Білімді ұрпақ –болашағымыздың кепілі
Заманауи педагогикалық ой тұжырымдарда еркін білім беру идеясы неізгі құрал болып табылады. Бүгінгі таңда заманауи оқытудың негізгі қағидасы оқыту дамуды жетелейді. Заманауи компютерлік техникамен қамтамасыз ету барысында жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану яғни елбасымыз айтқандай «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп атап өтті. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін –зерделік, кәсіптік, адамгершілік , рухани т.б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі көмектеседі. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, көзқарастың екі түрі қарастырылады:
- Оқушының әлеуметтік келешегі – жеке тұлға.
- Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас.
Мұғалімнің қасиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, құзыреттіліктерін өз ойларымен түсіндіріп беретіндігін ұғындыруымыз қажет. Жалпы қазақи тілмен айтатын болсақ ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар , елдігімізді сақтар , айбынымызды асқақтатар , үлгілі болар азаматтар болуға тиіс деп айта аламын. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы жаңашыл көзқарасты қалыптастыра алатынымызға көз жеткізгеніміз жөн. Қашанда білімді ұрпақ –болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында екенін есте сақтауымыз жөн деп ойлаймын.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Ақпараттық технологиялар алға қойған мақсаттарға қол жеткізу.Ақпаратты жинау,жеткізу, өңдеу, жинақтау, сақтау, ұсыну, пайдалану,қорғау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.Компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылды білімнің сапасы артады.