. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын тап.


ІІ топтың сұрағы:


1. Автомобиль жерге қатысты 15 м /с жылдықпен жүріп келеді. Автомобильдің 10 мин ішіндегі жерге қатысты жүрген жолын тап.

2. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығын тап.

ІІІ топтың сұрағы:


1. Ұзындығы 200 м поезд 36 км / сағ жылдамдықпен ұзындығы 400 м көпірді жүріп өту үшін кеткен уақытты тап.

2. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км /сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км /сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын тап.


V. Сабақты қорыту, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: ______________________________


















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее