«Осень 2024»

Беделі биік білім ордасы

Тарих факультетін бітірген мамандар тарих, археология, саясаттану жəне мəдениеттану салалары бойынша іргелі терең білім алып шығады. Оқу барысында шет тілдерін жетік игерудің жəне көптеген ұйымдармен кең байланыс орнатудың арқасында бітірушілер кейін қызықты əрі болашағы бар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Факультет бітірушілері ғылым мен білім беру салаларымен қатар дипломатиялық жəне əкімшілік жұмыстарда, қарулы күштер мен ішкі істер саласында, ұлттық қауіпсіздік комитетінде үлкен сұранысқа ие.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

БЕДЕЛІ БИІК БІЛІМ ОРДАСЫ


Жарқын болашақ, айқындалған мақсат, ортақ мүдде, тынымсыз еңбек. Бұл – ынтымағы мен бірлігі жарасқан тәуелсіз Қазақ елінің берік ұстанымдары. Жеткен жетістіктерді лайық дәрежеде бағалай отырып, жарқын болашаққа жету үшін айқын мақсат қойып, мүдде сабақтастығын тиек етіп, тынымсыз еңбек атқарсақ, алынбайтын асу жоқ. Ұстанатын басты бағытымыздың бірі – Отанымыздағы білім және ғылым саласын одан әрі дамыту, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондай алдыңғы қатарлы білім беру ошағының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Біз ғылым мен білімнің қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих мамандығы бойынша магистратураны бітіріп жатырмыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 87 жылдық тарихы бар, әлемнің ең үздік 250 университеттерінің қатарындағы Қазақстандағы жоғарғы білім беретін оқу орындары ішіндегі алдыңғы қатарлы, заманауи әрі бетке ұстар қасиетті білім ордасы.

Университеттің Тарих факультеті отандық жəне шетел тарихы, археология, этнология, музей ісі, ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану, кітапхана ісі саласы бойынша жоғары дəрежелі маман дайындау ісінде еліміздің көнекөз, ең мықты, мойындалған орталық болып табылады. 1948 жылы ҚазМУ-дің тарих факультеті тарих бөлімінен жеке факультет болып құрылды. Оның басында академиктер А.М. Панкратова, С.Н. Покровский, Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Е.Б. Бекмаханов сияқты ғалымдар тұрды. Факультетті алғаш сол жылы 18 адам бітіріп шықты. Егер алғашқы жылдары факультетте он адам ғана жұмыс  істеп, 300 студент оқыса, бүгінгі күні факультетте 80-нен астам оқытушы еңбек етеді, оның 27-сі ғылым докторы, 40 ғылым кандидаты жəне 5 PhD докторы бар. Сонымен қатар факультетте Т.О. Омарбековтың, Қ.Т. Жұмағұловтың, Қ.С. Қаражанның, Ж.Қ. Таймағамбетовтың, Қ.М. Атабаевтың, У.Х. Шəлекеновтың, Ə.Т. Төлеубаевтың ғылыми мектептері қалыптасып, жұмыс істеуде. Бакалавр, магистр жəне PhD докторы үш сатылы жүйе бойынша мамандар дайындайды. Қазақстанның түрлі аймақтарында қызмет атқарып жүрген саяси жəне іскер элитада факультеттің түлектері де бар.

Қазақстанның көптеген ғылыми, саяси, қоғамдық және іскер элитасы шыққан тарих факультетін Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы басқарып отыр. Меңдігүл Сағатқызының ұйымдастыруымен әр түрлі қоғамдық, саяси, мәдени жұмыстар атқарылып, түрлі конференциялар өтеді. Факультет алыс-жақын шет мемлекеттермен байланыса отырып, қос дипломды бағдарламаға да назар аударылуда. Сондай-ақ аталған университеттің тарих факультеті оқу барысында көптеген ғылым саласы бойынша білім береді. Атап айтатын болсақ, «Микротарих», «Қазақ элитасы және шығыс ағартушылығы», «Орталық Азиядағы мұсылмандық модернизация» (ХХ ғ. басы), «Ватиканның түрік әлемі тарихы бойынша латын тіліндегі дереккөздері», «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «Тарихи процестің сызықтық және бейсызықтық динамикасынан», «Тарихи герменевтика», «Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы» (ХІХ ғ.басы мен ХХ ғ, басы), «Білім берудегі үдерісті басқару» пәндерінен тарих ғылымдары бойынша дәріс беруде. Магистрлердің ғылыми жетекшілері магистрлік диссертацияны орындауда ғылыми жұмыстармен айналысу жолдарын үйретіп, тарих ғылымы бойынша бағдарламасы саласындағы өзекті проблеманың теориялық және практикалық әзірлемесінен және өзіндік ғылыми зерттеуден тұратын, ғылымның қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген бітіру жұмысын аяқтап шығуға жетелеп отырады.

Тарих факультетін бітірген мамандар тарих, археология, саясаттану жəне мəдениеттану салалары бойынша іргелі терең білім алып шығады. Оқу барысында шет тілдерін жетік игерудің жəне көптеген ұйымдармен кең байланыс орнатудың арқасында бітірушілер кейін қызықты əрі болашағы бар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Факультет бітірушілері ғылым мен білім беру салаларымен қатар дипломатиялық жəне əкімшілік жұмыстарда, қарулы күштер мен ішкі істер саласында, ұлттық  қауіпсіздік комитетінде үлкен сұранысқа ие.

Қорытындылай келе, университет түлектері мен магистранттары қай салада болсын тәжірибелі жұмыс жасап келеді. Олардың жасаған еңбектерінің арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Біз Қазақстандағы жоғарғы білім беретін осындай ең мақтаулы университеттің түлегі болғанымызды мақтан тұтамыз.

2-курс магистранты Қ.О.Ахметжанов



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее