«Осень 2024»

"Бастауышым - балбұлағым"

Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернатының 4 сынып оқушыларының "Бастауышым - балбұлағым" атты бастауышпен қоштасу мерекелік шарасының сценариі

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Кіріспе бөлім:

(Көңілді музыка ойнап тұрады)

Көңілді әуен ойналып, ортаға сынып жетекшілер мен оқушылар билеп шығады.

Сынып жетекші Гаухар:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Сынып жетекші Жанар:

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн! Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған балаларыңыз ақыл-ойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыны ажыраты білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Ортаға бүгінгі тойдың иесі 4 сынып оқушыларын шақырайық.

Ортаға Текебай Ақылбек, Аташ Ақтілек, Есенбай Қосымбек шығады.

Ақылбек: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар,

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,

Бар қауым тамсана таңдай қағар

Ақтілек: Dear teachers and students! Welcome to our party «Бастауышым –балбұлағым»

Қосымбек: Добрый день, дорогие друзья,-
Гости, родители, учителя!
Мы очень рады видеть вас
В этот день и в этот час.



Көңілді әуен ойналып, ортаға Дукамова Сәнтөре, Рахим Ахмет, Ишанғұл Ақтоты, Отегенова Қызжібек, Серік Жарылқасын шығады.

Іс келгенде алдына

Жан салмайтын қызымыз

Ер мінезді, көрікті

Сәнтөре біздің ержүрек

 

Атыңнан айналайын Ахмет деген

Сенің жақсы ісіңе баға берем

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор осы сыныптың саған деген

 

Ақтоты деген қызымыз

Қатысқан талай сайысқа

Тамылжытып ән айтып

Жеткен талай табысқа



Мың бұралып би билеп

Әркез алға ұмтылған

Қызжібегіміз біздің

Әсемдікті ұқтырған

 Жайсаң, жуас мінезі

Жарылқасын бар бір ізді

Тәрбиелеп баптаған

Анасына мың алғыс



Көңілді әуен ойналып, ортаға Жақсылық, Аягөз, Сағыныш, Аружан шығады.

Білімімен талайларды тамсандырған

Асып көрші білімді Жақсылықтан

Сыныбыңа бол қашанда ардақты

Ақ жолыңнан тайма осындай салмақты.

 

Үндемей бәрін тындырған

Сыныптың салмақты қызысың

Жымиып күлген күлкісі

Аягөздің тұйық мінезі-ай

 

Білімді, ақылдысы сыныптағы

Талай қиын есепті құрықтады

Сағыныштың алдында талай іс тұр

Болашақта жандырар үміт отты

 

Өзі ұялшақ үндемес

Мінезіне ешкім тең келмес

Үндемес қыз Аружанға

Сыныпта ешкім тең келмес

 

Көңілді әуен ойналып, ортаға Маржан, Елтай, Айдана, Нұрсұлтан шығады.

Ару қызы қазақтың

Мектептің бір озаты

Келбеті де сымбатты

Маржан біздің ибалы



Он саусағынан өнер тамған

Есепті де жаңғақша шаққан

Үздігіміз сыныптың

Елтай келді ортаға

 

Барлық істе алда жүретін

Ән, айтып, биде билейтін

Сыныптың белсенді аруы

Айдана өнерлі қызымыз

 

Математика елінде жан салмайтын

Жауабын табар талай сұрақтың

Сыныбының атақты белсендісі

Нұрсұлтан келеді арамызға күлімдеп



Көңілді әуен ойналып, ортаға Ғани, Ырысбек, Айдана, Альбина шығады.

 Ер жігіті қазақтың

Еркесі Ғани бір үйдің

Адалдықты жаны сүйген қашаннан

Ол қатарынан қалмаған

 

Ер жігіті елімнің

Тұлғасы көкте самғаған

Қатысқан талай жарысқа

Спортшы Ырысбек сахнада 

 

Сабыр берген салмақты

Ақыл берген ардақты

Айжандай қызға

Әсемдік берген жан-жақты



Дараласа әкесі, аялаған анасы

Ән де, би де, өнер де

Бір өзінен табылған

Альбинаға қарашы



Ортаға Жарылқасын, Қызжібек, Карина шығады.

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Қосымбек: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?

 

Ақтілек: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Ақылбек: Дұрыс айтасың Ақтілек, ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.



Ақтілек: Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 Аружан: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.



Нұрсұлтан:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.



Маржан: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.



Ғани: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

Аягөз: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

 

Сағыныш: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.



Айдана: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.



Ырысбек: Нұр құйған санасына зейіндінің.

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.



Ақтоты: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.



Альбина: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.

Ақылбек:

«Әліппе тану арқылы»

Күні кеше ғана

Қолыма гүл алып,

Мектептің есігін ашқам,

Томпиып, ұялып...



Мен сынды «біріншілер»

Үрпиіп тұрып қалған.

Сөз күтіп сүйіншілер,

Қуантып шығар алдан.



  • Қандай, ә, менің сыныбым,

Тәртіппен қаздай тізілген!

Күтіп тұр, дайын сыныбың,

Жүріңдер менің ізімнен.



Алғашқы ұстаз осылай,

Жетектеп бізді әкетті.

«Ұстаз - ана» деген сөз.

Санама сонда сақ етті



Жап-жарық екен бөлмеміз,

Отырдық тұңғыш партаға

Ұстазымыздан өңгеміз

Сұрақты салып «қалтаға»



Аяулы ұстаз жұмсақ үн,

Танысты барлық баламен

Жайдары екен нұр жүзі,

Ұрланып байқап қарап ем



Сол күннен бастап бәріміз

Қайталап ұстаз үлгісін

Тауысып біттік «Әліппе»,

Әріптің танып күллісін.



Ерен ғой ұстаз еңбегі,

Терең ғой жұмыс шеңбері

Әліппе тану арқылы

Түйген ой-осы мендегі.



«Бастауышпен қоштасарда»

Жақсылық:

  • Төрт жыл бұрын қыркүйектің бірінде,

Ойыншықтарды айырбастап білімге

Оқимын деп мектеп іздеп келгенде

«Кімнен?» - деген сұрақ тұрған түрімде



Қуаныш пен қорқынышым тең түсіп,

Оқушыға айналғанмын ең кішік.

Томсырайып, жатырқаған жан-жағын,

«Біріншілер» еркелігі желге ұшып.





Бір-бірінен айнымайтын ұл-қызды,

Әдепті апай сапқа түзу тұрғызды.

Сол кісі екен біздің алғаш мұғалім,

Жас жүректер кілтін тапқан, нұр жүзді.





Содан бері төрт жыл өтті зуылдап

Ұстаздың көп күш қуатын шығындап,

Әріп танып, жазып, оқып үйрендік,

Есеп құрап, біз, беймаза шуылдақ...

Соның бәрі алғашқы ұстаз еңбегі,

Алғашқы ұстаз, адам қылдың сен мені!

Бастауышпен қоштасарда қабыл ал.

Мың алғысты сыныптас пен мендегі!



Қосымбек: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

          Мың алғыс мына отты жүректерден!



Би: «Ламбада»

Ән: «Мектебім»

Мұғалім сөзі: (Өткен материалдардан сұрақтарға жауап алу)

Тапсырмалар орындалады

Ақтілек:

  • Енді оқушылар 4 жыл көлемінде сабақ беріп, білім нәрімен сусындатқан пән мұғалімдерін құттықтайды.

Сәнтөре: Балғын сәби болсақ та
Қадіріңізді білеміз
Қай қиырға қонсақ та
Май нем из деп үйреткен
Орынша апай
Өзіңізбен біргеміз.


Жарылқасын: Ән салғызып, билетіп
Нотаны да үйретіп
Жаулап алат жүректі
Ән мен күйге бөлетіп
Хорға да бізді дайындап
Әрбір іске қарайлап
Түзел апай тұрады
Көзінен күнде нұр ойнап.


Айжан: Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі

Көркем жазу сабағында әдемі де, көркем жазуға

Айнаш апай үйретеді біздерді



Ақтоты: Бұл тілдің сан қырларын бағындырған

Сабақтары біздерді сағындырған

Ақкүміс, Ақмарал апайлар сөйлеп кетсе

Орысыңның өзінде жаңылдырған



Қызжібек: Асыр салып ойнаймыз
Жаттығуды жасаймыз
Бойымызға күш жинап
Шынығуға жараймыз
Бибігүл апай сіз үшін
Бәріне де дайынбыз.



Нұрсұлтан: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым - балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне
Қимастықпен қол бұлғаймын

Набат апай, Назира апай, Гаухар апай,

Рыскүл апай, Шолпан апай, Әсем апай

Сіздерге үлкен рахмет.

Ән: «Жарқын жүзді ұстазым»

Интермедия

Тақырыбы: Оқушы арманы

Ортаға оқушы шығады. (Жақсылық) Ортаға үлкен қорап келеді.

Жақсылық: Мынау не қылған қорап.? Жаңа жылда аяз атаға менің тілектерімді орындайтын джин жіберші деп сұраған едім. Сол орындалды ма?

Ашып көрем бе екен?

Ары, бері жүреді. Санамақ ойнап жіберейін: ашайын, ашпайын, ашайын, ашпайын, ашайын

  • Әй, қойшы, ашып көрейін!

Музыка ойналады да, қораптың ішінен Джин шыға келеді

Сағыныш: Тақсыр, қош көрдік. Сенің үш тілегіңді орындаймын.

Жақсылық: Түу, шошыттың ғой. О, сиқыр деген осы екен ғой! Расымен орындайсың ба? Түу, не армандасам екен? Армандарым көп еді! «Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас» демекші, сөзге жүйрік Райымбек едім, маған не болды?

Сағыныш: Апырай-ай, болсаңшы! Жаңа жыл кезінде сен сияқты қанша жалқаудың аяз атаға сиқыршы жібер деп хат жазғанын білесің бе? «Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылдық қой!

Жақсылық: Жарайды, жарайды. Дәп қазір үйге берілген барлық тапсырмалар орындала қалса екен!

Джин сақалын жұлып алады да, «Сим, салабим, рахатум» үзіп қалғанда барлық тапсырма орындала қалады. (Слайдтан дәптері шыға келеді)

Жақсылық: Ойбай, мынауың не? Мынау менің жазуым емес қой!

Сағыныш: Сен маған менің жазуым болсын демедің ғой! Қойшы оны кім біліп жатыр!

Жақсылық: Қайдағы, сен біздің апайды білмейсің ғой! Ол мұғалім болмағанда, атақты ізкесуші болар ма еді, кім білсін.! Ол кісі ұйықтап жатқанда оятып, мынаны көрсетсең, мынау менің жазуым емес екенін айтады. Қой, мынауың келмейді

Сағыныш: О! Балақай, тездет, тездет! Мен саған тек 10 минутымды ғана жұмсауым керек. Үлгермесең, өз обалың, өзіңе! Тез, екінші тілегіңді айта ғой!

Жақсылық: Туү, сен де болмадың ғой! Тез, тез деп. Ал онда екінші тілегімді орында! Маған Біздің сыныптағы Ақтілектің ән салғаны ұнайды. Өзі де сүп-сүйкімді. Дәп қазір Ақтілек осы жерде бола қалсын!

Джин сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде сыныпқа Ақтілек ұрсып кіреді

Ақтілек: А – а, Жақсылық осында екенсің ғой! Сен үшін мұғалімнен сөз естігім келмейді, осы жолы үй тапсырмасын орындамадың, мені ұятқа қалдырдың, Тез жылдам черновигіңді ал, есепте. Жылдам, Жылдам. Түу, болсаңшы, мына есептің бәрі қате,, үш алудан шаршамадың ба? Сені емес дәптеріңді аяймын. Тез бесінші есепті орында. Жоқ бірінші диктант жазайық. Бірінші сөйлемді тыңда: «бірінші мамыр халықтар достығы күні. Енді жазамыз. Бі-рін-ші

Жақсылық Сағынышқа қарап:

Ей, Джин, Мынаны әкет, тез, тез!

Ақтілек кетіп қалады.

Жақсылық: Уһ! Кетті –ау әйтеуір! Сен қандай Джинсің өзі! Бәрін бүлдіресің ғой!

Сағыныш: Сен маған Ақтілек алдыңда күліп тұрсын деген жоқсың ғой. Өзің кінәлісің! Тез үшінші тілегіңді айт. Ойланып айтсаңшы, шаршатып жібердің ғой өзің!

Жақсылық: Не ойласам екен! Көп ақша сұрасам ба екен? Бірақ апам өз адал еңбегіңмен тапқан нан тәтті деуші еді. Бұным жарамас. Бәрі менен қорықса десем бе екен? Жоқ-жоқ ! Апай «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деді емес пе?

Ойланып тұрады да, кенет қуанып кетеді.

Жақсылық: Таптым, таптым! Әй, Джин тыңда. Сыныбымдағы барлық достарым аман есен болып, бірлігіміз мызғымастай берік болсын. Жаңа мектепті мектеп мақтанышы ретінде аттайық! Елімде сәбидің шат күлкісі естіліп, әрдайым тыныштық болсын!

Сағыныш сақалын жұлып алып, «Сим, салабим, рахатум» дегенде, сыныптың барлық ұлдары шығып Жақсылықпен құшақтасып, амандасады,

Ата – аналармен ойын

Би: «Аю» биі

Қосымбек: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.



Ақтілек: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!



Ақылбек: Иә, дұрыс айтасың Ақтілек. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?



Елтай: Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек екен.



Ақтоты: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

Қосымбек: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!





Аягөз: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән: «Ана – әке»

Ақтілек: Біздің сыныптастарымыздың арасында спортпен айналысатын оқушылар да бар. Олар күрес, самбодан аудандық, облыстық, республикалық жарыстарында жүлделі орындар алып жүр.

Ақылбек: Атап айтсақ олар Бұхар Елтай, Саламат Ырысбек, Орысбайұлы Ғани, Қуанышұлы Сағыныш, Мұханбедияр Жақсылық, Рахим Ахмет, Есенбай Қосымбек. Осы оқушыларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.

Би: «Спорттық би»

Ақылбек:
- Ақтілек, балаларға бір сұрақ қойсақ па деп тұрмын. Сен оған қалай
қарайсың?
Ақтілек:
Қойсақ, қояйық.
Ақылбек:
Біз нені үйрендік?
1 оқушы
- Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.
2 - оқушы:
- Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды.
Ақтілек:
- Біз нені сүйеміз?
3- оқушы:
Отанды, ата - ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымызды, мектебімізді.
Ақылбек:
Біз нені ажырата білеміз?
4 - оқушы:
- Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.
Ақтілек:
- Біз кім боламыз?
5 - оқушы
Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.
Ақылбек:
Ұстаз жаққан шырақты
Өшірмейік балалар,
Бәрін - бәрін білесің
Оқи берсең кітапты - дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын.
Ақтілек:
Қымбатты қонақта! Қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды, келісті мақал - мәтелмен небір үлкен дау-дамайларды шешкен. Сондықтан мақал - мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну бізді қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпын түсінуге, шеберде, әдемі сөйлеуге үйретеді.
Қанекей, ендеше мақал - мәтелдердің мағынасына үңіліп көрейік.
Мақал - мәтелдер айтысы.
Нұрсұлтан:

- Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.
Ахмет:
- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы бала сәлем береді,- демекші қалыңыз қалай?
Қосымбек:
- Алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы,- дегендей қандай әдепті баласыңдар.


Ғани:
- Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады деуші еді келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.
Елтай:Жат асына қарайды, дос басына қарайды - деуші еді аталарымыз, қысылмаңыз.
Нұрсұлтан:Қонағын сыйласа төрге шық - дегендей төрге шығайық.
Ахмет:Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше – демекші таныса отырайық.
Елтай: Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл – деген. Есіміңіз кім болады?
Менің есімім:
Ғани: Ас адамның – арқауы - деген ас алып отырайық.
Қосымбек:
- Ойбай - ау, жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.
Нұрсұлтан:
Досыңның асын, қасыңдай іш - демекші Алла риза болсын.
Ахмет:
Дастарханға ас қойдым, екі қолды бос қойдым – демекші досың көп болсын.
Қосымбек:
Көңілмен берсе қара су да бал татыр.
Ахмет:
Иә, досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам - демекші досың көп болғанға не жетсін!
Ғани:
Халқымызда «Қонақ кәде» деген болушы еді. «Өнерлі өрге жүзер»- дегендей өнерлеріңіз болса, көрсете отырыңыздар.
Нұрсұлтан: Алдымен «Ауылдың алты ауызы» айтылмаушы ма еді?
Елтай: Жарайды, «Ауылдың алты ауызын» мен бастайын.
Күй «Туған жер» Елтай
Ахмет:
Құтты қонақ келсе қой егіз табады - дегендей, ауылымызда той болып жатыр.
Елтай: Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын - деген.
Қосымбек: Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ - жақсы отырдық қайтайық.
Ғани: Қырықтың бірі – Қыдыр - деген, келіп тұрыңыздар.
Нұрсұлтан: Таз таранғанша – той тарқар - демекші қайтайық.
Қосымбек: Тойған жерге – тоғыз кел - демекші тағы келіп қалармыз.
Ғани: Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал - деген, қане бір бата беріп жібер.
Қосымбек: Бата береді.
Жүйрік тілді ақын бол
Жақсыларға жақын бол.
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол.
Ұсақ болма, ірі бол
Өз ортаңның гүлі бол
Ата - анаңның көзінің сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір
Азаматтың бірі бол
Туған елдің ұлы бол.
Би «Толғау биі»

Ант беру рәсімі

Қосымбек: Біз 4 сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

Ән: «Ұстазым» Ақтілек, Ырысбек

Би вальс

Мұғалім:
Құрметті ата - аналар, әріптестер! Бүгін «бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілікте осы төрт жылда арман қуып, білімге ұмтылған шәкірттерімнің өнерін көріп, үміт - армандарының қандай екенін естіп тамашаладыңыздар. Халқымыздың ізгі салт дәстүрлерінің бірі – үлкендерден бата алу.
«Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» дейді халқымыз. Ендеше ата - аналарымыздан бата тілейік.
Мұғалім:
Келесі сөз кезегін алтын ұя мектебіміздің басшысы Айжанақова Нағимаға береміз.
Мұғалім:
Қош менің түлектерім! Алдарыңда орта білімнің ақ айдыны күтіп тұр. Ақ тілек, ақ бата қабыл болып, ақ желкендеріңіз арман жағалауына адастырмай жеткізсін!
Бастауышты бітірген бағыландарым
Қуат берсін білімнен қорғандарың
Алтын бесік арманға жетелейді,
Орындалсын сол асқақ армандарың.
Ақ жол саған менің бастауыш сыныбым!


Сынып оқушыларына

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларың,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Егер де мен қатты сөзбен ренжітсем,

Қорғағаным жамандықтан деп есепте.

Кешірімді болыңдар, ренжімеңдер,

Мен барлықтарыңды жақсы көремін.

Сендерге сәттілік тілеймін!

Жақсы оқып, мәдениетті болып, өсіңдер!

Қош 4 – сынып, қош бастауыш! – деп

Кетесіңдер орта буынды бастауға.



17


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее