Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Сыныбы: 5
Мерзімі:
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жай бөлшек, үлес, алым, бөлім туралы түсінік беру; екі натурал санның бөліндісін жай бөлшек түрінде жаза білуге үйрету; натурал санды жай бөлшек түрінде жазып және оқуға білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
- тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту;
- тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ізденістерін қалыптастыру;
- сыни тұрғысынан саралай білуге тәрбиелеу;
- бір-біріне, достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
- пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Табыс критерийлері: кесіндіні тең бөліктерге бөлуін біледі, бір бөлік екінші бөліктің айырмашылығын ажырата алады, сол түсініктемелер бойынша пікірге түсе алады.
Күтілетін нәтиже: жай бөлшек, үлес, алым, бөлімді түсініп алып, ереженің қадамдарын талқылау арқылы есеп шығаруға қолдануын білу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: диалог, түрлі-түсті стикерлер, «Басбармақ» стратегиялары.
Оқыту формасы: өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау, диалогтық оқыту, топпен жұмыс, жеке дара жұмыс.
Көрнекілігі: түрлі-түсті карточкалар, бағалау парақтары, слайдтар, интербелсенді тақта, проектор, А3 және А-4 қағаздар, фломастерлер, стикерлер.
Сілтеме: авторлары К. Алдамұратова, Е.Байшоланов «Математика. 5-сынып. Атамұра, 2014» оқулығы, авторы К. Алдамұратова «Математика. 5-сынып мұғалімдеріне арналған оқыту әдістемесі. Атамұра, 2014.»
Ойлау деңгейі | Сабақтың барысы | Уақыт | Оқып үйренудің мақсаты | Бағалау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | 1 мин | Сабаққа дайындау |
| Кабинетке кірерде оқушылардың қолдарына конверт ұстатамын. Конверттің ішінде жасыл, сары және қызыл түсті карточкаларын саламын және әр конверттің бетінде бір сұрақтар жазулы болады. | Оқушылар конверттің ішіндегі карточкалар бойынша 3 топқа бөлінеді, карточкаға сәйкес түсті белгісі бар үстел басына барып, отырады. Үстелдің бетіне сол түсті стикер жапсырылу болады. |
Білу | Ой қозғау
ОЖТ, СТОү, ОүБжОБ ОАКТ ТжДО ОЖЕСО ОБжК,
| 7 мин | Үй жұмысын тексеру. | Дискрептор: 1) кесінді не екенін біледі. 2) кесіндіні тең бөліктерге бөлуін біледі. 3) бір бөлік екінші бөліктің қандай бөлікті құрайтынын ажырата алады. | 1) «Конверт-сұрақ» стратегиясының қадамдарын түсіндіремін: конверттің ішіндегі жазылған сұраққа жауап беріп, жанында отырған оқушыға береді. 2) Сол оқушы конверттің ішіне жауабын жазып, келесі оқушыға береді. Осылай бұл сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. 3) Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимын (аттарын атамастан). | 1) Оқушы стикерге атын және жауабын жазады да конвертке салып, келесі оқушыға береді.
2) Оқушылар сұраққа қысқаша жауаптарын стикерлерге жазып береді.
3) Оқушылар белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын топта талқылайды. |
Түсіну | 5 мин | Жаңа тақырыпқа шолу | Дискрептор:
1) дөңгелек фигураны біледі.
2) дөңгелектің элементтерін біледі 3) дөңгелекті тең бөліктерге бөлуін біледі.
| Интербелсенді тақтада слайд арқылы тапсырмалар беру: 1) слайдта көрсетілген суреттердің (толық ай, табақ, диск) қай геометриялық фигурасына ұқсайтынын айту.
2) слайдтағы дөңгелектің центрін, радиусын, диаметрін сызып көрсету. 3) 1-топ дөңгелекті 2 бөлікке бөледі, 2-топ 4 бөлікке бөледі, 3-топ 8 бөлікке бөледі, 4-топ 16 бөлікке бөледі. | Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жарысады, кім бірінші жауап береді, соларға 1 ұпай қосылады (формативтік бағалау): 1) дөңгелекке ұқсайтынын айтып береді де дөңгелектің анықтамасын айтып береді. 2) үнсіз қадам жасау арқылы, оқушылар тақтада дұрыс жауапты сызып көрсетіп, айтып береді. 3) әр топтан бір оқушы шығып, дөңгелекті сәйкесінше бөліп көрсетеді Әр топ дұрыс жауап үшін түсті белгі ретінде ұпай алады. | |
Талдау | Ой қорыту ОБжК, ОЖТ, ТжДО
СТОү, ОБжК, ТжДО, ОүБжОБ, ОЖЕСО
| 12 мин | Жаңа тақырыпты түсіну | Үлес, жай бөлшек, алым, бөлім туралы түсіну керек | 1) Интерактивті тақтаның көмегімен оқушыларға үлес, алым, бөлім түсініктерді еңгізе тұра, жай бөлшек ұғымын түсіндіремін. 2) Оқушыларға тапсырма беремін: 1-ші топқа - бөлшекті кондитер цехінда қолдануды суретпен көрсетіп, қорғау; 2-ші топқа – бөлшекті тігу бөлімінде қалай қолдануға болатынын ертегін жазып, қорғайды; 3-ші топ – бөлшекті қолдануды постер жасау арқылы көрсетіп, қорғайды; 4-ші топ – бөлшек туралы эссе жазады, қорғайды.
Бас бармақпен топтың дайын жұмысын бағалаймын. | 1) Дәптерлеріне бөлшек түралы жалпы мәліметті жазып алады: алымы Жай бөлшек - бөлімі Топпен жұмыс істеу арқылы,
А-3 қағазға суреттерін салып көрсетеді, қорғайды.
А-4 қағазға ертегіні жазып, сол ертегін театрда спектакль көрсеткендей, сценарий жазады;
А-3 қағазға журналдардан суреттерді қиып алып, постер жасайды
А-4 қағазға эссені жазып, мәнерлеп оқу сайысына қатысып отырғанындай, дайындалады
|
Қолдану | 8 мин | Алған білімін қолдану | Үлес, жай бөлшек, алым, бөлім туралы түсінгендерін көрсету керек | Тапсырма: 2 минуттың ішінде өз жұмыстарыңды қорғап шығыңдар.
| Әр топтың жұмысын тыңдап, көріп, өз бағаларын қолпаштау арқылы білдіртеді. Кімнің жұмысы жақсы болса сол топқа бір ұпайдан береді | |
Жинақтау (синтез) | Ой толғау СТОү, ОБжК, ТжДО, ОЖЕСО
ОүБжОБ, СТОү | 7 мин | Білімдерін жүйелеу. | Жай бөлшек, үлес, алым, бөлімді біледі, оқи алады. | Тапсырма беру: Әр топтың жұмысында кездескен бөлшектерді қолданып, есеп құрастырыңдар, басқа топқа орындауға беріңдер. | Топпен жұмыс істеу арқылы жауаптарын анықтап, есептерді шешеді. Дұрыс шешілген есеп үшін бір ұпайдан беріледі |
Бағалау | 4 мин | Рефлексия. | Жай бөлшектің алымы мен бөлімін ажырата алады, жазуын, оқуын біледі. | Әр оқушыға стикер таратып, сабақтан ұғып алғанын жазып беруді сұраймын. | Оқушылар біліп алғандарын қысқаша жазып, конверттің ішіне салып және сол конвертке стикер-ұпайларын салып, топ басшысына тапсырады. | |
| Үй жұмысын беру | 1 мин |
|
| Тақырып бойынша сұрақтар дайындап әкелу. | Ұпай санына қатысты оқушылар бағаланады. |
«Бекітемін» «Келісілді» Қарастырылды ӘБ-те
___________ ___________ ӘБ жетекшісі ________
Мектеп директоры ОІМ Р.К.Айтмагамбетова
М.А.Кисина. Н.Н.Искакова Хаттама №
«___» ______ 2016 ж. «___» ______ 2016 ж. «___» _______ 2016 ж.
АШЫҚ САБАҚ
Тақырып: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу.
Пән: математика.
Сынып: 5 «А»
Пән мұғалімі: Айтмагамбетова Р.К.
2016-2017 оқу жылы