«Осень 2024»

Алтын Жүрек Анамыз

Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған "Алтын жұрек Анамыз" атты 5-9 сыныптар арасындағы мектепшілік мәнерлеп оқу сайысы

Олимпиады: Викторина "Берегите зрение, чтобы видеть мир" 1 - 11 классы

Содержимое разработки


Тақырыбы:«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы.


Мақсаты: «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы С.А.Назарбаеваның өмірі мен шығармашылығымен танысу, мемлекетіміздің болашағы-жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:Оқушыларға әлемдегі барлық жақсылық ана махаббатынан тарайтынын түсіндіру.Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.

Ақындық өнерлерін дамыту.

Ресурстар: тақырып, слайд, аудиотаспа, шарлар, Сара Алпысқызының фото суреттері, күнбейнесі.

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ән сүйер жаңа ғасырдың ұландары!

С.А.Назарбаева қазақтың бақытты аналарының бірі. С.А.Назарбаеваның есімі бұл күнде «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы, жетімдердің жебеушісі, қорғансыздардың қамқоршысы ретінде қалың жұртшылыққа кең танымал. Бүгінде мыңдаған жетім балалар мен мүгедек сәбилердің тағдыры үшін бүкіл жауапкершілікті мойнына алып, бөбектердің анасына айналды. С.Алпысқызының туған күніне арналған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Сайысымызды әрқайсымыз өз анамызды еске ала отырып, Шәмші Қалдаяқовтың әні "Ана туралы жырды" бірлесіп айту ұсынамыз! (тақтаға ән караоке минус қосылады)

Жүргізуші:

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылы 12 ақпан күні Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүние есігін ашты. Қарағанды металлургия комбинатының «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасыларына қолдау көрсетіп келеді.


Сайыстың әділ-қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.


Жүргізуші 2: : Құрметті оқушылар!
Біз Қазақстан деген «үлкен отбасында» өмір сүреміз . Барлық отбасындағы сияқты осы үлкен мемлекетті басқаратын адам ол-Президент. Отбасының тірегі ең алдымен өз елінің гүлденуі, дамуын ойлайтын адам. Бірақ, әр отбасына балалардың қамын ойлайтын, жылылық беретін аялы алақан иесісі де бар. Сендер айта қойыңдаршы , ол кім?
- Әрине, дұрыс айтасыңдар, ол біздің аяулы аналарымыз. Ал енді біздің «үлкен отбасымыздың», яғни Қазақстанның анасы – ол Сара Алпысқызы Назарбаева. Біз ол кісіні Ел Анасы деп атаймыз. Бүгінгі біздің сайысымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан- салалы қайырымдылық қызметіне арналмақшы.

Олай болса сайысымызды бастамастан бұрын С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолына назар салайық.

Видеоролик қойылады.

Оқушы 1: «Бөбек – Cара Алпысқызы қоғамдық қоры» 1992 жылы 
құрылған. Қызметінің басты бағыттары : ана мен баланы қорғау, 
нәрестелер мен балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын 
сақтау ісіне жәрдемдесу. Осы қор ашылған жылы Қазақстанда 
«Қуаныш пен Үміт үйі» аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон 
өткізді. Одан түскен қаржы Алматы қаласында «Бөбек» балалар 
емдеу-сауықтыру орталығын салуға жұмсалды.

Оқушы 2: «Бөбектің анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге 
ұйтқы болды. Көптеген қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда 
бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық 
назарын аударып , 1999 жылы «SOS- Киндердорф» халықаралық 
қорының Алтын медалімен , 2002 жылы БҰҰ балалар қорының 
ескерткіш медалімен, І дәрежелі Достық орденімен марапатталған.

Оқушы 3: 2006 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында адамзаттың ізгі 
мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық 
сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен жетім 
балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені 
үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры Президенті 
С.А.Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты 
болды.

Оқушы 4: Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік құндылықтарды 
қалыптастырудың, қайта өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасының 
авторы болып табылады. «Өзін-өзі танудың» философиясына 
ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын 
медальға ие болды. 

Оқушы 5: 2010 жылы аналар мен балаларды қорғаудағы,Қазақстанның жас 
ұрпағына рухани- тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін 
«Достастық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді. Аталмыш марапат 
білім және ғылым, әдебиет пен өнер, гуманитарлық салалар 
бойынша берілетін болса, гуманитарлық бағыт тұңғыш рет бұл 
марапатты Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
Жүргізуші 2:
- Міне, балалар «алтын жүректі ананың» өз елінің балаларына 
деген шексіз қамқорлығының көрінісі осындай. 
Сара Алпысқызы сонымен қатар қоғамның,адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы: «Өзіңе жол»(1999ж.), «Өмір әдебі» (2001ж.), «Сүйіспеншілікпен» «2001ж.)

Жүректен кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй, - деп ақын Абай атамыз жырлағандай 8 «Ә» – сынып оқушысы ______________ән шашуын қабыл алыңыздар.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі,

Құрметтеп, сыйлау керек,

Жастарға білім керек

Бәрінде білу керек

Азамат болсаң алғыр,

Анашың «күнім!» демек,

Сол үшін талмау керек,

Биікке самғау керек,

Бойыңда бар жақсыны,

Халқыңа арнау керек, - деп ақындарымыз жырлағандай мәнерлеп оқу сайысымыздың 5 сынып қатысушыларын ортаға шақырамын.

  • Татай Ақниет

  • Түзелхан Индира


Жүргізуші:

Бар ана туған жердің гүлі дер ем,

Анажан қайғың болса күңіренем.

