«Зима 2025»

Ашық тәрбие сағаты "Құқықтық сауаттылық - заман талабы"

Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылықзаман талабы» Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл, зерделі тұлға тәрбиелеу. 2. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру а) Оқушыларды топқа бөлу ә) Әділқазылар алқасын сайлау.

І. Шаттық шеңбері: (Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады)

- Қайырлы күн, балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдарлы, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Осындай жақсы көңіл-күймен, бір-бірімізге «Күніміз сәтті болсын!» деп тілейік.

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Құқықтық сауаттылықзаман талабы»
Мақсаты: 1. Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл, зерделі тұлға тәрбиелеу.
2. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
а) Оқушыларды топқа бөлу
ә) Әділқазылар алқасын сайлау.

І. Шаттық шеңбері: (Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады)

- Қайырлы күн, балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдарлы, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Осындай жақсы көңіл-күймен, бір-бірімізге «Күніміз сәтті болсын!» деп тілейік.

1. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Балалар! Күнделікті өмірімізде біз өзіміздің құқығымызды, міндетімізді және жауапкершілігімізді қалай жүзеге асырамыз, міне осы және де басқа сұрақтарға бүгінгі сабақта жауап беріп көреміз
Кіріспе..
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.

Заң дегенімі, балалар, біздің құқығымызды қорғайтын ел қызметкерлерінің қабылдап, бекіткен тәртіп ережелері. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын,тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып,1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.

Біздің бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық – заман талабы»
1.Заң сөздікшесі

ДекларацияМемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың неsгізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап

Конституция( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі

Құқық- мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

2.«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
3. Ақырын жүріп... (анық бас)
4. Асыл тастан ... (өнер жастан)

5. Сын түзілмей, (мін түзілмейді)


1. Ұрлық түбі ... (қорлық)
2. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
3. Әдепті бала ... (арлы бала)
4. Тәрбие ... (отбасынан басталады)

5. Бабасы еккенді,( баласы орады.)


1.Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)

2.Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

3.Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

4.Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

5. Үлкен бастар, (кіші қостар.)


1. У ішкен….( бір өледі,)
Ант ішкен… ( мың өледі.)

2.Тура биде ... (туған жоқ)

Туғанды биде ... (иман жоқ)

3.Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

4.Әділ би …(халық үшін,)
Залым
би ..(құлқын үшін)

5. Атаңа не қылсаң, (алдыңа сол келер).


1. Дауға барсаң, ….(бірің бар,)
Жауға барсаң, …(бәрің бар)

2. Ұрыс бар жерде…( ырыс жоқ)

3. Тамыр түбі - (дау,)
Құрдас түбі – (жау.)

4. Пәле қайда деме,…( аяқ астында.)

5. Жеті атасын білмеген – (жетесіз.)

3. «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)
1. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі
2. ЕНТЕЗПРИДЕ – мемлекет басшысы
3. АТТӨЛЖҰҚ – азаматтықты куәландыратын құжат
4. РПАЕЛМАНТ – заң шығарушы орган
5 КНТУЦОСИЯТЦ-мемлекеттің негізгі заңы

4. Капитандар сайысы

1.     Қазақстан республикасын кім басқарады? (Президент)

2. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады? (Парламент)

3. Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету дегеніміз не?

(Заң бұзушылық)

 4.ҚР мемлекеттік рәміздерін ата! (Ту, елтаңба, әнұран)

5. Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім»)


1.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң)

2. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)

3.ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?

(9 бөлім, 98 бап)

4.ҚР «Бала құқытары туралы» заң қай жылы күшіне енді?

(2002 ж 8 тамыз)

5. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)

Қазақстанда қандай білім алу міндетті (Орта білім)



1.ҚР «Баланың құқығы туралы » заң қанша баптан , қанша тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап)

2.15.ҚР қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Франция)

3. Неше жасқа толмаған адам  бала болып есептелінеді? (18)

4.16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

5.«Жеті жарғы» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке жан)


1. 1-маусым қандай күн ? ( Балаларды қорғау күні)

2. Біздің мемлекет- (ҚР)

3. Мемлекеттік тіл-(қазақ тілі)

4. 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

5. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң)










Анкета

Балалар! Бүгінгі сабақта біз өзіміздің құқықтарымыз, міндеттеріміз және жауапкершілігіміз туралы айттық. Қазір сабақтың соңында мен сендерден мына тест сұрақтарына жауап берулеріңді сұраймын. Егер сендер шын жауап берсеңдер мынаны түсінесіңдер: мен барлығын дұрыс жасап жүрмін бе, жоқ әлі де мен мінез-құлығымды өзгертуім керек пе?

1 – Саған жаңа жыл мерекесіне арналған мектеп газетасын безендіру тапсырылды:

а) Мен барлық басқа жұмыстарды тоқтатып бірден газетті безендіруге кірісемін
б) Мен безендіруді уақытым болған кезде бастаймын.
в) Бұл жұмысты басқа сыныптағы балаға тапсырамын.

2 – Сен қоғамдық көлкте келе жатырсың. Аялдамадан қарт кісі кірді. Сен:

а) өз орнымды беремін
б) көрші отырған адамды орын берші деп сұраймын.
в) Кірген адамға қарамай, терезеге қарап отырамын

3 – Сен сенің сыныптасыңды ұрып жатқанын көресің.

а) Сыныптасымды қорғап алуға тырысамын
б) Көшеде келе жатқан үлкендерден көмек сұраймын
в) Көрмегенсіп өтіп кетемін

4 – Сен көшеде 50000 теңгесі бар әмиянды тауып алдың:

а) Әмиянның қожасына беруге тырысамын
б) Үлкен кісілерге бере саламын
в) Өзіме аламын

Жауабы: а) – 5 ұпай; б) – 3 ұпай; в) – 0 ұпай.

Егерде сен 15 – 20 ұпай жинасаң – онда сен тәрбиелі адамсың. Осындай өзіңе сенімді болып жүре бер. Сенің ата-анаң мен мұғалімдер сені мақтан тұта алады.

Егер де сен 10 – 14 ұпайға дейін алсаң – онда саған ойланып, өзіңмен әлі де жұмыс жасауың керек.

10 ұпайдан төмен алсаң – онда сен өзіңнің көзқарасыңды толығымен өзгертіп, өзіңді тәрбиелеуің керек.

Қорытынды

Балалар! Құқық үлкен адамдарда да, кішкентай балаларда да болады. Бірақ құқықтан басқа адамдарда қоғам алдында өз міндеттері мен жауапкершіліктері де барын ұмытпау керек.

Х. Рефлексия: Постер қорғау . Өз құқығынды біл  (Бала құқытары туралы)







Бағалау парағы

Заң сөздікшесі


«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


«Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)

Капитандар сайысы


Постер қорғау


Балл

10

50

10

50

10


1топ







2топ







3топ







4топ







5топ






























Заң сөздікшесі


«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


«Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)

Капитандар сайысы


Постер қорғау


Балл

10

50

10

50

10


1топ







2топ







3топ







4топ







5топ














Заң сөздікшесі


«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


«Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)

Капитандар сайысы


Постер қорғау


Балл

10

50

10

50

10


1топ







2топ







3топ







4топ







5топ


















Заң сөздікшесі


«Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)


«Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер)

Капитандар сайысы


Постер қорғау


Балл

10

50

10

50

10


1топ







2топ







3топ







4топ







5топ
















л



қ

























ж

ұ































т

Т

а



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее