«Зима 2025»

Ашык сабактын такырыбы : Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы

Оқушыларға Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы туралы түсіндіре отырып өзіндік пікір қалыптастырып,ойларын ашық айтуға жеке көзқарастарын жеткізе білуге дағдылау.

Оқушылар өзіндік пікір қалыптасады,өз ойын ашық жеткізе алады,саяси түсінік қалыптасады.

Алаш қозғалысы, «Алаш » партиясы, Учредительное собрание, Государственная Дума, Присяжный суд, либерал-демократтар, милиция, федеративтік республика

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылы

Аль-Фараби атындағы орта мектептің

тарих пәні мұғалімі Болатбекқызы Динара


Сабақтың тақырыбы

Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы

Жалпы мақсаты

Оқушыларға Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы туралы түсіндіре отырып өзіндік пікір қалыптастырып,ойларын ашық айтуға жеке көзқарастарын жеткізе білуге дағдылау .

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өзіндік пікір қалыптасады,өз ойын ашық жеткізе алады,саяси түсінік қалыптасады.

Негізгі идеялар

Алаш қозғалысы, «Алаш » партиясы, Учредительное собрание, Государственная Дума, Присяжный суд, либерал-демократтар, милиция, федеративтік республика

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Кубизм

Өкіл

Жұптық жұмыс


Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

І. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларына ынтымақтастық ахуалды туғызу. Оқушы назарын сабаққа аудару, топқа бөлу «Қалталы пошта» ойыны арқылы (конверттің ішінде билетке жазылған сұрақтарға жауап береді, билет нөмірі бойынша әркім орындықтағы санға сәйкес отырады)

І топ – «жас қазақ»

ІІ топ – «жас азамат»

ІІІ топ – «талап»

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары :

«Кубизм» әдісі бойынша сұралды.

1

Зерттеңіз

Оқушылар Қазақстанда Ақпан революциясынан кейінгі құрылған билік жүйелері туралы толық сипаттап мағлұмат берулері керек.

2

Салыстырыңыз

Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының қызметінің нәтижелерін жағымды жағымсыз жақтарын салыстырып талдап береді

3

Суреттеңіз

Қазақстандағы көпөкіметтіліктің мәнің суреттеп береді.


ІІІ. Білімді жан-жақты сұрау, тексеру :

1.Ақпан революциясы қай жылы жеңіске жетті ?

2.Торғай облысы, Жетісу , Түркістандағы Уақытша үкіметтің комиссарларын атандар?

3.Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы неліктен дәуірлік оқиға болып есептеледі?

4.Өлкеде қандай билік жүйелері құрылды ? Бұл билік жүйелерін көпөкіметтілік деп есептеуге бола ма ?

5.Ақпан революциясының қандай мәселелерді шешіп , қандай мәселелерді шеше алмағанына салыстыру жасандар .

IV. Жаңа материалды үйренуге дайындық.

Әр топ мүшелері өз рөлдерін бөліп алады: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып талқылайды және әр топтың бақылаушысы атқарылған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көшбасшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу





2

Міндетін атқару





3

Топтық жұмысқа атсалысуы





Әр оқушы өзіне жүктелген міндеттерін атқарады, топ мүшелерінің пікірлерін тыңдайды


V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау :

Тақырып жоспары : 1. « Алаш » партиясының құрылуы

2. « Алаш » партиясы бағдарламасының жобасы

3. Алаш қозғалысынының тарихи маңызы

Тақырыпты «Өкіл » әдісі арқылы меңгерту. Топ жоспар бойынша талдап,мазмұнды сызба тапсырмасын орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады. Осы әдіс арқылы әр топ тек өздеріне бөліп берілген жоспардағы тақырыпшаны ғана емес толық тақырыпты меңгереді.


VI. Жаңа материалдан түсінгенін тексеру «Деңгейлік тапсырмаларды орындау»


Ойлау деңгейлері

Сұрақтар мен тапсырмалар

Жауаптары

Білу

«алаш» сөзіне түсінік беремін. «Алаш» — қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.


Түсіну

1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып жұмыстары жандана бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б. Алаш партиясының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмүхамедов т.б. ұлттық зиялылар болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құрылады. Төрағасы болып Ө. Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің бағдарламасында мемлекетті басқару, білім беру, құкык, дін мәселелері басты орын алады. Алашорда үкіметі Кеңестер тарапынан қуғындалып таратылады.


Қолдану

Оқулықтағы 48 беттегі кестемен жұмыс жасайды .


Талдау

Оқулықтағы 42-43 беттегі «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын сараптайды, жан-жақты салыстырады .


Жинақтау

1.«Алаш» партиясы баспасөз органының аты а) Туркестанский курьер

ә) степной край

б) қазақ

в) Айқап

г)семипалатинский листок


2.бірінші жалпықазақ съезі өткен қала :

а)Ақмешіт

ә)Әулиеата

б)Орынбор

в)Ақмола

г)Омбы


Бағалау

Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындалады.



VII. Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау

Рефлексия: «Плюс – Минус – Қызығамы»


«Плюс» (+)

Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады

«Минус» (-)

Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады

«Қызығамын» (?)

«не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауап келтіру

Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру.

тапсырмалар

& 6 , Алаш қозғалысы және «Алаш» партиясының құрылуы, оқу, термин сөздермен жұмыс.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее