«Зима 2025»

Баяндама тақырыбы: «Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын көрсеткен тарихи құжатқа айналды. Сана сезімі биік, дүниетанымы мол, парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған.

Рухани мәселе адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыруда кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.

Оқыту,білім беру,тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі - тәрбие.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Антон Макаренко атындағы орта мектебі













Баяндама тақырыбы:

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ»
















Математика пәнінің мұғалімі: Ералиева Ж.Қ.










«Рухани жаңғыру- табысты ел болудың кепілі» тақырыбындағы аудандық- ғылыми – практикалық конференцияна қатысушының


ТІРКЕУ ФОРМАСЫ




15 қараша 2017 жыл



Аты- жөні: Ералиева Жаңагүл Қалыбекқызы


Жұмыс орны: Антон Макаренко атындағы орта мектебі


Лауазымы: математика пәнінің мұғалімі


Баяндаманың тақырыбы: "Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани –адамгершілік тәрбие берудің негізі"


Мекен- жайы: Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы, Ы.Дүкенұлы көшесі №17 үй


Телефоны: 87059952745, 87079952745


E-mail: [email protected]






















Баяндама тақырыбы: «Рухани жаңғыру – жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі»


Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер.
(Ыбырай Алтынсарин)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер айқын жолын көрсеткен тарихи құжатқа айналды. Сана сезімі биік, дүниетанымы мол, парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған.

Рухани мәселе адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі  мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыруда кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар.

Оқыту,білім беру,тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз. Кез- келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі,  адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі - тәрбие.

Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі - тәрбие. Тәрбие - мәңгілік және адамзаттық... Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез - құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған - тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Қазіргі жағдайда рухани - азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:

  • Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;

  • Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;

  • Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;

  • Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;

  • Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.

Тәрбиенің жалпы негізі рухани - азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани - азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым - қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік рухани - азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани - адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз.


Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды.

Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере оты-рып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:

*еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру;

*тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру;

*өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;

*отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

*оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;

*оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;

*оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

*оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі да-мытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

*оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау,бағалауға үйрету;

* оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру.

Тұлғаны рухани –азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее