«Ардақты менің анашым»
Аналар мерекесіне орай әсем безендірілген залға балалар музыка ырғағымен жұптасып кіреді.
Жүргізуші: Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан ол- Ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны , жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол- 8наурыз мерекесі.
Олай болса «Балапан» тобының «Ардақты менің анашым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Ал енді,аналарымыздың құрметіне арнап «Көктем келді» әнін тарту етеміз.
Ән: «Көктем келді»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ал балалар, бүгінгі сендердің мерекелеріңді
құттықтауға қонақ апайларың келіп сендерге би билеп беремін дейді.
Олай болса, алдарыңызда Батырхан Інжудің орындауындағы «Аққу» биін
қабыл алыңыздар.
Би: «Аққу»
Жүргізуші: Ал енді ұл-қыздарымыздың аналарына арнаған өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
Әсет: Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
Ерасыл: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Інжу: Аялаған,баптаған,
Асыраған сақтаған
Адал бол деп,балапан-
Әділдікке баулыған.
Айғали: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен.
Алинур: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болса бар адам!
Сендей болса бар адам-
Шаттық кетпес баладан!
Р А Х М Е Т Б А Л А Л А Р !
\
Жүргізуші: Ал енді, әдемі де сұлу қыздарымыздың орындауындағы «Көбелек тер
биін» қабыл алыңыздар.
Би: «Көбелектер»
Жүргізуші: Рахмет қыздар! Ал енді алдарыңызда Ерасылдың апайы Қасжан
Алтынайдың орындауындағы «Асыл ана» әнін өздеріңізге тарту етеміз.
Ән: «Асыл ана»
Рахмет Алтынай өркенің өссін!
Жүргізуші: Ана туралы қанша айтсақ та артық болмас, олай болса балаларымыздың
тағы да өлең шумақтарына кезек берсек.
Ақмедияр: Анасыз жоқ бір күнің,
Анасыз жоқ бір түнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Айғаным: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Ердар: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі-
Қандай ғажап күлкісі.
Мәриям: «Бала,бала,бала»-деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Руслан: Мейірімді жібектей,
Күндей ыстық құшағы.
Ет жүрегі елжіреп,
Құлыным деп тұрады.
Жүргізуші: Рахмет балалар! Ал енді ұлдарымыздың аналарына арнаған биіне кезек
берейік.
Би: « Анаға хат »
Айназ: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны,
Өлең айтып беремін.
Арлан: Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
Амир: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Амина: Сөздерді ең аяулы
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды,
Кімнің ойлап тапқанын.
Жүргізуші: Алдарыңызда Батырхан Інжудің орындауындағы «Испан» биін
қабыл алыңыздар.
Ерсұлтан: Айналайын анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегін елжіреп,
Құшағыңа аласың.
Алдияр: Менің анам не дейді?
Инабатты бол дейді.
Салт-дәстүрді сақтайтын,
Әдепті ұл бол дейді.
Шыңғыс: Ақылшым,анашым,
Мен үшін данасың.
Үлгі боп ояттың,
Қызыңның санасын.
Сүндет: Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама.
Ешкімде жетпейді.
Алижан: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Ерсейт: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Ернұр: Ана-бақыт,
Ана-гүл
Ана –қуаныш,
Ана-жыр.
Али: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Айым: Мамам менің,ақ мамам,
Менсіз таңы атпаған.
Менсіз күні батпаған,
Мен ұйықтамай жатпаған.
Ж А Р А Й С Ы Ң Д А Р Б А Л А Л А Р !
Жүргізуші: Олай болса,балаларымыздың орындауындағы тағы бір әсем әніміз «Ақ
мамам» әнін өздеріңізге тарту етеміз.
Ән: «Ақ мамам »
Жүргізуші: Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам барма аналар.
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана! - деген өлең жолдарымен бүгінгі
мерекелік ертенгілігімізді аяқтаймыз.
№ 162 бөбекжай- балабақшасы
«Ардақты менің анашым»
« Балапан тобы»
Тәрбиеші: Маткалыкова М.Ж.
Алматы