КММ М.В. Ломоносов атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару.
6 «б» сынып
Өткізген математика пәнінің мұғалімі: Қабдолданова А.Р.
2017 оқу жылы
Пәні: математика.
Кабинеті -20
Сыныбы: 6 «б»
Мерзімі: 28.01.17.
Уақыты: 13.30
Сабақтың тақырыбы | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару | ||
Сілтеме | Күнтізбелік жоспар.Т.А.Алдамұратова 6-сынып оқулығы | ||
Мақсаты
| Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жазылуын, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=в теңдеулерінің шешудің үш түрлі жағдайын білу.Тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын нығайту.Бір-біріне көмек көрсете білу, ұйымшыл, әрі жинақы болу. | ||
Міндеттері |
| ||
Күтілетін нәтижелер
| Оқушылар тақырыпты бойынша білімдерін толықтырады, топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін айта алады,сыни ойлай білуге үйренеді, ақпаратты тиімді қолдана біледі. | ||
Көрнекілігі
| Презентация, проектр,тест тапсырмалары, бағалау парағы.
| ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе 7 мин
| Сыныппен амандасамын. Психологиялық дайындық. Оқушылар 3 топқа адын-ала бөлінген.Топ көшбасшысын іріктеу.Логикалық сұрақтар арқылы. Үй тапсырмасын тексеру.Әр топ дайындаған сөзжұмбақтарын жасырады.
|
Әр топ бірін-бірі бағдаршам арқылы бағалайды | |
Тұсау кесер Білу
5 мин
|
«Қайталау- оқу анасы» Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды? Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? Егер а≠0 болса, бір айнымалысы бар сызықтың теңдеудің түбірі қалай табылады? Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер?
| Оқушылар ауызша тапсырмаларды орындайды.
| |
Түсіну 5мин Түрткі сұрақтар арқылы. | Блок-схеманы қолданып бір айнымалысы бар теңдеудің түбірін табуға мысал келтіру. | Блок-схеманы қолдануға мысалдар келтіреді.3мысал.
| |
Негізгі бөлім Қолдану.
12 мин
| Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру. «Ойлан, жұптас ,талқыла». І топ- №876(1),855(1) ІІ топ-№876(2),855(2) ІІІ топ-№876(3),855(3) Шығармашылық тапсырма. Суреттер бойынша теңдеу құрып, оны шығару. | Әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді.Топта шешіп тақтаға шығып талдап түсіндіреді. Қалған топ оқушылары тыңдайды. Топпен жұмыс жасайды. Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады. | |
2 мин | Сергіту сәті. «Билеуші құндыз» | Оқушылар бірге билейді. | |
Талдау 3мин | Ауызша тапсырмалар орындау. Логикалық тапсырма: «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табу.
3) х(х-1)=42; 4) (х-9)х =36; | Оқушылар есептің жауабын ауызша талдайды. | |
Жинақтау 5мин Жеке жұмыс |
«Білім таусылмайтын кен». Тест жұмысы АКТ қолдану арқылы тест тапсырмасын орындау. | Оқушылар тест жұмысы бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді. | |
Қорытынды 2 мин
Кері байланыс | Критериалды бағалауға бейімдеу Топтардың бағаларын талдау Қорытынды бағаны шығару Бағдаршам арқылы бағалау Түсінгенін білу үшін қолданыңыз. Мысалы:
|
Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.
Оқушылар бағдаршам түстері бойынша таңдаған түстерін көтеріп бағалайды. | |
Үйге тапсырма 1 мин | Өзіндік жұмыс №4тапсырма Жәутіков О.А. реферат.
| Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын жазып алады. | |
Бағалау 2 мин | Бағалау критерий бойынша жинаған ұпайларын даму мониторингіне жазып жиынтық бағаны шығару. | Топ жетекшісі жалпы ұпай санын шығарады. |