Таусылмас тау суындай ақылың бар,

Сен барда менің әрбір күнім өлең

Әрбір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, рухтандырады дей келе 6 сынып қатысушыларын ортаға шақырамын.

  • Манақ Динара

  • Бигелді Алмас

  • Көпбай Сымбат

  • Жандарбек Нұрлыайым

  • Яхия Қалқа

  • Татай Ұлдана

  • Өзбекбай Ұлдана

  • Тұрдыбай Аяулым

Пейілі кең, сезімі терең көлден,

Анамды кем көрмеймін кемеңгерден.

Жақсылықты анадан бастаудың да,

Тәжірибесі қазақта дәлелденген,

Абай оқу бітіріп келген кезде,

Әуелі анасына сәлем берген.

Өміріміз соған ұқсаса егер,

Өнегеміз озады бар елдерден - деп сайысқа қатысушы 7– сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

  • Ағайдар Дина

  • Тілегенова Аружан

Анам менің көктегі күнменен тең,

Анам менің жауһазындай гүлмен т ең.

Әлпештеген асыл анам болмаса,

Бұл өмірдің еш қадірін білмес ем, деп - 8,9 – сынып қатысушыларын қарсы алайық.

  • Бастерова Фарида

  • Узбекбай Ұлжан

  • Манақ Зейнеп

  • Мыңбосын Гүлсая

  • Еркінбек Нұрғайша

  • Зиябек Анелья

  • Тоқтар Сағыныш

  • Бигелді Бейбарыс

  • Кабирова Аружан

  • Сапархан Мадина

Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І -кезең. Ана тақырыбында өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (мәнерге салып оқушыларды іріктеп алу).

ІІ -кезең. Ана тақырыбында өлең шумағын құрап шығару.

ІІІ-кезең. Іріктеуден өткен қатысушыларға «Сүйіспеншілік, қайырымдылық, мейірімділік, махаббат, Отан »туралы алдын-ала дайындалған өлеңдер беріледі. Әр қатысушы өзі таңдалған өлең жолдарын мәнермен айтып беруі қажет.

Сара апамыз-анамыз, өз анамыз,

Ертең апай атынан сөз аламыз

Қасиетті, қамқоршы жүрегіңнен,

жақсылығын өмірдің сезе аламыз- дей келе І кезең ана туралы өлеңдерді Мәнерлеп оқуына берейік. (Оқушылар сынып бойынша шығып өз өлеңдерін оқиды. Бірінші 5 сыныптан басталады.)

Сонымен, әділ-қазы алқалары қатысушыларға қойған ұпайларын есептеп, ең төменгі ұпай жинаған 5 қатысушы сайысты осы жерден аяқтайды.

Енді келесі ІІ кезеңімізге көшелік.

Өзгеге көңілім, тоярсың

Өлеңді қайтып қоясын.

Сені айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың - деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай екінші кезеңде Жас ақындарымызды сынап көрелік. Ана қасиетті тақырыбында 4 жолды өлең құрастыру тапсырамыз. Қатысушылар даяр болғанша 7 «Ә» сынып аруларынан құралған Әсем ай би тобының «___________» биін тамашалаңыздар.

Енді кезекті әділ-қазыларға береміз.

Жүргізүші:

Әділ-қазылар шешімін шығарғанша, қатысушылар мен көрермендер арасында сахналап көрсетілген жағдаятты талдадуды ұсынымыз.

Арман күнделікті сабақтан келгенде үстіндегі киімдерін лақтырып, тамағын ішер-ішпестен далаға ойынға шығып кетеді. Анасы үндемей жинап қояды .Бірақ арман бұл әдетін күнде-күнде қайталайды.

Арманның бұл қылығы туралы не айтасыздар?

Арманға қандай кеңес берер едіңдер?

Әділ-қазылар, өз шешімдерін шығарып болса,қатысушылардың ұпайларын айтып, төменгі ұпай жинаған 8 оқушының есімдерін жариялап, сайысты осы жерден тоқтатуларын сұраймыз.

Енді келесі ІІІ-кезеңімізге кезек берсек.

Жүргізуші 1: Өзі аялап мәпелеп, ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Анамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен- бұл өлең шумақтары Сара анамыздың еңбегін жырлағандай... Олай болса жыр шумақтары одан әрі төгілмекке қатысушыларымызды ортаға шақырайық. Сіздерге алдын ала дайындалған өлеңдер беріледі, сол өлең жолдарын таңдап алып, мәнерлеп оқып шығу тапсырылады.

Жүргізуші 2: Құрметті қатысушылар, ұстаздар, сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы бір шешімге келгенше, ортаға ___«__» сынып оқушылары ______ әсем әнмен шақырамыз.

Ән «______________».

Жүргізуші 2: Олай болса, сайыс нәтижелерін хабарлауға әділқазы алқаларын шақырамыз!

Әділқазы алқасының сөзі.
Жүргізуші 1: Құрметті оқушылар,қонақтар! Бүгінгі кешімізді Сара Алпысқызының айтқан ғибрат тілегімен қорытындылаймыз:
«Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін,шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық балаларды өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата-анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік,өмір сүруге деген құштардық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата-анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Олай болса, Сара апайымыз айтып кеткендей, айналамыздағыларға деген мейірімділігіміз бен сыйластығымызды ешқашан жоғалтпайық!

-Сау сәлеметте болыңыздар!

















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«№58» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Алтын жүрек анамыз!

Мәнерлеп оқу сайысы



Күні:07.02.2019 жыл

Сыныбы:5-9 сыныптар

Мұғалімі: Мейрамбек Аида








2018 – 2019 оқу жылы


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее