«Зима 2025»

Астана – таза қала.

қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушының қатысымдық біліктілігін дамыту

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні:


Сынып:

2 «А,Б»

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

Астана – таза қала.

Білімділік:

Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Елорда туралы толық ақпарат беруге үйрету.

Дамытушылық:

Қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы оқушының қатысымдық біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік:

Сөйлесім әрекетіне құрылған жай сөйлемдер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қазақша Елорда туралы ақпарат бере алады, Астананың көрікті жерлерін таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді, қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы Астананы, оның ғимараттарын, әсем жерлерін сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, сыныптастарымен сұқбат құра алады.

Жаңа сөздер:

Тазала, тазаламау, тазалық сақта, күнде. Чистите, не чистите, не чистите, каждый день.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Астана» туралы деректі фильм, Астананың суреттері, плакат, маркерлер, буклеттер мен альбомдар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, талдау, «Ыстық алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Тірек сөздер» стратегиясы, «Сен жалғастыр» ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар «Ыстық алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушыларды жаңа сабаққа кіргізу мақсатында тақтаға «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Елорда» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.

Ассоциаграмма құрады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Артық сөзді табады, әңгіме құрастырады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жазады.

4. Сергіту сәті. «Сен жалғастыр» (5-тапсырма) ойынын ұйымдастырады.

Ойынның шарттарын орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

«Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, («Атамекен» саябағы, «Астана-Бәйтерек» ескерткіштері, Бейбітшілік сарайы, т.б.) «Астана» тақырыбында мәтін құрастыруды тапсырады.

Тірек сөздердің негізінде сипаттау мәтінін құрастырады.

IV. Бекіту

Оқушыларға түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады, постер дайындатады.

Астана қаласы бойынша постер дайындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее