«Осень 2024»

Бауырсақ ертегісі

«Бауырсақ» ертегісінің мазмұны естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту. Ертегі кейіпкерінің іс әрекетін бағалау дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа, қоршаған ортаға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки

Мақсаты: «Бауырсақ» ертегісінің мазмұны естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту. Ертегі кейіпкерінің іс әрекетін бағалау дағдыландыру. Достыққа, ұйымшылдыққа, қоршаған ортаға деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері маскалары; бауырсақ суреті, ақ қағаз,желім.

Алдын ала жургізілген жұмыстар: Бауырсақ туралы әңгіме.

Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, көмектесу, көрме.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бізге қонақтар келіпті. Қане, барлығымыз сәлемдесіп алайық.

Балалар: Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз.

Қане, балалар, енді барлығымыз қолдарымыздан ұстап, жүректен шыққын жылы лебіздерімізді айтайық.

Біздің топта ұл-қыздар, Тату тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға, Тек жақсылық ойлаймыз.

Жүректен шыққан лебіздеріміз арқылы біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Балалар, қараңдаршы, біздің топта да ертегі лер бұрышы бар екен.

Ертегілер бұрышынан не көріп тұрсындар?

-Ертегі кітаптар.

-Дұрыс айтасындар.

-Біз бұл кітаптарға тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында жеке-жеке тоқталамыз.

-Балалар, сендер қандай ертегі білесіндер?

Балалар: «Шұбар тауық», «Шалқан», «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ».

-Дұрыс. Сендер көп ертегі білесіндер екен. Мынау қандай ертегі?

Балалар: «Бауырсақ»

-Дұрыс, балалар, біздің тоқталатын ертегіміз «Бауырсақ» ертегісі.

-Бізге Бауырсақ қонаққа келіпті. Қане амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсізбе, Бауырсақ.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Бауырсақ бізге алыс жолдан әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті, көмектесеміз бе?

-Әрине.

-Бәріміз онда Бауырсақпен еріп орманға барайық. (Сол кезде алдынан қоян алдынан шығады.)

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші мені.

Қоян: Сен онда менің тапсырмамды орында.

Бауырсақ: Жарайды.

Қоян: Сендер маған мен туралы тақпақ айтсандар босатамын.

Қане,балалар, Бауырсаққа көмектесейік. Барлығымыз бірігіп қоян туралы айтайық.

Балалар: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы қырлы жерлермен, Ытқып ытқып жүгірді.

Қоян:Рахмет сендерге, бара қойындар.

(Бауырсақ ары қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші, қасқыр.

Қасқыр:Онда сендерге қояр сұрағым бар. Егер орындасандар мен сендерді босатамын

Бауырсақ: Жарайды

Қасқыр: Сендер қай мемлекетте тұрасындар?

Балалар:Қазақстанда.

Тәрбиеші: Кім тақпақ айтады, балалар?

Біржан: Өз жеріме өзім ие болған күн, Тілім таза бостандығын алған күн. Елтаңба мен көк байрағым желбіреп, Тарихыма өшпес белгі салған күн.

Гүлдана: Әйнегі күн, шатыры аспан, Кең дала төсі толған егін. Көлдері көкке күмістер шашқан, Қазақстан Республикам менің.

Қасқыр: Жарайды, бара қойындар.

(Бауырсақ алдынан аю шығады.)

Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ:Жемеші мені аю.

Аю:Онда сендер мен туралы сергіту жаттығуын жасандар. Егер орындасаңдар мен сендерді босатымын.

Балалар: Жарайды. Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп – теріп алайық, Қалтамызға салайық.

Аю:Рахмет , балалар.

(Бауырсақ домалап, түлкіге кездеседі.)

Түлкі: Ах, бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ:Жемеші мені.

Түлкі:Онда мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін тапсаңдар онда сендерді босатамын.

Жұмбақ:Тауықтар қашып жасқанған,

Қулығы артық басқа аңнан. Ол не? (Түлкі)

Түлкі: Мен туралы жұмбақ білетіндерің мені қатты қуантты. Рахмет, бара қойындар. (Бауырсақ келе жатып әжесін де тапты.)

Әжесі бауырсақтың қалай келгенін сұрады.

-Қане балалар, бауырсақ қалай келді?

-Бауырсақтын алдынаннелер кездесті?

Балалар: Қоян, қасқыр, аю,түлкі.

-Балалар, бұлар қандай аңдар?

-Жабайы аңдар.

-Дұрыс айтасыңдар, бұлар жабайы аңдар екен. Әженің бауырсағы дайын болғанша саббаққа отырайық. Қане, енді барлығымыз орнымызға отырып, бауырсақ суретін жапсырайық.

-Балалар, алдарында ақ қағаз бар ма?

-Қане, көрсетіңдерші.

-Саусақтың ұшымен тура ортасын көрсетеміз.

-Дұрыс, балалар.

-Ал енді тура ортасына желіммен жағып, бауырсақты жапсырамыз. Балалардың жұмыстарынан көрмеге қойып өздеріне талдау жасату.

Ән: «Ертегілер» Мейрамғалиева Айзере

Осы кезде әже келіп: «Балалар жүріңдер. Ыстық бауырсақтан ауыз тиіңдер»-деп балалармен шығып кетеді.

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее