«Осень 2024»

«Ана – күннің шуағы» тәрбие сағаты

Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру;

Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Ана – күннің шуағы»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру;

Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу; Оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту. Эстетика-этикалық әдептерді жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама бойынша құрылған.

Сабақта әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді; үнтаспа; 8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті; Оқушылардың шығармашылық жұмысынан көрме ұйымдастыру; түрлі-түсті шарлар;

Сабақтың барысы:

1-жүргізші: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі – 8 наурызды, Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!

2-жүргізуші: Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елемізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.

8 наурыз... адамдар да, тіпті, табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша аналарымызды даңққа бөлеп тұрғандай!Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген қалаларының көшелерінде, кең байтақ даламызда әлі де қар жатады.Бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.

1-жүргізуші: 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді әйел-аналар да адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

2-жүргізуші: Неге дәл осы күн 8 наурыз - әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді?

1908 жылдың 8 наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясы 8 наурыз - Әйелдер күні деп белгіледі.

1-жүргізуші: Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі.

2-жүргізуші: Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдың қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатады. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, рухтандырады.

1-жүргізуші: Қош, келіпсіздер қонақтар, ақ жаулықты аналар! Бүгін балаларыңыз сіздерге арнап өз өнерлерін көрсетпек.

1 оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттын.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай, гүл бақтың.

2 оқушы: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

3 оқушы: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

2-жүргізуші: қазақ биі

4 оқушы: Ер жеткізіп, елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым!

5 оқушы: Өскеніңді жүреді аңсап,

Өмір бойы мәпелейді.

Өніңді сәл кірбің шалса,

Дәрігерге жетелейді.


6 оқушы: Ана – көркі көгімнің,

Ана – нұры жерімнің.

Ана – бағы баланың,

Мақтанышы елімнің!!!

7 оқушы: Әлпештеген баласын,

Ана – бақыт, ана – күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын!

8 оқушы: Бір мініңді көре қалса

Аппақ жүзі қуарады

Сабағыңнан «бестік» алсаң

Бес күн бойы қуанады

1-жүргізуші: ән «Анашым»

9 оқушы: Еркелесем, күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым, күнім» - дейтін

10 оқушы: Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам

1 оқушы: Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген анамды мен

Жүрсем деймін шаттандырып

2-жүргізуші: қазіргі заманғы би

2 оқушы: Анам менің күн көзіндей шуақты

Даладай кең, таулы өзендей қуатты

Дүниедегі жақсылықтың барлығы

Жан анамнан тарап жатқан сияқты

3 оқушы: Ананың құт-береке әр қадамы

Сезімдер әр ісінен даралығы

Ана – өмір, ана – бақыт, ана – жүрек

Тіршілік ғұмырының даналығы

4 оқушы: Бар өмірдің жүрегі

Өзің алтын ордасың

Тіршілігімнің тірегі

Уайымың болмасын

5 оқушы: Ана деген өмірдің кәусар бұлағы

Ана деген тіршіліктің шұғылалы шуағы

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады

6 оқушы: Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға шуақ болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!

1-жүргізуші: ән «Аяулы ана»

7 оқушы: Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайтын

Аман болшы, анашым

8 оқушы: О, анашым, таянышым, тірегім

Бар бақытым бір өзіңнен тіледім

Мені жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің



9 оқушы: Ерлік, еңбек атқарған

Еңбегімен мақталған

Ел сенімін ақтаған

Айналайын ақ анам!

10 оқушы: Аяулы да алтын нұрлы анашым

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың

1-жүргізуші: Сенен өскен балалар

Сенен өскен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

Ойын «Қыздарды қалай сыйлаймыз?» ұлдарға сұрақ:

  1. Сенімен бірге оқитын қызды басқа сыныптың ұлдары ренжітіп алды. Ол жылап жатыр. Сен не істейсің?

  2. Сыныптас қыздар сені туған күніңмен құттықтап үйіңе келді. Оларды қалай қарсы аласың?

  3. Жолда келе жатқан сыныптас қыздың біреуі құлап, аяғын жарақаттап алды. Сен не істейсің?

  4. Сыныптас достарың бір қызбен бірге отыруға таласып жатыр. Төбелеске де жақын қалды. Сен не істейсің?

  5. Сыныптас қыз сенің затыңды рұқсатсыз алды. Сен не істейсің?

  6. Саған анаң қызықты кітап сатып алып берді. Сыныптас қыздар оқуға сұраса бересің бе?

  7. 8-наурыз мерекесі жақындады. Сен сыныптас қыздарға қандай сыйлық бергің келеді?

Осы сәтті пайдаланып ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын береді.

2-жүргізуші: Ұлдар қыздарды биге шақырады. Вальс

Ата – аналармен ойын.

Шарлардың ішіне оқушылар қолымен жазылған тілектер салынады. Әр ата – ана қолдарына түскен нөмір арқылы өз тілектеріне ие болады.

Қорытынды:

Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңдей қамқор адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой

Анасыз бұлбұл құста сайрамаған.


Анашым мен өзіңді мақтан етем,

Жол жүрсем сағынамын, ойға кетем.

Санамды сарғайтады-ау жалғыз арман

Қайткенде ақ сүтіңді ақтар екем


Туғанда «күнім-ай» деп аймалаған,

Адам ба ана сүтін ақтамаған

Адам боп жүрмісіңдер жер бетінде

Ананың махаббатын сыйламаған.

Анашым ақ түсіпті шаштарыңа,

Әжімің көбейіпті қатпарлана

Мен өзім сол қатпардан тәй-тәй басып

Өмірдің көтерілдім аспанына.






























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее