«Зима 2025»

Авторский курс правоведения по предмету "Основы права" для 11- класса

Авторский курс правоведения по основам права для 11 класса

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки


«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ

Мектеп директоры: директордың әдістеме ісі ӘБ жетекшісі: Джолдыбаева С.Т.

___________ Серік З.С. жөніндегі орынбасары Хаттама №______

«_____» _________2020ж ____________ Изтаев Б.Т. «______»___________2020ж

«_____» _________2020ж









Б.Момышұлы атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектептің

" ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ" пәнінен 11 -сыныптарға арналған

«Қазақстан құқығы» таңдау курсының

бағдарламасы







Пән мұғалімі: Жунисбекова Римма Газизовна

Сыныбы: 11ә
























Шымкент 2020


Түсіндірме


«Қазақстан құқығы» таңдау курсы «Құқық негіздері» пәні негізінде 11 сыныптарға арналып дайындалған.

Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға зиянды қатынастарды мектеп тыйым салатын құрал. Оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда осы бағдарламаның көмегі тиеді деген сенім білдіремін. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар, азаматтық белсенділікті қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу, заман талабына сай лайықты құқықтық білім беру, құқықтық сана-сезімін қалыптастыратын тақырыптар қамтылған.

Оқушылардың ойлау қабілеті мен құқықтық дүниетанымын кеңейтуге талпындыратын әдіс-тәсілдер мен дидактикалық материалдар қамтылған.

1.Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу.

2.Сызбалар мен кестелер толтыру

3. Тарихи және құқықтық терминдік сөздермен жұмыс жасау.

4.Өзін-өзі тексеру сұрақтарын орындау.

5.Ауызекі, жазбаша тілдерін дамыту.т.б. сияқты дидактикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеті ,сөздік қоры, тіл байлығы артады.



Курстың мақсаты мен міндеттері


Ата Заңымызда – Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады – деп атап көрсетілген.

Құқықтық мемлекет орнықтыруда, Заңның үстемдігін қамтамасыз етуде бұқараның құқықтық мәдениетін көтерудің маңызы ерекше екені түсінікті. Әрине олай болса, бұл бағдарлама еліміздің болашағы бүгінгі жастар бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздеп отыр.

Бағдарлама тақырыптары оқушылардың алғашқы құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылған.


Оқушыларға қойылатын талаптар:


1.Қосымша ізденіп ,талдауға ұсынылған тапсырмаларды өз бетімен

оқып, мұғалім басшылығымен зерделеуді меңгеру.

2. «Қазақстан құқығы» курсының маңыздылығын , оның басқа

пәндермен тығыз байланысын білу.

3.Өзінің ой-өрісін дамыта отырып, ғылыми тұрғыда сараптама

жасай білу.

4.Қазақ тарихында қолданылған құқықтық заңдарды және

Қазақстан Республикасының Конституциясын білу және оны

құрметтеу.

5.Қосымша материалдарды, БАҚ пайдалана отырып, ол арқылы

ғылыми-зерттеушілік іскерлігін кеңейту.

6. Саяси-құқықтық мәдениет жөнінде пікір алмаса білу.

7. Саяси тақырыптарда бір мақсатты көздей отырып қойылған

сұраққа жауап беруде өзіндік көзқарасын азаматтық белсенділік

тұрғысынан білдіре алуы.

8. Алған білімі мен дағдыларын тәжірибе , күнделікті өмірде

кездесетін теориялық және практикалық жаңалықтарды шешуде

қолдана білу.

9. Оқыған және ізденген тақырыптарына сүйене отырып өз бетімен

саяси пікір жаза білуі , сонымен қатар саяси тұжырымдар жасай

білуі тиіс.

Пәнаралық кіріктіру


«Қазақстан құқығы» курсы басқа да пәндермен тығыз байланысты. Атап айтқанда: «Құқық негіздері», «Қоғамдық білім негіздері », «Адам және қоғам», «Өзін-өзі тану», «Қазақстан тарихы» және т.б.


Кәсіпке бағдарлау.


«Қазақстан құқығы» курсы оқушыларды заң және т.б. қоғамдық ғылымдарға бағыттайды. Мынадай мамандыққа бағыттайды:

Заңгер, Саясаттанушы, Әлеуметтанушы, Құқықтанушы.


Күтілетін нәтиже.


«Қазақстан құқығы» курсы бойынша күтілетін нәтиже:

-әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтап, шешім қабылдайды;

-өзіне ыңғайлы іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдай алады;

- Түркі дәуірінен басталған құқықтық заңдарды толық біледі;

- ҚР Конституциясын біледі және оны құрметтейді;

- ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерін біледі;

- Отанын, туған халқын шынайы сүйетін, халқына қызмет ететін саналы да тәрбиелі азамат болып қалыптасады.


«Қазақстан құқығы» таңдау курсының тақырыптық жоспары

11 сынып- Аптасына-1 рет- жалпы- 34 сағат


Реті



Тақырыптардың мазмұны


Сағат саны

Мерзімі

1.

«Қазақстан құқығы» курсының мақсат, міндеттері туралы

1


2.

Құқықтың қоғамдағы жүзеге асыру формалары

1


3.

Қазақстан Республикасына саяси сипаттама

2


4.

Қазақстан Республикасының Конституциясы

2


5.

Біріккен Ұлттар Ұйымы

1


6.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы

1


7.

«Балалар құқықтары» туралы Конвенция

1


8.

Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» заңы

1


9.

Балалардың құқық нормаларын бұзу факторлары

1


10.

Қазақстан Республикасының Құқық Қорғау Органдары

1


11.

Билікті бөлу ұстанымдары

1


12.

Құқықтық нормалар неге керек?

1


13.

Мораль. Мораль нормалары

1


14.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

1


15.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;

1


16.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі

1


17.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі

1


18.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

2


19.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

2


20.

Отбасы. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

2


21.

Азаматтық мәселесі

2


22.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі

1


23.

Мектептің ішкі тәртібі

1


24.

Жастарды қылмысқа баулитын не?

2


25.

«Озат құқықтанушы» сайысы

1


26.

«Курс маған не үйретті?» - есеп

2



Б а р л ы ғ ы :

34 сағат


Оқу бағдарламасының мазмұны:

  1. «Қазақстан құқығы» курсының мақсат, міндеттері туралы. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады. Оқушылардың саяси сауаттылығы артады.

  2. Құқықтың қоғамдағы жүзеге асыру формалары. Құқық жүйесінің қайнар көзін, ұлттық құқық негіздерінің қалыптасуы тарихын оқып-біледі.

  3. Қазақстан Республикасына саяси сипаттама. Құқықтық саналылық қалыптасады.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады.

  5. Біріккен Ұлттар Ұйымы. Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады.

  6. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы. Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады

  7. «Балалар құқықтары» туралы Конвенция. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады.

  8. Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» заңы. Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады.

  9. Балалардың құқық нормаларын бұзу факторлары. Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады

  10. Қазақстан Республикасының Құқық Қорғау Органдары. Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады.

  11. Билікті бөлу ұстанымдары. Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады

  12. Құқықтық нормалар неге керек? Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады.

  13. Мораль. Мораль нормалары. Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады.

  14. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі.

  15. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;

  16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

  17. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі.

  18. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі.

  19. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.

  20. Отбасы. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері. Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады

  21. Азаматтық мәселесі. Бөлім адам, қоғам,құқығы туралы түсінік қалыптастырады.

  22. Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі. Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады

  23. Мектептің ішкі тәртібі. Тақырыптарда адамның қоғаммен қарым-қатынасы оқытылады.

  24. Жастарды қылмысқа баулитын не? Құқық саласында жиі кездесетін терминдердің мағынасын түсінеді және саяси сауаттылығы артады

  25. «Озат құқықтанушы» сайысы.

  26. «Курс маған не үйретті?» - есеп

«Қазақстан құқығы» курсын оқыту және курсты аяқтау формасы.

«Қазақстан құқығы» курсын оқыту барысында қолданылатын оқыту формасы алуан түрлі болуы керек. Бірсарынды оқыту әдісі оқушыларды жалықтырып жібереді. Сондықтан оқыту әдісі де әртүрлі болуы керек.


Курсы оқыту формалары:

  • Тақырып бойынша баяндау;

  • Сабақты түсіндіру;

  • Тақырыптар бойынша пікірталастар , дөңгелек столдар ұйымдастыру;

  • БАҚ мәліметтерін пайдалана отырып , өзіндік ой-пікірлерін айтқызу.

Курс оқылып болған соң оқушылар өздері таңдап алған немесе мұғалімнің нұсқауымен келіскен формада сынақ тапсырады. Курс бойынша алынатын сынақтардың нәтижелері «Құқықтану негіздері» пәнінің қорытынды бағасын шығаруда есепке алынады.


Курсты оқытуды аяқтау формалары:

  • Тақырыптар бойынша рефераттар мен баяндамалар дайындау;

  • Тақырыптар бойынша ауызша арқылы жауап беру;

  • Өтілген тақырыптар бойынша тест алу;

  • Тақырыптарда кездесетін жағдаяттарды шешуде өзіндік жоба, үлгілерін ұсыну.


Әдебиеттер тізімі оқушыларға ұсынылатын:

1. Жеті жарғы. «Айқап» баспасы,1992 ж.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы.

3.Қазақстанда азаматтық қоғам құру тұжырымдамасы.

4.Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңы .А, 1995.

5.Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы » заңы.А,1998.

6.Қазақстан Республикасының «ҚР азаматтық туралы заңы». А, 1995.

7.Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі.

8.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» халыққа жолдауы.

9.Адам құқығы баршаға. А.Мұхтарова және басқ. (оқушыға арналған құрал). Алматы, Бастау-2000.

9.Баршаға арналған құқық .А.Мұхтарова және басқ.(оқушыға арналған құрал). Алматы, «ҚазМУ»,Баспа үйі,2002.

10.Демократия баршаға. А.Мұхтарова және басқ.(оқушыға арналған құрал). Алматы, Бастау-2000.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Әдептілік қағидалары (Н. Шакузадаұлы, Ж.Ерғалиева) Өнер баспасы 2000ж

2.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы №1том, №2том Алматы 1998ж

3.Әдеп және жантану (Қ.Жарықбаев «Атамұра-Қазақстан» Ә.Табылдиев) Алматы – 1994ж

4.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. С.Әбенов алматы «Дария» 2004ж

5.Адам.Қоғам. Құқық 9-сынып «Мектеп» баспасы 2005ж Қ.Жүкешев. Ғ.Сапарғалиев. Г.Асанбекова Алматы


























Сабақ №1

Тақырыбы: Кіріспе. «Қазақстан құқығы» курсы туралы.

Мақсаты: А)Оқушыларды құқық ұғымымен , құқықтың пайда болу

тарихымен таныстыру.

Ә) «Қазақстан құқығы» курсын оқып білудің қажеттілігін түсіндіру.

Б)Оқушыларды құқықтық саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, пікір алысу,әңгіме-сұхбат

Сабақтан күтілетін болжам: құқықтық, қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасады, білімге құштарлығы артады.

Көрнекілігі: Тақта, тірек сызбалар, қосымша материалдар т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушы қатынасын

алу, оқушыларды психологиялық жағынан жаңа сабаққа

дайындау.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Құқық »ұғымы.

  2. Құқықтың пайда болуы

  3. Құқық пәнінің қажеттілігі.

«Ой талқы» өткізу.

  • Құқық ұғымын қалай түсінесің?

  • Әділеттілік деп нені айтамыз?

  • Ақиқат пен жалған дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлерін тыңдап, ой қосу, толықтыру.

Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан қандай да бір түрде бекітілген, қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және мемлекет тарапынан қорғалатын азаматтардың әділдік туралы ұғым түсінігін білдіретін ережелер жүйесі. Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастарды шектеп, тиым салатын құрал. Құқық азаматтардың бостандықтарын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап және оларды жүзеге асыруда заң жүзінде кепілдікті қамтамасыз етеді. Құқықтың пайда болуымен тікелей байланысты құқық нормалары мен ережелері адамдардың іс-әректеттерімен мінез-құлықтарының мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңға сай келуін талап етеді. Сондықтан да осы талаптарға сай өмір сүру, еңбек ету және т.б. әректеттерге бару үшін оларды білу әрбір азаматтың міндеті мен борышы.

Заңға негізделіп қалыптасатын сана сезімді құқықтық сана деп атайды.

Құқықты білу Құқықты түсіну Құқықты құрметтеу




Құқықтың әділдігіне Құқықты сақтауға

сену (сенбеу) дағдылану



Құқық талаптарын бұлжытпай орындау.



Құқықтық сана


Құқықты сыйлау

Құқықтық көзқарас, пікірлер

Құқықтық ұғымдар

Құқықтық ілімдер

Құқықтық салт-дәстүрлер

Құқықтық сезімдер

Құқықтық көрініс


Халықтың құқықтық санасы

Ұлттың құқықтық санасы

Таптың құқықтық санасы

Топтың құқықтық санасы

Жеке адамның құқықтық санасы











Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы.

Тест.

1.Төмендегілердің қайсысы құқық нормаларының белгілеріне жатады?

А)Жүйелілік

Ә)Жалпыға міндеттілік

Б)Мемлекет тарапынан кепілділік

2.Құқықтық нормалардың сақталу қажеттігіне азаматтардың сенімділігін қандай ұғыммен беруге болады?

А)Құқықтық саналы

Ә)Құқықтық мәдениет

Б)Құқықтық тәрбие

3.Құқық саласы мына негізде ерекшеленеді?

А)Құқықтық реттеу пәні және әдісі

Ә)Белгілі бір кодекстің болуы

Б)Ғалымдардың пікіріне сай

4.Құқық терминінің синонимі ретінде мына сөз көп қолданылады?

А)Кодекс

Ә)Заң

Б)Қағида

Бекіту сұрақтары:

1.Құқық ұғымын қалай түсінесің?

2.Құқықтық сана дегеніміз не?

3.Құқықты білу не үшін қажет?

4. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.Қосымша материалдар жинақтау арқылы өз білімін толықтыру.





Сабақ № 2

Тақырыбы: Құқықтың қоғамдағы жүзеге асыру

формалары.

Мақсаты: а) оқушыларды қазақ қоғамының құқықтық

жүйесінің қайнар көзімен, ұлттық құқықтық

жүйенің қалыптасу тарихымен таныстыру.

ә)оқушылардың назарын құқықтың тарихи

даму диалектикасына аудару.

Б) қазақ халқының әдет ғұрыптарын,

дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ әдісі: Баяндау,сұрақ жауап,пікір алысу ,тапсырмалар орындау,т.б.

Көрнекілігі:Электронды оқулық, билер суреттері,баспасөз

материалдары,оқулықтар т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушы қатынасын алу, оқушыларды психологиялық жағынан жаңа сабаққа дайындау.

Оқушылар білімін тексеру

1.Құқық ұғымын қалай түсінесің?

2.Құқықтық сана дегеніміз не?

3.Құқықты білім не үшін қажет?

4. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?

5.Оқушылардың баспасөз беттерінен тауып келген материалдарымен сыныпта оқып танысу.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы.

  2. Құқықтық әдет-ғұрып , салт дәстүрлер.

  3. Билер қызметі

Ашық сұрақ .

    • Қазақ халқында қандай салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білесіңдер?


Қазақтың әдет-ғұрыпы мен салт дәстүрлері ұлттық мәдениеттің бірегей саласы. Қазақтың әдет-ғұрыпы өз қоғамындағы құқықтық мәдениеттің тұғыры, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеуші, жеке тұлғалардың белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағылымдарға үйретуші рухани күш. Бұл жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын жүйелі тәртіпке келтіріп қана қоймай, сонымен қатар қауымдастық-тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтты.

Әдет-ғұрып, салт дәстүр ұлт болып жарияланған кезден бастау алып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолдарымен» өрісін ұзартты. «Тәуке ханның жеті жарғысымен» байланды. Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғ. орта шенінде қазақ мемлекетінің ірге тасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы – Қасым хан есімімен байланысты.Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді.Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып, дербес өмір сүріп отырған қазақ мемлекетінің жағдайларына бейімделіп жасалды.

Дауды шешетін билерді жол – жорасын жетік білетін, халық арасында абыройлы адамдардан қалап сайлаған.Өздерінің әділдігімен, тапқырлығымен шыққан билер аз болған жоқ. Бір бидің төрелігімен келіспесе, екінші биге барып жүгінуге ерікті болды. Қазақтардың Ресейге қосылуы құқықтық жүйені өзгертіп жіберді.

Сабақты бекіту сұрақтарын мұғалім өз қалауынша құрып, қорытындылау.

Сабақты бекіту сұрақтары:

«Қасым ханың қасқа жолы», « Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ қоғамындағы қатынастарды қалай реттеген деп ойлайсыңдар? Салыстырмалы анализ жасап кестені толтырыңдар.

«Қасым ханның қасқа жолы»

«Есім ханның ескі жолы»

Тәуке ханның «Жеті жарғысы»









Үйге тапсырма. Тақырыпқа байланысты материалдар жинақтау, рефераттар жазу, мысалдар келтіріп жазып келу.





















Сабақ № 3


Тақырыбы: Қазақстан Республикасына саяси сипаттама.

Мақсаты: А)Егемендік, тәуелсіздік ұғымының мәнін ашу, демократиялық,

зайырлы құқықтық, әлеуметтік мемлекетке сипаттама беру.

Ә)Саяи танымдық белсенділіктерін арттырып, саяси мәдениетін

жетілдіру.

Б)Зайырлылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікір алысу, баяндау.

Көрнекілігі:қосымша материалдар, кестелер, карточкалар, т.б.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,оқушылар қатынасын алу, зейіндерін сабаққа аудару.

Тренинг «Білгенге маржан»

  1. Сабаққа қызыққан адам ғана біліп шығады.

  2. Шамасы келетініне сенген адам ғана біліп шығады.

  3. Осы білімнің болашағына қажет екеніне көзі жеткен адам ғана біліп шығады.

Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар білімдерін тексеру.



Жаңа тақырыпқа бағыттау



Қазақ халқы сан ғасырлар бойы егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің, қатер төнген сәтте бірігіп,ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.

Н.Ә.Назарбаев

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Егемендік пен тәуелсіздік –бір тарихи оқиғаның екі сатысы

2.Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы,құқықтық, және әлеуметтік мемлекет.


  1. Қазақстанның алдымен егемендігін, кейін мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы бір тарихи оқиғаның екі сатысы ел тарихындағы бір саяси оқиғаның екі датамен аталып өтілуі қоғамның сол жылдары қалыптасқан даму барысынан туындаған.






Егемендік пен тәуелсіздік - бір тарихи оқиғаның екі сатысы



1

Егемендік

(1990жыл 25 қазан)

Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация

-мемлекетті өзі басқаруы

-экономикасын өзі басқаруы

-табиғат байлықтарына иелік ету

-ішкі саясатта еркіндік алуы

2

Мемлекеттік тәуелсіздік

(1991 жыл 16 желтоқсан)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

-дүниежүзілік интеграцияға төте араласу

-халықаралық субьект ретінде танылу

-сыртқы саясаттағы бағытын өзі айқындау


2.Әлемде көптеген елдердің даму үрдісінде ұзақ жылдық тәжірибесіне сәйкес Қазақстан Республикасының даму бағытын ерекшелейтін Ата Заңымыз Конституцияда көрсетілген 4 атрибут бар. Олар Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. (1 бап, 1 тармақ)




Қазақстан Республикасы (саяси сипаттама)

Егемен

мемлекет

Демократиялық мемлекет

Зайырлы мемлекет

Құқықтық мемлекет

Әлеуметтік мемлекет





Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылылы ғы, дербестігі

Әділ сайлау, пікір алуандылығы демократиялық басқару әдістері, Республикалық құрылыс

Дін мемлекеттен бөлінген, билеуші дін жоқ, барлық діндер бірдей жағдайда

Адам құқықтары қорғалады, заң бәрінен жоғары,билік бөлінісі

Мемлекет бүкіл қоғамға қызмет етеді.Эконо мика халық үшін дамытылады.








Терминдермен жұмыс

Егемендік (орыс суверенитет, франц souverainete) – жоғарығы билік.

Демократия – (грек demos –халық, kratos - билік) халық билігі, халық басқаруы.

Республика – (res – іс, publicus – қоғамдық, жалпыхалықтық)

Тәуелсіздік – сыртқы және ішкі қарым-қатынастарда мемлекеттің басқа мемлекетпен толық тәуелсіз боуы.

Унитарлы – саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі.

Өздігінен орындалатын жұмыс:


Кестемен жұмыс.


Саяси сипаты


Саяси белгілері

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет



Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет



Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет



Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет




Сабақты бекіту.


1.Демократиялық мемлекет дегеніміз не?

2.Зайырлы қоғам дегеніміз не?

3.Құқықтық және әлеуметтік деген ұғымдарды қалай түсінесің?


Үйге тапсырма:

1.Қосымша материалдарды пайдалану арқылы Қазақстан Республикасына сипаттама беру.

2. «Құқық барда , Отан бар» шағын эссе жазу













Сабақ №4


Тақырыбы:Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы


Мақсаты: А) Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы жайында мағлұмат беру, Ата Заңның ерекшелігімен және негізгі жүйесімен таныстыру, тәуелсіз Қазақстанның заңының негізі екндігін ұғындыру.

ә)Заңдық білімдерін жетілдіру, конституциялық құрылыс жайында өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өз пікірлерін түйіндей білуге үйрету.

Б) Ата Заңды құрметтеу баршамызға міндет екенін түсіндіру, әр азаматтың конституцялық міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру. Ата Заңды құрметтей білуге үйрету, құқықтық тәрбие беру, азаматтық жауапкершіліктерін арттыру.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының Конституциясы, т.б.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап,өздік жұмыс орындау

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа зейінін аудару.

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?

2.Тәуелсіздік бізге қалай келді?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Ата Заңның тарихы

2.Ата Заңның құрылымы

3.Мемлекет, адам құқығы және Ата Заң.


Ашық сұрақ:

- Конституция дегеніміз не?

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы. Мемлекетте қабылданатын барлық заңдар, ережелер, қаулылар, құжаттар конституциясы негізінде ғана жасалады. Осылардың барлығы Конституция талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

    • Алғашқы Ата Заң (1993 жылы 28 ақпан)

    • Соңғы Ата Заңның қабылданған уақыты (1995жылы 30 тамыз)

    • Қандай тәртіппен қабылданды? (Бүкілхалықтық референдум негізінде).

1995 ж 30 тамыздағы Конституцияға 2 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

1998ж 7 қазанда ҚР Конституциясына 19 өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

2007ж 21 мамырда енгізілді.




Ата Заңның құрылымы туралы түсінік беру.


ҚР –ның Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)

Бөлімдер

Тақырыбы

Баптар саны

І бөлім

Жалпы ережелер

1-9

ІІ бөлім

Адам және азамат

10-39

ІІІ бөлім

Президент

40-48

ІV бөлім

Парламент

49-63

V бөлім

Үкімет

64-70

VI бөлім

Конституциялық кеңес

71-74

VII бөлім

Соттар және сот төрелігі

75-84

VIII бөлім

Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару

85-89

IХ бөлім

Қорытынды және өтпелі ережелер

90-98


Термин сөздігі

Конституция (constitution – құрылу, түзілу, өкім)

Референдум – (латын referendum – жариялану тиіс нәрсе) – мемлекеттің және қоғамның өміріндегі қандай да бір маңызды мәселе бүкілхалықтық дауыс беру, бүкіл халықтық пікірін сұрастыру.

Преамбула – Конституцияның кіріспе бөлімі


Оқушының өзіндік жұмысы

ҚР –ның Ата Заңы (9 бөлім, 98 бап)

Бөлімдер

Тақырыбы

Баптар саны




























Қорытындылау.

  1. Конституциялық мемлекет өміріндегі орны қандай?

  2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?

  3. Референдум дегеніміз не?

  4. Конституцияда Қазақстан мемлекетінде қандай сипат берілген?

  5. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?

Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасы Конституциясын оқып, мазмұндау, талдау.

Сабақ №5

Сабақтың тақырыбы: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)

Мақсаты: а) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып,

БҰҰ-ның құрылуы, мақсаты т.б. туралы мағлұмат беру.

ә)Өзіндік ой-пікірлерін жүйелі жеткізе білуге, дағдыландыру.

Б)Оқушыларды танымдық, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, баяндау, сұрақ-жауап т.б.

Көрнекілігі: Қосымша баспасөз материалдары, үлестірмелі карточкалар,

суреттер, т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу, зейінін сабаққа

аудару.

2.Оқушылар білімін тексеру.

3.Жаңа сабақ жоспарымен таныстыру.

1.БҰҰ құрылу тарихы

2.БҰҰ-ң мақсаты, негізгі бағыттары, басты органдары


БҰҰ- халықаралық бейбітшілікті сақтап, қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттер арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылып, дүниежүзілік мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін халықаралық ұйым. БҰҰ жарғысына 1945ж.26.06. 50 мемлекет өкілдері қол қойып, 1945ж 24.10. күшіне енді. Бұл күн – БҰҰ құрылған күні. Құрамында 192 мемлекет бар. 1991 ж 20.12. еліміздің сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекова ҚР БҰҰ-на өкіл етіп жіберілді. 31.12. БҰҰ-ң бас хатшысына ҚР-дің
Президенті қол қойған ҚР –н БҰҰ мүше етіп қабылдау туралы өтініші табыс етілді. 1992ж2 наурызда БҰҰ-на ҚР-сы мүше болып қабылданды. БҰҰ-ның 168-ші мүшесі болды. 1992 ж 5 қазанда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев алғаш рет БҰҰ-ның мінбесінен сөз сөйледі. БҰҰ-ның бас хатшысы - Пан Ги Мун. Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі 62 жаста.



БҰҰ-ның басты органдары




Бас ассамблея

Қауіпсіздік кеңесі

Хатшылық



Экономикалық әлеуметтік кеңес

Халықтық сот





Штаб пәтері Нью -Иоркте






БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғап, халықтық құқықты жүйелеу және оның ілгері дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Басты мақсаты – халықтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.


Сабақты бекіту сұрақтары

1.БҰҰ қашан құрылды, мақсаты?

2.Неше мемлекет мүше болды?

3.БҰҰ—ның басты органдарын ата?

Үйге тапсырма: Баспасөз материалдарынан БҰҰ жаңалықтарын жинау.


Сабақ №6

Тақырыбы: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы

Мақсаты: Азаматтың құқықтарымен бостандықтары туралы білімді

қалыптастырып, өз құқығын білімді қалыптастырып, өз

құқығын қорғай білетін, талап-талғамы терең, білімдерін жан-

жақты қалыптастыру. Адам құқығын бағалай білу мен

құндылықтардың маңызын түсіне білуге үйрету.

Сабақ типі: Жаңа материалдарды игеру

Сабақтың әдісі:әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі: Заңнан үзінділер, баспасөз материалдары, т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу, сабаққа зейінін аудару. 2.Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау. 3.Жаңа материал тақырыбымен таныстыру, баяндау.

Жер жүзінде1948ж 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассмаблеясы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын қабылдады. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат. Декларация 30 баптан тұрады. Декларация бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінген.

Адам құқығы





Табиғи және айырғысыз құқықтар

Азаматтыққа байырғы құқықтар мен бостандықтар

Экономикалық әлеуметтік мәдени құқықтар






Осы Декларация қабылданғаны жыл сайын 10 желтоқсан да өзге елдердің бәрінде «Адам құқықтарының күні» аталып өтіледі. Соңғы 50 жыл ішінде әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан аймақтық соғыстар, табиғи және экологиялық апаттар, нашақорлық, қарақшылық, жұмыссыздық – бәрі қосылып адамдарға келіп тіреледі. АҚЖ бірдей декларациясы адамды түріне, тіліне, саяси немесе діни сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік жағдайына,жылына қарамастан тең құқықты санайды.

Түсіндірме сөздік

Декларация - әртүрлі топтардың келісілген жалпы ұстанымдары мен мақсаттарын қалыптастыратын салтанатты акт. Пакт – халықаралық келісім

Сөйлемді толықтырыңдар:

1948 ж 10 желтоқсан – Адам...........Бұл мереке құқық қорғау қозғалысының тарихындағы қандай оқиғамен байланысты?

Сабақты бекіту.

1.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?

2.Декларация, пакт ұғымдарына түсініктеме беріңдер.

3.Адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының жіктелуін сипаттап бер.

Үйге тапсырма:Қосымша материалдар жинақтау, жазбаша жұмыстар орындау.

Сабақ № 8


Тақырыбы: Балалар құқықтары туралы Конвенция

Мақсаты: А) Оқушыларға дайындалған ақпаратты қолдана отырып, бала

құқықтары туралы конвенция жайында түсінік беру.

Ә)Оқушыларға адам құқықтары мен өздерінің күнделікті

өмірлерінің арасындағы байланысын табуға көмектесе

отырып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Б)Құқықты өмірде пайдалануға баулу.

Сабақ типі: Аралас

Көрнекілігі: Сызбалар, қосымша материалдар т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2. Оқушылар білімдерін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сұрау.


Жаңа сабақ жоспары:

1.Құқықтар беті.

2.Бала құқықтары туралы Конвенция


Сөз бостандығы

Бостандық пен сенім




Ауадай қажет

құқықтар

Жеке адам құқықтары және саяси мақсаттар







Азаматтық құқықтармен міндеттер




Жеке адамның негізгі құқықтары:

  • Сөз сөйлеу және баспасөз бостандығы

  • Ар ұждан бостандығы

  • Жиналу және бірігу бостандығы

  • Заң алдында әділетті қорғану құқығы

  • Әділетті сот құқығы және оның дұрыс жүргізілуі.


Терминологиялық сөздікпен жұмыс


Конвенция – бала құқығының әлемдік конституциясы.

Демократия-грек тілінен аударғанда «халық билігі»

БҰҰ-ң Бала құқықтары туралы Конвенциясы - әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтары жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстамдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар. Ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы)Қазақстан Республикасы оны 1994ж. Маусымның 8-де бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-ға есеп беру тиіс..

1954жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде балалардың амансаулығын қамтамасыз етуге бағытталған игі іс-қимылдарға арналған балалардың бүкіләлемдік бауырластығы пен өзара түсіністігі күні ретінде «Дүниежүзілік балалар күнін» мерекелеу үрдісін барлық елдерде енгізуді ұсынды. Қарашаның 20-сы – Бас ассамблеяның 1959жылы ЮБалалар құқы декларациясын, ал 1989 жылы – Балалар құқы Конвенциясын қабылдауымен ерекшеленеді.

Бұл балалардың құқықтарын қорғау саласындағы маңызды құжатты республикамыз 15 жыл бұын 1994 жылы ТМД елдері бірінші болып ратификациялады.

БҰҰ-ның Балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің есебіне қарағанда, жер шарында күніне 24 мыңға жуық жеткіншек безген ауруы мен аштықтан өледі екен, жыл сайын дамушы елдерде 11 млн. Бала бес жасқа жетпей өлім құшады. Әлемде алты милион бала аштық пен ашқұрсақтық салдарынан қаза табады. 121 млн бала мектепке бармайды.

Бала құқығын қорғау конвенциясы - әлем елдерінің барлығы дерлік ратификациялаған жалғыз ғана халықаралық құжат. Дегенмен, оған АҚШ пен Сомали әлі күнге дейін қосылған жоқ. Конвенция –өскелең ұрпақты білім алу, жақсы өмір сүру, озбрлықпен кемітушіліктен қорғау құқықтарымен қамтамасыз етуге шақырады.

Сабақты бекіту сұрақтарын қойып,қорытындылау.

Үйге тапсырма: Өзіндік ізденіс







Сабақ №10


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының « Балалардың құқығы туралы» заңы.

Мақсаты: А)Оқушыларға Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» заңымен таныстырып, ондағы негізгі құқықтарды айтып, құқықтық білімдерін арттыру.

Ә) Әр баланың құқығын жүзеге асыруға тәрбиелеу.

Б)Адамгершілік, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Сабақ әдісі: әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі:Ұлағатты сөздер, «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы

«Адам.Қоғам.Құқық» хрестоматия 9-сынып

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, т.б.


Халық бұқарасына жаппай құқықтық білім беру мәселелері Қазақстан Республикасында қарастырылған. 1995ж 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы жарлығы шықты. Заң сыйлағыштың мәдениеті бар, заңғы мойн ұсынатын азаматтар да,заңды бұзушылар да бала жастан қалыптасады. Заң алдында жұрттың бәрі тең. Конвенция – дүниежүзілік құжат.Қазақстан Республикасының «Балалардың құқықтары туралы заңы №345 -11 2002жылы 8 тамызда қабылданып, 10 тараудан және 53 баптан тұрады.

Неге бұл Заңды қабылдау керек болды? БҰҰ кітапшасынан «Адам құқықтары №10 фактілер жинағынан» бірнеше фактілер:

- жанұясынан кетіп, 100 миллионға жақын балалар ауыр жұмыс істейді, ұрлықпен айналысады, босқыншылық, кедейшілікпен өмір кешеді.

- 120 миллион бала 6 жастан 11 жасқа дейін мектепке баруға жағдайы жоқ.

- жыл сайын 3,5 миллиондайға жақын бала емделетін аурулардан өледі.

Балалар құқығының конвенциясы қол қойған мемлекеттерді балалар құқығының мәселелерін шешуге іс-шаралар қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қол қойып, осы мәселелерді шешу үшін « Баланың құқығы туралы » заңды қабылдады.

Қазақстан Республикасының Заңы

1 тарау - Жалпы ережелер

2 тарау - Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

3 тарау - Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

4 тарау - Бала және отбасы

5 тарау - Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың

құқықтары

6 тарау - Мүгедек баланың құқықтары

7 тарау - Бала және қоғам

8 тарау - Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін

қорғау

9-тарау - Қорытынды ережелер

Бұл заңды құқықтың нормалар негізінде балалар қоғамдық қарым-қатынасқа араласу және өз құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету даярлығы мен қабілеттерін дамыту, мемлекеттегі саяси жағдайларды бағалап, жауапты шешім қабылдау үшін біз танысып, талдаудан өткізіп, санамызда берік ұстауымыз қажет. Бұл заңда мемлекет пен халықтың саяси тарихына, өмір құбылыстарына, бала өзінің және басқа адамдардың іс-әрекетіне баға беру, түрлі жағдайларды аналитикалық және сындық тұрғыдан бағалау, жауапты шешім қабылдауға, жауапкершілікке, іскерлік қарым- қатынас жүйесінде дағды қалыптастыруға жол көрсетілен. Азаматтар өз құқықтарын, бастандықтары мен міндеттерін, заңдарды басқа да нормативтік құқықтық актілерді жақсы білуі тиіс.

Қорытындылау. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан , өз құқығымызды құрметтей білейік оқушылар.

Үйге тапсырма: Жазбаша жұмыстар дайындау.





























Сабақ № 11

Тақырыбы: Балалардың құқық нормаларын бұзу факторлары

Мақсаты: А) Оқушылардың алған білімдерін жаңа тақырыппен

байланыстыра отырып, жасөспірімдердің құқық нормаларын

бұзу факторлары туралы білімдерін толықтыру.

Ә)Ой-пікірін айту, білімді өмірмен байланыстыру, талдау

дағдысын дамыту.

Б)Құқық бұзушылыққа қарсы күреске білуге тәрбиелеу,

заңдылықты сақтауға үйрету.

Сабақ түрі: Ойталас

Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекілігі: Сызбалар,

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар қатынасын алу, психологиялық тұрғыдан дайындау.

2.Оқушылар өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жаңа материалмен байланыстыру.

Мектеп жасындағы жасөспірімдердің құқық нормаларын бұзу факторлары. Халқымызда 13 жастан баланы отау иесі деп атайды. Ал, қазіргі Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.


Құқықтық қабілеттілік

Әрекет қабілеттілігі

Әрбір жеке адамның өз басына тиісті құқықты пайдалану қабілеті туған кезде пайда болып өлген кезде жойылады.

Құқыққа ие болуы, өзі үшін міндеттер туғызу қабілеті 18 жасқа толған кезден пайда болады. Оған ҚР-ның барлық азаматтары ие болады.


Жасөспірімдердің құқық нормаларын бұзу факторы





Отбасындағы тәрбие, өнеге

Отбасындағы ынтымақтың бұзылуы

Отбасындағы ұнамсыз әрекеттер




Отбасының экономикалық-әлеуметтік жағдайының нашарлауы

Сыртқы ортаға әсері

Тобырлық санаға арналған басылымдар, жекеменшік телестудиялар т.б.




Мектеп ережелері мен оқушылар жарғысын өз дәрежесінде орындамау.




Құқықтық нормалар








Реттеуші,сақтаушы

ынталандырушы.

Жалпы негіздегі мінез .

Жалпы міндеттілік мемлекет тарапынан қабылданады.

Мемлекет тарапынан қорғалады.










Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы қажет.

Құқық қағидалары:

1.Әлеуметтік бостандық

2.Адамгершілік

3.Демократизм

4.Теңдік

Қорытындылау. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» - демекші барлығымыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсейік.

Үйге тапсырма:Мысалдар келтіру, сұрақтар дайындап келу.


















Сабақ №13

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

Мақсаты: А)Оқушыларға құқық қорғау органдарының құқықтық

мәртебесімен, қызметінің маңыздылығымен таныстыру.

Ә)Қоғамдық өмір қауіпсіздігінің маңыздылығын ашып көрсету.

Сабақ әдісі: Пікіралысу, сұлбалар арқылы түсіндіру

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, сұлбалар, т.б.

Сабақ жоспары:

1.Прокуратура органы, құқықтық актілері

2.Ішкі істер органдары туралы ұғым

3.Адвокатура ұғымы

4.Ұлттық Қауіпсіздік органдары


Сұрақтар арқылы пікіралмасуды жүргізу.

1.ҚР Прокуратурасы қызметінің негізгі міндеттері қандай?

2.Ішкі істер министрінің құрамы туралы не білесің?

3.Адвокат қандай қызмет атқарады?

4.Адвокат қоғамға, адам өміріне аса қажет пе?


Прокуратура – мемлекет атынан әрекет ететін мемлекет аумағында заңдардың,ҚР Президентінің жарлықтарының, өзге нормативтік құқықтық актілердің, іздестіру қызметінің анықтау-тергеудің т.б. заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Прокуратура (латын –қамын ойлайтын, басқарамын) алғаш рет ХІІІ-ХІVғ Францияда пайда болған.



Денсаулығының жарамдылығы

Прокуратура қызметін қабылдау кезіндегі қойылатын талаптар

Әскери қызметке жарамдылығы

Заңдық жоғары білімі

25 жастан асқан

3 жыл еңбек өтілі бар

3 жыл сайын біліктілік емтиханын тапсыру

Ант қабылдау



Н аразылық Қаулы


Н ұсқау Тапсырма


С анкция Ұсыныс

Арыз


ІІ. Ішкі істер министрлігі республика аумағындағы облыстағы, қаладағы ішкі істер басқармасының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалық, аудандық түзету мекемелерін – абақты ларды, лагерлерді, өрттен қорғау бөлімшелерін, ішкі әскерлерді басқарады.


Жедел басқарма бөлімдері

Қалалық, аудандық ішкі істер бөлімінің құрылымы

Май

Төлқұжат,штаб

Қосымша тергеу,секретариат

Кәмелеттік жасқа толмағанның

ісі жөніндегі полициясы,

иснпекцияның аумақтық

бөлімше


Оқушылар төмендегі сұлбаны толтырады.


Ұқсастық және даралық


Ә кімшілік полицияның Ұқсас міндеттері Криминалдық

міндеттері полицияның міндеттері




Әскери органның міндеттері

Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен (ҚР 13 б) реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегімен көрсететін ҚР-ның азаматы.


Адвокатқа қойылатын талаптар









-жоғары заң білімі бар -қасақана қылмысы үшін сотталған

-заңгер мамандығы бойынша - әрекет қабілеттілігі шектеулі

2ж кем емес стажы бар азамат -адвокаттар алқасынан шақырылған

-арнайы лицензиясы бар азамат -жағымсыз әрекеті үшін

босатылған күннен бастап 1 жыл

бойы құқық органында

жұмыс істеген адам



Венн диаграммасын құру


Адвокаттың өкілеттілігі

Ортақ белгісі

Адвокаттың

қызметі

Лицензиясы,

құқықтары,

Міндеттері,

кәсіби мінез-құлқы формалары,

құпиясы

Заңдылықты сақтау, адам құқықтарын қорғау,

заң көмегін беру

Алқасы,

жарғысы

Органы,

төрағасы

Заң консультациясы,

адвокат кеңесі


«Маған адвокат қызметі керек» ойыны.


Шарты: ойынға 2 оқушы қатысады, 1 –адвокат,2-заңды көмек алуға келген азамат. Адвокат 3-4 мин ішінде өзінің іскерлік қабілетін білдіріп, заң баптарын пайдаланып, кеңес беру қажет.

«Тосын жағдайларды» талдау.


Қорытындылау.

Прокуратура, ішкі істер органдары , тергеу органдары жинақталып келгенде – құқық қорғау органдарының күш құрылымы болып табылады. Ол кімдердің тарапынан болса да,мейлі өз еліміздегі азаматтардың, шетелдік азаматтардың тарапынан болсын заңдардың бұлжымастығын қорғау сақшылары болып табылады.


Үйге тапсырма: Жағдаяттарды баспасөз беттерінен алып дайындап келу.




















Сабақ №14

Тақырыбы: Билік бөлісу ұстанымы

Мақсаты:А) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып,

Қазақстандағы саяси биліктің тармақтары туралы мағлұмат

беру.

Ә) Саяси белсенділігін арттырып, өмірлік көзқарас

қалыптастыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: Пікіралысу, проблемалық сұрақтар, т.б.

Көрнекілігі: Қосымша материалдар, кестелер, карточкалар т,б,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа зейінін аудару.

Өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Білікті болу ұстанымдары

  2. Халық билігінің қайнары

  3. Саяси жүйе дегеніміз не?

Саясат дегеніміз – адамның бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен жеке адамдермен мемлекет және бтлікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі.

Мемлекеттік билікке қатысты бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе болып табылады.

Саяси жүйе дегеніміз – қоғамдағы билікті жүзеге асыруға тура қатынасы бар, мемлекеттік саяси, және қоғамдық органдар мен мекемелердің жиынтығы.

Қазақстан Республикасында саяси билікті жүзеге асырушы үкімет, сот органдары жатады.

Билік деп – адамдар арасындағы еріктен қатынастардың формасын айтамыз. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық болып табылады.


Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік

Қазақстан Республикасының Президенті



Атқарушы билік

Сот билігі



Заң шығарушы билік




Парламент (сенат,мәжіліс)

Үкімет

Сот және соттар төрелігі





Өзіндік жұмыс. Кестені толтыру.


Қазақстан Республикасының Президенті











Сабақты бекіту сұрақтары:


1.Саяси жүйе дегеніміз не?

2.ҚР-да биліктің неше тармағы бар?

3.Демократия ұғымына түсініктеме бер

4.БАҚ-ты төртінші билік деп те атайды, оның себебі неде?

Қорытындылау

Үйге тапсырма:



















Сабақ № 15


Тақырыбы: Құқықтық нормалар неге керек?

Мақсаты:а)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып қоғамдағы

адам тәртіптерін реттеуші нормалар,құқық түрлері туралы

мағлұмат беру.

Ә)Құқықтық сана мен жігерлікті дамыту.

Б)Адамгершілік, инабаттылық қасиетке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас

Сабақ әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Қосымша материалдар, мультимедия, үлестірмелі

карточкалар т.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу,

психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау.

2. Оқушылар білімдерін тексеріп өту.

3.Жаңа сабақ жоспары:

1.Құқықтық нормалар

2.Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі


1.Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында.Құқықтың алғашқы элементі, адамның өмірлік қызметі үрдісіндегі өздерін ұстау ережелерінің үлгісі, құқық нормасы деп аталды.


Норма (грек socitas – қоғам,лат. Norma – ереже ,үлгі).Ол әрбір жеке адамға ғана емес, тұтас адамдар топтарына да қатысты. Құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып , адамдар мен олардың ұйымдары сол нормаларды бұзбауға тиіс.


2.Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық қоғам өмірінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастарда реттілік орнатуға бағытталады.Құқық қоғамының саяси өмірінде және әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады.

Құқық азаматтардың өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда мемлекеттік органдар тарапынан нормалардың талаптарын бұзғандарға шара қолданылғанда ғана нақты іс жүзіне асқан болып табылады.


Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Құқықтық норма ұғымының мағынасын түсіндіріңдер?

2.Құқықтық нормалар неге қажет?

3.Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі қандай?

Үйге тапсырма: Қосымша материалдар жинақтау.

Сабақ № 17

Тақырыбы: Этика деген не?

Мақсаты: А) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, адам

бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді , халқымыздың

рухани байлығын сіңірте оытрып, әдеп әліппесі бойынша

ықпал жасау.

Ә)Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге,

адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыру.

Б)Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабқтың әдісі:әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі:қосымша материалдар, суреттер, мультимедиа

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылар қатынасын алу.

2.Оқушыларды жаңа сабақ жоспарымен таныстыру.

1. Әдеп сөзіне түсінік

2.Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны.

3.Әдептіліктің қоғам өміріндегі маңызы

4. Әдептіліктің өркениеттілікке әсері

5.Әдептіліктің рухани өмірге тигізетін әсері.

Сұрақ: - Әдеп дегенді қалай түсінесіңдер?

-Әдептілік қайдан басталады?

1. Әдеп сөзі – қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жинынтық атауы Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық шегінен шықпау. «Әдеп» термині б.з.б. IV ғасырда ежелгі грек пәлсапасында (философиясында) қолданыла бастаған. Ол жеке ғылым саласы ретінде Аристотель еңбектерінде, кейіннен Әл-Фараби шығармаларында әр қырынан баяндалған. Жалпы адамзатқа тән мінез-құлық ережелерін белгілі бір ортақ нормаларға топтастыруға болады. Бұл әдептік нормаларды ешкімнің жарлығымен немесе өкімет шешімімен реттестіруге болмайды, ол әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. этностық таптаурындар түрінде дамып отырады.

Белгілі бір қоғамда жүйелі тәртіп сақталмайынша, алға жылжу мүмкін емес.Әдеп сөзінің мағыналық ауқымы өте кең.

Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуын әсер еткен факторлар


Аналық рудың пайда болуы

Тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу

Қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм)










2.Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз – кісінің өзі қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, қандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-құлық тәртібіне сай ұстауымен қатар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны қанағаттандыра алуы.

3.Қандай да болмасын қоғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы - әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де «Адам әдепті болуғы тиіс» деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқтырады. Өйткені тәртіп - әдептің бір түрі.

4. Өркениеттілікке жету үшін ең бірінші кезекте, әдептілік, имандылық, инабаттылық, ибалыққа қолл жеткізу керек, бұл жолда күрестен тайынбау қажет. Иә, табаны берік, тұғыры биік мемлекет деңгейіне көтерілу, өркениетті елдермен иық теңестіру дәрежесіне жету үшін шалқар материалдық байлықпен бірге зор рухани байлық, асқақ рух керек. Сезімі биік, рухы берік ел ғана өркениетке жете алады.


5. Әдептілік – адам өмірінің рухани ұйытқысы. Мұның өзі әдеп-инабаттылықтың қаншалықты қажеттігін, оның адам болмысымен біте қайнасып жататынын және оның мәнісі әдептілік сананы қалыптастыру, оның жоғарғы көрінісі- ар-ұжданға, яғни, әдеп-инабаттылық өлшемдерінен бас тартқызбайтын ар-ұжданға ие болу дегенді ұқтырады.


Оқушының өзіндік жұмысы.

«Жалғастыр» ойыны


  1. Үлкен кісіні - ...... (сыйлау керек)

  2. ӘДепті бала - ...... бал (арлы)

  3. Жақсы сөз - ..... ырыс (жарым)

  4. Жақсыдан үйрен – жаманнан ...... (жирен)

  5. Ұлттық тәрбие - ... үлгі (ұрпаққа)


Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: Мысалдар келтіріп, сұрақтар дайындап келу.











Сабақ №18

Тақырыбы:Мораль.Мораль нормалары.

Мақсаты: а)Оқушыларға мораль ұғымының мәнін ашып, түсінік беру.

ә)Тақырып бойынша түсінік бере отырып, моральдық сананы

дамыту.

Б)Оқушылардың моралі жоғары және адамгершілік қасиеттері мол

болып өсуіне ықпал ету.

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат,өздік жұмыс,тб.

Көрнекілігі: Оқулықтар, баспасөз материалдары, тірек-сызбалар т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

Мұғалім шеберлігіне байланысты әртүрлі формада оқушылардан үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақтың жоспары.

1.Мораль дегеніміз не?

2.Моральдың қоғамдағы функциялары.

3.Мораль және құқық.

Мораль (лат.moralis - әдет-ғұрып) дегеніміз – адамдардың бір-бірімен, қоғаммен қарым-қатынастарын анықтайтын адамдардың өздерін ұстау нормаларының жиынтығы.

Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптаса бастады.

Мораль нормалары қоғамдық пікірмен реттеледі.


Мораль

ғұрып



Дәстүр

Жора



Мораль функциялары


Реттеушілік

Танымдық

Тәрбиелік









Мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, құқық мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесі арқылы жүзеге асады. Мораль мен құқық бірін-бірі толықтырады. Құқықтық нормалардың бәрінің моральдық негізі бар.




Оқушылардың өзіндік жұмысы.


1.Төмендегі ұғымдардың пайда болу ретімен орналастыр.

Құқық – мемлекет – қоғам

2.Мына жағдаяттарда қандай нормалар (моральдық па, құқықтық па?)

1.Оқушы автобуста кәрі кісіге орын бермеді.

2.Медет тауық ұрлап, оны сатты.

3.Жүргізуші жол ережесін бұзды.




Венн диаграмасы















Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Мораль ұғымын қалай түсінесің?

2.Мораль мен құқықтың қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?

3.Мораль бұрын пайда болды ма, әлде құқық па?


Қорытындылау.

Құқық моральдың дәйектілігін ,ал мораль құқықтың тиімділігін арттырады.


Үйге тапсырма.

Жағдаяттар ойластырып жазып келу.







Сабақ №19


Тақырыбы: Моральдың негізгі санаттары.

Мақсаты: а)Морлаьдың негізгі санаттарының мәнімен таныстыру.

ә)Оқушының білімдерін дамыту, құқықтың мәдениетін

жетілдіру.

Б)Оқушыларды жоғары моральдық қасиеттерді құрметтеуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас, пікір алысу, пікір талас

Сабақ әдісі:Баяндау, оқушылармен жұмыс, пікір алысу, пікір талас.

Көрнекілігі:Таратпа материалдар, кестелерт.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2.Оқушылар білімін тексеру.

1.Морал дегеніміз не?

2.Моральды қоғамдық сана деп есептеуімзіге бола ма?

3.Мораль мен құқық нормасының ара қатынасы?


Жаңа сабақтың жоспары:

1.Моральды бағалау түсініктері

2.Мораль санаттары

3.Моральдық мұрат


Адамның өзін ұстауына жетекшілік етуге қатысты мораль санаттары деп аталатын бағалаушы ұғымдар қолданады.














Эгоизм (латын.ego. - мен) - өзімшілдік, жеке басының мүддесін басқа адамдардың мүддесінен, қоғамдық мүддеден артық санайтын қағида.

Альтруизм (франц. altruisme , латын. аlter – басқа, бөтен) – қара басының қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын адамгершілікті қағида. Альтруизм – мағынасы жағынан өзімшілдікке қарама-қарсы санат.

Моральдық мұрат.Әр адамның көңілінде өзі нысана еткен, ардақ тұтатын бейне болады. әсіресе жастар жағы ондай мұраттарға көбірек бой алдырады. Моральдық мұрат адамның өзі өмірде көріп, кездесіп жүрген қадірлі адамдардың бейнесінде, кейде көркем шығармалардың кейіпкері, өнер шеберлері кейпінде болуы мүмкін.

Пікірталас сұрақтары:

  • Қазіргі өмірде альтруизм адамдар көп пе?

  • Эгоизмдік қазіргі өмірде басым ба? әлде?

Мысалдар келтіріңдер.

  • Қандай жаман қасиеттерді көбірек кездестіреміз?


Оқушылардың өзіндік жұмысы.

«Тұрғыда тұр»


Мораль нормаларының бәрі қатаң сақталуы тиіс.

Мораль нормаларының тиімділігіне қарай сақтау керек.

Мораль нормаларын сақтау міндет емес.







Бекіту сұрақтары:

1.Моральдың негізгі санаттарын атаңдар?

2. Моральдық санаттарға сипаттама беріңіздер.

3. Моральдық жауапкершілік деген не?


Үйге тапсырма: Жағдаяттар ойластырып жазып келу.











Сабақ № 20

Тақырыбы: Адам – қоғамның қымбат қазынасы.

Мақсаты: А)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, адам

деген ұғымның мәнін ашу, адамның жалпы сипатымен таныстыру.

Ә) Құқықтық көзқарастарын жетілдіріп,ойлау, сөйлеу, қабілетін

дамыту

Б)Қоғамдық өмірге белсенді араласу қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап, пікір

Сабақтың типі:Аралас

Көрнекілігі:Сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексреу.

2.Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар түсінігін тексеру.

1.Мораль дегеніміз не?

2.Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар.

3.Альтруист, эгоист , мұрат ұғымдарының мағынасы қандай?

4.Мораль мен құқық нормаларының ұқсастығын айырмашылығын атаңдар

3.Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Адам мәселесі

2.Адамның басты нышандары

3.Адам-қоғамның қымбат қазынасы


Сонау алыс ракеталарды бетке алып,

Талай-талай ракеталар кетті ағып,

Сенсің, Адам,-менің жарық жұлдызым

Саған ғана жетсем болды, тек барып!

Расул Гамзатов.

Адам –жерде мекен ететін тірі организмнің жоғары сатыда дамыған түрі, қоғамдық-тарихи қызмет мен мәдениет субьектісі, биоәлеуметтік мәнділік

Адам – абсолют құндылық, барлық танымның өлшемі. Бізідң мемлекетімізді ең жоғарғы құндылығы – адам, оның өмірі,құқығы және бостандығы.



Биологиялық

Психологиялық


Әлеуметтік








Адам мәселесі


Адамның қазіргі күйі

Адам мәні

Адам өмірі

Адамның рухани дүниесі

Адамның болашағы





Адамның тәні




Адамның жаны





Адамның шығу тегі





Адам жаңалық атаулының жасаушы, мәдени құндылықтардың иесі.



Қоғамды Ақыл иесі Шығармашылыққа ұмтылушы

д амытушы


Мораль және бостандық иесі


С ана иесі

Табиғаттың бір бөлігі



Мәдени

құндылықтар иесі Дүниені жаңартушы Адамгершілік иесі


Мемлекетіміздің «ҚР-сы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтар» деген қастерлі сөздерді Ата Заңымыздың І бабына кіргізген.

Барлық адам баласы тең болып жаратылғаны, оларға жаратушы белгілі бір ғұмыр, бостандық және бақытты өмірді аңсаушылық сияқты қасиеттер бергені айдан анық. Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Адамды неліктен биопсихоәлеуметтік тұлға ретінде қарастырады?

2.Адамның өзге тірі организмдерден айырмашылғы неде?

Сабақ №21

Тақырыбы: «Қасым ханның қасқа жолы» атты құқықтық нормалар жинағы.

Мақсаты:а)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, ХVIғ.

хандық еткен қазақ ханы Қасымның құқықтық нормалар

жинағымен оқушыларды жан-жақты таныстыру.

ә)Оқушылардың құқықтық көзқарастарын жетілдіріп, еркін

пікірлеуге үйрету.

б) Жаңа сабақтың мазмұнына оқушылар назарын аударып, елін,

туған жерін құрметтеуге , құқықтық сананы қалыптастыруға

тәрбиелеу.

Сабақ типі:Аралас

Сабақ әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап, пікір алысу,өзіндік жұмыстар орындату.

Көрнекілігі: Энциклопедия, суреттер, сызбалар,т.б.

Сабақтың өтілу барысы: : 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2. Оқушылар білімін мұғалім өз қалауынша әдіс-тәсілдерді пайдалана

отырып сұрау.

3.Жаңа тақырытың жоспары:

1. Қазақ қоғамындағы құқық түрлері.

2. Қазақ билерінің міндеттері

3.Қасым ханның құқықтық жүйесі

Құқық түрлері.





















2. Билер – ру және тайпа басшыларының, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер. Ең ықпалды ру басылары хан жанындағы билер кеңесіне кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған.














3.Қасым хан тұсында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді.Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып, қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалған.Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған.

«Қасым ханның қасқа» жолы 5 бөлімнен тұрды.

    • Малға,мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.

    • Түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар.

    • Әскери қызмет атқару ережелеріне, әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар

    • Елшілік қатынастарды реттейтін нормалар, елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшлігін қабылдау, келіссөз жүргізу рәсімдері.

    • Әруақтарға арнап ас беру, түрлі той думан, дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі.








Оқушылардың өзіндік жұмысы.


Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет «Қасым ханның қасқа жолы» атты 5 бөлімнен тұратын заң шығарды.

1

2

3

4

5


Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Қазақ қоғамындағы құқықтың түрлері атаңдар?

2.Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атақарған?

3.Қасым ханның құқықтық нормасының маңызы қандай?


Сабақтың қорытындысы: Бүгін сабақта: Мен білдім....Мен үйрендім...Маған ұнады...Мен білгім келеді....


Үйге тапсырма: Тарихи әдеби кітаптар оқып келу, өзіндік ізденіс.





























Сабақ №22

Тақырыбы: «Есім ханның ескі жолы» құқықтық жүйесі.

Мақсаты:а)оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, хан Есімнің

құқықтық жүйесі туралы жан-жақты таныстыру.

ә)Сабақ барысында оқушылардың танымдық ойлау, талдау

салыстыру қабілеттерін дамыту.

б)Құқықтық тәрбие беру

Сабақ типі: Аралас

Сабақ әдісі: Сызбалар қолдану арқылы баяндау,өзіндік тапсырмалар

орындау,т.б.

Сабақ көрнекілгі:Қосымша материалдар, баспасөз

материалдары,үлестірмелі қағаздар, тірек-сызбалар т.б.

Сабақтың өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2.Өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру.

1. «Қасым ханның қасқа жолын» еніздің қандай маңызы болды?

2. «Қасым ханның қасқа жолы» қандай ережелерден тұрды?

3. Қасым хан заңының ішкі жағдайды нығайтуда қандай рөл атқарды?

Оқушылардың жинақтап келген материалдарын сыныпта оқып танысу.

Үй тапсырманы қорытындылап, жаңа сабақпен таныстыру,байланыстыру.

Қазақтың шежірелерінде Есім ханның қызметіне жоғары баға беріледі. Хан Қасымның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана ілген.


«Есім ханның Есім ханның Тәжірибелі

ескі жолы» басты мақсаты қолбасшы

д.а. заңның Қазақ хандығын

а вторы нығайту.



Білікті саясатшы Есім ханға Ірі мемлекет

мінездеме қайраткері



Ерлігімен көзге 1598-1628 ХVІІІ ғ.Есімге

Түскен жылдары қазақ арналған

елін басқарған «Еңсегей бойлы

ер есім» атты

тарихи жыр шыққан.

«Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған.

Қоныс - тұраққа, мал-мүлікке адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-жанжал шешімдері осы кезде сараланды.Жаугерлік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның ірі қайраткер екенін көрсетті.

Ә деп-ғұрып заңы Ел қорғанысын нығайту




Мал мүлік туралы « Есім ханның Есім хан мен оның

бап ескі жолы» деп кеңесшілері «Қасым

аталатын құжатқа салған қасқа жолды»

сипаттама негізге алып өңдеп,

толықтырған



Қоныс тұрақ туралы Адамдар арасындағы Кейін «Тәуке ханның

бап қатынас туралы бап жеті жарғысына»

негіз болды.

Есім ханның заңы мемлекет билігін құқықтық жүйені реттеуде маңызды рөл атқарды.

Оқушылардың өздігінен орындалатын тапсырма.

Венн диаграммасы


Айырмашы -

лығы









Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Есімхан қай жылдары ел биледі?

2.Есім ханның құқықтық жүйесінің қандай маңызы болды?

3.Тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

Тақырыпты қорытындылау:Тәрбиелік мазмұнын ашу.Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес, сонда қалдырған өнегелі үлгісімен,өрнекті ізімен, кемелді ісімен өлшенеді.

Мұрат Иман Жапар

Үйге тапсырма: Тарихи әдеби кітаптар оқып келу, өзіндік ізденіс.




Сабақ №23

Тақырыбы: «Тәуке ханның жеті жарғысы»

Тәукенің атын атаса- ақ, бар қазақтың

жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді.

қазақ ордасының Ликургы,

Драконты – сол адам» А.И.Левшин.

Мақсаты: а)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, Тәуке

ханның жеті жарғы құқықтық нормалар жинағы және оны

жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтерін

жан-жақты таныстыру.

ә)Оқушылардың құқықтық танымдық белсенділіктерін арттыру,

ойлау,пікірлеу қабілетін қалыптастыру.

б)Адамгершілікке құқықтық тәрбие беру .

Сабақ типі: аралас

Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс орындату.

Көрнекілігі: Қосымша материалдар, баспасөз материалдары, үлестірмелі

қағаздар, тірек-сызбалар т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2.Оқушылардың білімдерін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойылады.

А)Есім ханға мінездеме беріңдер

Ә) «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын құжатқа сипаттама беріңдер

Б) «Есім ханның ескі жолының» қандай құқықтық маңызы болды?

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. «Жеті жарғы» ата заңының ережелер туралы

  1. Билер институты

Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болған. Билер сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде, даулы мәселелерді шешуде қосқан үлестері зор болған.

Халқымызда бұл атақты үш бидің алатын орындары ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын,салт-дәстүрін сақтап қалуда аса зор еңбек сіңірді.

Тәуке ханның халықты біріктірудегі қызметі жайлы, «билер кеңесі» мен «жеті жарғы» заңы, «Күлтөбенің басында күнде кеңес» ұғымы жайлы баяндай отырып, бір-бірін байланыстыра түсіндіру қажет.










Билер институты. Құрылтай.


Күнделікті құқық мәселелерді

1 .Билер кеңесі Шаруашылық жүргізіп

белсенділігі өсті отырды

Әскери және

Идеологиялық


Тәуке хан

тұсында 2.Төлеңгіттер Түрлі міндеттер Алым-салық

жинау


3.Жалпыхалықтық Әскери іс Қабылданып,

құрылтай /күзде Басқа елдермен өзгертіліп

шақырылды/ қатынас отырған

Құрылтай шешімін


2.Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден тұратын ережелер жинағы.Қоғамдық қатнастарды белгілі бір жүйеге түсірген жет тараудан тұратын ережелер жинағы.Қоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген 7 тараудан тұратын ережелер жинағы. Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік деген ұғымды білдіреді. «Құн» дегеніміз – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу.


Ж еті жарғы



Жер дауы Жесір дауы Құн дауы Ұрпақ тәрбиесі


Қылмыс Отбасы қатынасы



Адам өлтірген айыпкерге



Қасым хан Тәуке хан

Есім хан заманында

з аманында


Ө лім жазасы Жеті түрлі жаза белгіленді


Ақсүек құны Қара қазан Қара нар

Қарашадан Қара мылтық Қара кілем

7 есе артық

Жеті жарғы


Құдайға тіл тигізсе Әйел зорласа

Таспен атып өлтіру Кісі өлтірумен бірдей


Жеті жарғы 1867-1868жылдарға дейін міндет атқарды.


Оқушымен жұмыс:

Жеті жарғының

бөлімдері

Мәні мен мазмұны

1



2



3



4



5



6



7



1.Дұрысын сілтеме арқылы көрсет.

Әйтеке би арғын

Қазыбек би дулат

Төле би аршын

2.Тәуке хан қай жылдары ел биледі?

А) 1523-1538ж

Ә)1582-1598ж

Б)1680-1715

В)1598-1628

3.Әйтекек бидің шын аты?

А)Айтық

Ә)Айтбек

Б)Айтжан

В)Айбек

4.Қазыбек бидің өмір сүрген жылдары?

А)1663-1756ж

Ә)1682-1766

Б)1667-1764

В)1668-1764

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  1. «Билер кеңесі» қай жерлерде өткізілді?

  2. Қазақтың билерінің қоғамдағы рөлі қандай болды?

  3. Жеті жарғы заңына түсінік беріңдер.

  4. «Жеті жарғы» заңы қоғамдық өмірдің қандай салаларын қамтыды?

Қорытындылау. Үйге тапсырма: «Жеті жарғы» - қазақ мемлекетінің бірінші төл заңы» эссе жазып келу.

Сабақ №24

(2 сағат)

Тақырыбы: Отбасы.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері.

Мақсаты:А)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып,

отбасының әлеуметтік қызметі және отбасы мүшелерінің

құқықтары мен міндеттерін анықтауға үйрету.

Ә)Ата-ананың, баланың міндеті мен құқықтары жайлы білім

беру, алған білімдерін өмірмен байланыстыру.

Б)Құқықтық тәрбие бере отырып, адамгершілікке,

жауапкершілікке баулу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі:Сызба, кесте, қосымша әдебиет .т.б

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар білімін өткен сабақтар бойынша түсінігін тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру.

І. Қызығушылықты ояту.

  • Отбасы дегенді қалай түсінесің?

  • Отбасына қатысты қандай сөзді білесің?

  • Қазақта не үшін «жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз бар?

  • «Тек» дегенді қалай түсінесің?

Ата салтың – асыл қазынаң

Бір аңызда көрші отырған қазақ тайпаларымен Цинь империясы жиі соғысыпты. Неше дүркін қырып-жойып, қаншама жерін басып алса да қазақтың жас буыны өсіп жетіле келе жанкешті ұрыс салып, ата қонысын қайтарып алып беріпті. Цинь патшасына көп жыл қазақ арасында жансыз болып жүріп, бүгін халықтың құдірет күші неде екенін зерттеген бір ғұлама: «бұл халықта шежіре деген қасиетті кітап бар. Ол құрымай бұл халықты құрта алмайсыз. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа рух беріп, ұлттық қасиетін сақтап, ата-бабаларының жерін, тілін дәстүрін содан оқып үйреніп, қуат алып отырады» деген екен.

Халық ешбір халықта жоқ осы асыл қазынасын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі көшіріп отырған.

Өкінішке орай қазір жеті атасын білмейтіндер, немере, шөбере, жиен-нағашыларының өзі бірін-бірі түстеп танымайтындары көбейді. Жесірін тентіретпейтін, жетімін жатқа телміртпейтін қазақы қасиеті, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілік әркез таныта бермейтін болып барады.

«Жеті атасын білген ұлт

Жеті жұрттың қамын жер

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер»-деген халық даналығын кейінгі ұрпақ зердесіне тоқуы қажет.

-Қазақ не үшін «жеті атасын білмеген жетесіз» деген?

-Өйткені жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен.

Оны ғылым дәлелдеп отыр. Мысалы: өзінде 100% қан болса , балаңда 50%, немереңде 25%, шөбереңде 12,5%, шөпшегінде 6,3%, неменеңде3,1%, туажатыңда 1,5% қаның болады. Демек қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып, ұрпақ азатынын қазақ әу бастан білген екен.

Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» поэмасы неге трагедиямен аяқталады. Соған тақтадағы кесте арқылы көз жіберейік.



Екеуі бір-біріне ғашық болып, бір түнде үйленеді








Көкенайдың атқан оғы Қалқаманның санына тиді. Ажалсыз Қалқаман еліне өкпелеп,нағашы жұртына кетіп қалды

Туыстары, ағасы Көкенай бұл некеге қарсы болады. Намысқа шыдамай қарындасын атып өлтіреді.









Баспана

Материалдық-экономикалық және шаруашылық –тұрмыстық қызмет



Ұрпақ жалғастыру





Түрлі қайшылықтардан шығу


Тәрбиелік қызметі




Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның тірегі, алғашқы ұясы, ал отбасындағы әр адам – мемлекеттің бірден-бір қайнар қазынасы.

О тбасы түрлері






Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау.


Баланың отбасындағы құқықтары

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

Баланың міндеттері

-Ата-аналармен бірге тұру

-Тамақ ішу

-Тәрбиелеу

-Қамтамасыз етілу

-білім алу

-10 жастан бастап ата-анасы ажырасқан жағдайда кіммен тұратындығын таңдау

-Әлеуметтік көмек алу

-Алимент алу

-Еңбек етуге

-Өз пікірін білуге

-Мүлікке ие болу

-Баланың өз атын, әкесінің атын алуға

т қою

Баланы құрметтеу

-Қамқорлық жасау

-18-ге толғанша асырау

-тәрбиелеу, білім беру

-Мектеп таңдау

-14-ке толмаған баласының құқық бұзғаны үшін жауап беру және т.б.

-Ата-анасын құрметтеу

-Ата-анаға қамқорлық жасау

-Қартаған ата-анасына көмек көрсету

-Мектеп заңы,жарғысына бағыну және т.б.


Бала құқығын қорғайтын құжаттар мыналар екенін еске сала кеткен дұрыс.

  • 1998ж БҰҰ бекіткен «Бала құқығы туралы» конвенция

  • ҚР конституция

  • 2002ж 8 тамыз бекітілген «ҚР бала құқығы туралы » заңы

Өзіндік жұмыс.

Ата-ананың міндеті

Баланың міндеті





Сабақты қорытындылау.


Үйге тапсырма: «Мен шағын мемлекеттің мүшесімін» эссе жазу.







Сабақ№26

Тақырыбы: Мектептің ішкі тәртібі

Мақсаты:Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, мектептің

жарғысы, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы

норма, оқушылардың мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің

алғашқы негізін қалайтындығын ұғындыру. Құқықтық сана-

сезімін қалыптастыру.

Сабақ типі:Аралас

Сабақ әдісі: әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, сызбалар, қосымша материалдар, т.б.

Сабақ барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, оқушылар

қатынасын алу.Зейіндерін сабаққа аудару.


2.Мектеп өмір баспалдағы. Бойына жақсылық дарытатын, білімнің сырына жетелейтін қасиетті де қимас алтын ұя мектеп.

Жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік мекемелердің бірі ретінде оқушыларға заман талабына сай лайықты, құқықтық білім беру, олардың құқықтық сана-сезімін қалыптастырушы. Мектеп оқушыларға алғашқы күннен бастап мектептің ішкі тәртіптерін, талаптарын қойып оқушы құқықтары мен міндеттерін, оны лайықты мінез-құлық ережелерімен ұштастыру қажет. Мектеп ережелері мен оқушылар жарғысы өз дәрежесінде оырндалмауы құқықтық тәрбиеге кері ықпал етеді.

Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

Оқушылардың құқықтары:

1.Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;

2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;

3.Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек,түсінік, жауап алуға;

4.Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

5.Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

6.ӨЗ қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, спорт секцияларына қатысуға;

7.Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

Оқушылардың міндеттері:

1.Әрбір адамның ар мен намысын құрмететй отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

2.Оқуға арналған уақтты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

3.Әрқашан мкетеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін, қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

4.Мұғалімдер мен мектептің басқа қазметкерлерін қадір тұту, мкетеп директорының, мұғалімдерінің педагогикалық ұжымының нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің қарарларына бағыну.

5.Мінез-құлық ережелерін сақтау:

-үлкендерді құрметтеу;

-басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол беромеу;

-өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу;мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тиым салынады.оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

6.Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

7.Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу.

8.Үлкенге – құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

Оқушылардың өзіндік жұмысы.

«Ой елегінен өткіз»

Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң сызып таста.

  1. Оқушы неге құқылы?

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға

2)Оқушы неге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға,басылымдарға жазылуға, оқулықтарын таза ұстауға, мектеп тәртібін сақтуға, үй тұрғызуға.

Нақыл сөздер.

Тәрбиелі – тәртіптің құлы,

Тәртіпті – елдің ұлы

(Б.Момышұлы)

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық

Ғабиден Мұстафин


Қорытындылау.








Сабақ №27

Тақырыбы: Азаматтық

Мақсаты: а)Оқушыларға азаматтық туралы түсінік беру, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңынан азаматтық туралы қағидаларының мазмұнын түсіндіру.

ә)Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып, азаматтық алу ұстанымдары жайлы білімдерін жетілдіру.

Б)Азаматтық, Отаншылдық тәрбие беру.

Сабақтың типі:Жаңа тақырыпты игерту

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап т.б.

Көрнекілігі: Кестелер, сызбалар Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңы, т.б.

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу, сабаққа зейінін аудару.

2.Оқушылар білімін өткен тақырыптар арқылы тексеру.

3. Жаңа сабақтың жоспары:

1.Азаматтық туралы жалпы түсінік

2. ҚР азаматтығын алу және азаматтықтан шығу

3.Қос азаматтық

Қызығушылықты ояту.

- «Қазақстан Республикасының азаматы « деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жауаптар әртүрлі болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы азаматтығы - адам мен мемлекет арасындағы құқықтар мен міндеттердің жиынтығын білдіретін тиянақты саяси құқықтық байланыс.


Тумысынан азаматтық алу ұстанымдары


Тумысынан азаматтық алу ұстанымдары

Ұлттық ұстаным

(қан құқығы)

Аумақтық ұстаным

(«топырақ құқығы»)

Ұстанымдық мәні

Баланың азаматтығы оның қай елде туылғанына қарамастан ата-анасының, азаматтығымен айқындалады.

Баланың азаматтығы оның ата-анасының азаматтығымен емес, қай елдің аумағында туылғанымен айқындалады.

Ұстанатын елдер

Қазақстан

АҚШ


Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған (1993ж 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) «Азаматтық туралы заңы» бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.

Қазақстан Республикасы Конституциясында: «Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қанда негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқының айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды.Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды» делінген 10-бап.

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылданбайтын жағдайлар

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын азаматтығы жоқ адамдар өзінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдай алады.

Халықаралық құқықта қаралған адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар

Қазақстанда кемінде 5жыл тұрақты тұру.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар

Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса

Халықтың денсаулығына, мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы заңды бұзғандар

1992жылдың 1наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңы бойынша Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Мемлекет аралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар


Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы шыққандар


Террорлық әрекеті үшін сотталғандар


Ерекше қауіпті ауыр қылмыстылар


Басқа мемлекетте азаматтығы барлар


Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика азаматының басқа бір мемлекетке азамат болғандығын мойындамайды.

Бипатрид - қос азаматтығы бар адам.

Азаматтықты куәландыратын құжат – куәлік пен төлқұжат.





Өзіндік жұмыс. Кесте толтыру.


Тумысынан азаматтық алу ұстанымдары


Ұстанымдық мәні


Ұстанатын елдер



Бекіту сұрақтары:

1.Қос азаматтық дегеніміз не?

2.Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданады және қабылданбайды?

Үйге тапсырма: «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» жазбаша жұмыс.

































Сабақ №28 (2 сағат)

Тақырыбы:Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі

Мақсаты:А)Оқушыларға қылмыстық қоғамға қауіпті әрекет екені,

кәмелетке толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік,

жаза түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Ә)Қылмыстық іс-әрекеттен сақтандыру, логикалық ойлау

қабілеттерін арттыру.

Б)Құқықтық жауапкершілігін арттыра отырып, заңсыйлағыштыққа

тәрбиелеу.

Сабақ типі. аралас

Сабақ әдісі: Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, баяндау, оқушының

өздігінен жұмысы.

Көрнекілігі:Оқулықтар, баспасөз материалдары, тірек-сызбалар т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеріп өту. Сабақтың жоспары:

1.Қылмыс туралы түсінік

2.Қылмыс белгілері, санаты

3.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі


Ашық сұрақтар:

  • Қылмыс ұығымын қалай түсінесің?

  • Қылмыстық қандай зардаптарын білесіңдер?

  • Жасөспірімдер неліктен қылмысқа барады?


Жаңа сабақ жоспары:

1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

2.Жаза түрлері

Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық, ал заң тыйым салған әрекетке бару. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі. Бұл күнде кәмелеттік жасқа толмағандар да көптеген қылмыстар жасайды. Олар жекелей де, топ болып та ұйымдасып та жасайды.

Кәмелетке толмаған адам деп қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адам танылады.

Жасы 16-ға тлған адам қылмыс жасаса жауапқа тартылады, бірақ кейбір жағдайда 14 жастан бастап та жауапқа тартылады.

Қылмыс түрлерімен таныстырып өту.Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жазалар мынадай:

  • Айып салу

  • Белгілі бір кәсіппен айналысу

  • Қоғамдық жұмыстарға тарту

  • Тәртібін түзету жұмыстары

  • Тұтқындау

  • Еркінен айыру т.б.

Термин сөздермен жұмыс.

Жаза (ағылшын penalty)- қылмыс жасаушыда кінәлі деп танылған адамға сто үкімі арқылы тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы

Вандализм – мәдениет мұраларын, зиратты, т.б. қасиетті орындарды қирату.

Қылмыс – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет


Оқушылардың өзіндік жұмысы


Құқықтық сөз жасырылған мақалдарды орында.


1.Бір қазаға екі ----------------жоқ (жаза)

2.Мен---------қылған күні ай жарық болды (ұрлық)

3.Би екеу болса, --------төртеу (дау)

4.Әр елдің ----- басқа, иттері қара қасқа (заңы)

5. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,

Жаманға сырыңды айтсаң көпке ----болар (айғақ)

6.Жолға шықсаң сайлан, ------бес байлан (қару)



Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Қылмыс дегенімізді қалай түсінесіңдер?

2.Кәмелетке толмаған жасөспірімдер неше жастан бастап жауапкершілікке тартылады?

3.Қылмыстық жаза түрлері

Үйге тапсырма. Баспасөз беттерінен материалдар жинақтау.


















Сабақ № 29.

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа баулитын не?

Мақсаты: «Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?» тақырыбында

оқушылардың пікірін білу, қылмыстың алдын алу үшін қандай

шаралар жасау керек деген мәселені ортаға салу, шешу жолын қарастыру.

Сабақ түрі:Пікірталас

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, сызбалар, баспасөз материалдары т.б.

Барысы: Төл Конституцияда ҚР құқықтық мемлекет деп жариялаған. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болу керек. Құқықтық мәдениет дегеніміз - халықтың заң білімін білуінің деңгейі, құқықты сақтауы,құрметтеуі , рухани сана сезімінің жақсаруы.Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады.

Қазіргі Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады.16 жастан бастап толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

18 жаста кәмелеттік кезең басталады. Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы қажет.

Құқық қағидалары:

1.Әлеуметтік бостандық

2.Адамгершілік

3.Демократизм

4.Теңдік

Сұрақтар:

1.Жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарының себебі неде?

2.Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар?

Оқушылардың жауаптары:

1.Біздің ойымызша жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін зиянды әдеттер.

2.Жасөспірімді қылмысқа итермелейтін нәрсе әлеуметтік жағдай немесе қиын тұрмыс.

3.Отбасындағы ата-ана тәрбиесінің жеткіліксіздігі.

4.Жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларын батырлыққа,ерлікке бағалау. Бұған ықпал ететін бұқаралық ақпарат көздері екені баршамызға мәлім.

Қорытындылау.

Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрібір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана –сезімдерін қалыптастыру қажет. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ №30

Тақырыбы:Құқықтық тәрбие және құқықтық жігерлік

Мақсаты: А) Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттлігін оқушыларға

түсіндіру

Ә)Алған білімдерін жаңғырта отырып, саяси ой –өрісін дамыту.

Б)Құқықтық тәрбие мен жігердің қоғамда маңызы зор екенін жете

түсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Диспут-семинар

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, тірек-сызбалар, т.б.

Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке

бас иген құл болмайды.

Б.Момышұлы.

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен сәлемдесу, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Оқушыларды топқа бөлу.

Өтілу жоспары:

1.Тікелей сұрақтар.

2.Пікір сайыс

3.Мұны әрбір оқушы білуге тиіс.

4.Тапқырлық

І-топ сұрақтары.

1.Конституция сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым-өкілім);

2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы (халық)

3.Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданнды? (2рет,1993ж,1999ж)

4. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)

5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991жыл, 16 желтоқсан)

6. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)

7.Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948ж,10желтоқсан)

8.ҚР-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (10 тарау, 53 бап)

9.Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды? (1989ж)

ІІ-топ сұрақтары.

  1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9бөлім,98 баптан)

  3. Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)

  4. Қазақстан Республикасында «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002ж,8 тамыз)

  5. Қазақстан Республикасының теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993ж 15 қараша)

  6. «Жеті жарғыда» бір күннің мөлшері қанша? (мың қой)

  7. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)

Берілген сұраққа әр топ өз ой-тұжырымын білдіреді.

І-топ. – Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

ІІ-топ. Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар? (мысалдармен)

Мұны әрбір оқушы білуге тиіс.

І-топ. Оқушы құқықтары

ІІ-топ. Оқушы міндеттері

«Тапқырлық» құқыққа байланысты мақал-мәтелдер жарысы .

1.Заңның құрығы.......(бәрінен де ұзын)

2.Туған биде...... (иман жоқ)

3.Таста тамыр жоқ..... (биде бауыр жоқ)

4.Жақсы істің арты ..... (игі)

Қорытындылау.

Әр топтың бағасын беріп, марапаттау.

Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлік сана алдымен отбасынан басталады. Әрқайсысымыз өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керек.




















Сабақ № 31


Тақырыбы: Озат құқықтанушы.

Мақсаты: А)Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң

алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен

тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу

арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Ә)Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау,сөйлеу

қабілеттерін шыңдау.

Б)Конституция т.б. құқықтық нормативтік актілерді

құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке құқықтық

салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс.

Сабақтың түрі:Сайыс,

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді

басылымдар,кітаптар,буклеттер, заңдар жинағы.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу.

Мемлекеттік әнұран орындау.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Әділқазылар алқасын таныстыру.

Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Барысы:

Халық бұқарасына жаппай құқықтық білім беру мәселелері ҚР қарастырылған. 1995ж 21 маусымда ҚР Президентінің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Құқықтық білім алуға барлық жастағы қарапайым жұмысшыдан министрге дейін тартылуы керек. Заң сыйлағыштық мәдениеті бар, заңға мойын ұсынатын азаматтарда , заңды бұзушылар да бала жасынан қалыптасады. Заң алдында жұрттың бәрі тең.

Сайыс жоспары:

1-кезең «Көкпар»

2-кезең «Шынығу»

3-кезең «Тарих тереңіне үңілу»

4-кезең «Құқық қорғаушылар сөйлейді» (Шешендік өнер)


І. «Көкпар» кезеңі.

Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Сұрақтар тест түрінде беріледі. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпаймен есептеледі.

І-топ сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?

А)Егеменді

Б)Унитарлы

В)Аграрлы

2. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы.

А)16-18жас

Б)16-14жас

В)15-18 жас

3.Қазақстан Республикасы Конституциясына қай жылы, қай айда өзгертулер енгізілді?

А)1995ж.30 тамыз

Б)2005ж.20 мамыр

В)2007ж.21 мамыр

4.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

А) Президент қол қойғаннан кейін

Б) Парамент тексергеннен кейін

5. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қай жылы қабылданды?

А)1991ж.16 желтоқсан

Б)1992ж.4 маусым

В)1997ж.10 желтоқсан

6. «Сыңдарлы он жыл» кітабының авторы кім?

А)М.Шаханов

Б)Н.Назарбаев

В)Ә.Кекілбаев

7.22 қыркүйекте Қазақстан Республикасында қандай мереке тойланады?

А)Республика күні

Б)Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер күні

В)Нашақорлыққа қарсы күрес күні

8. Ата заң не үшін қызмет етеді?

А) Әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға

Б)Дауыс беру құқығын сақтайды

В)Мемлекеттік тілді қорғауға қызмет етеді

9.Адам және адамзат туралы заңнама Қазақстан Республикасы Конституциясының нешінші бөлімін қамтиды?

А)ІІ бөлім

Б)І бөлім

В)ІІІ бөлім

ІІ-топ сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының Егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты аса маңызды құжаттарды атап көрсетіңіз?

А)Егемендік туралы Декларация, тәуелсіздік туралы Конституицяық заң, Конституция

Б)Егемендік туралы Декларация

В)Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң

2. 17-желтоқсан қандай күн?

А)Демократиялық жаңару күні

Б) Тіл мерекесі

В)Тәуелсіздік күні


3. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?

А)Тәуке хан

Б)Төле би

В)Абылай хан

4.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қашан қабылданды?

А)2006ж 6-қаңтар

Б) 1995 ж қ25 маусым

В) 1994ж 1 наурыз

5.Балалардың құқықтары туралы Конвенция қашан қабылданды?

А)1990ж

Б)1989ж

В)1992ж

6.Балалар неше жасқа дейін кәмелеттік жасқа толмаған болып есептеледі?

А) 12 жас

Б)14 жас

В)18 жас


7.Құқық қабілеттілік қай кезден басталады?

А)Туғаннан

Б)14 жастан

В)18 жастан

8. Бала неше жастан бастап жұмыс істеуге құқығы бар?

А)18ж

Б)16ж

В)12ж

9.Балаға зекіріп қатаң қарым-қатынас жасауға ….құқығы бар.

А) Ата-анасы

Б)Туыстары

В)Ешкім

ІІ-кезең. «Шынығу» кезеңі.

ДЕКЛАРАЦИЯ –

РЕФЕРЕНДУМ -

ЕГЕМЕНДІК -

ДЕМОКРАТИЯ -

ІІІ-кезең. «Тарих беттерін үңілсек» кезеңі.

Тарихта және құқықта қалған негізгі заңдар ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу.

1.Тәуке ханның жеті жарғысы

2.Есім ханның ескі жолы

3.Қасым ханның қасқа жолы

4.Шыңғыс ханның жазасы

ІV-кезең. «Құқық қорғаушылар сөйлейді»

Тақырыптар. «Сенің құқығың – менің құқығым»

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

Қорытынды: Әділқазылар әр топ бағасын береді.












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее