Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Білім бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Алматы – гүл қала»
Мақсаты: Алматы қаласы және қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. Сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқу іс-әрекеті барысында мнемокесте арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытып, өлеңді тез жаттауға, байқағыштыққа, өз ойларын сауатты түрде жеткізе білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, топтастыру, мнемокесте тәсілі
Сөздік жұмыс: Көрікті, дала гүлдері, мұзайдын
Билингвальды компонент: Гүл қала – город цветов , көрікті жерлері - красивые места, шетелдік - иностранный, әлемге әйгілі – известный всему миру, мұражай- музей, ғимарат-здание
Көрнекіліктер: Көркем суреттер, интерактивті тақта, бейнематериал, макет, буклеттер, т.б.
Керекті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, акварель бояуы, қылқалам, желім, қайшы, мақта, қиып алынған суреттер, губка, т.б.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қызығушылық | Шаттық шеңбері: «Сәлем» деймін достарға, «Сәлем» деймін құстарға «Сәлем» деймін ұстазға Ашық болсын айымыз, Тату болып халқымыз, Аман болсын балалар!
|
Балалар қуанышты көңіл күймен шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік
| Тәрбиеші: -Ал, енді балалар тақтаға назар аударайық. Біздің Алматы қаласының әуежайына ұшақ қонды. Ол Лондон қаласынан ұшып келді. (Слайд көрсету) -Балалар, Лондон қаласы Ұлыбритания мемлекетінің астанасы. Ол Еуропада орналасқан. Адамдары ағылшын тілінде сөйлейді. Осы Лондоннан бізге қонақ келді. Ол Гарри атты бала. Біздің қонағымыз Қазақстанға келу үшін арнайы қазақ тілін үйреніп келді. Біз онымен еркін тілдесе аламыз. -Кәне, балалар, қонақпен бірге орындарымызға жайғасайық. -Балалар, біз қандай қалада тұрамыз? -Дұрыс айтасыңдар! -Ендеше, Гарри біздің Алматы туралы білгісі келеді. Гарриге қаланың көрікті жерлерін көрсетейік. Билингвальды компонент: көрікті жерлер – красивые места.
Слайд № 1 «Медеу»
Тәрбиеші жұмбақ жасырады: «Жылтырайды сайда, Сынбайтын айна» Бұл не? -Балалар дұрыс айтасыңдар! -Медеу мұз айдыны туралы кім не біледі? 1-бала: «Жан-жағында қарағай Ар жағында көк аспан Медеу бізге қалған ғой Бабалардан дастан боп» .
Тәрбиеші: Медеу мұз айдыны ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км.жерде орналасқан. Кешенді 1972 жылы тұрғызған. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттар көп. Бұл тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен бірге, сендер де отбасыларыңмен бірге коньки тебуге барасыңдар. Әсем табиғат аясында демалатын орын.
Слайд № 2 «Көктөбе» «Апорт алмасы» 2- бала: Мынау Көктөбе. Ол биік мұнара. Таудың басында орналасқан. Алматы – Республикадағы ең көрікті, ең сәулетті қала. Қаланың іші-сырты толған жеміс ағаштары. Алматы – жасыл қала. Дүние жүзінде теңдесі жоқ алма – апорт тек біздің Алматыда өседі. Көктөбеде апорт алмасының мүсіні Алматы қаласының символы ретінде орналастырылған. Себебі, апорттың отаны – Алматы. (Апорт алманы көрсету, алма бақтарын көрсету)
-Кәне балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ: «Ақ көйлек киеді, Көк моншақ түйеді. Қып-қызыл бетінен Күзде атам сүйеді».
-Балалар, алма туралы кім тақпақ біледі ? 3-бала: «Апорт деген алма бар, Жер жаратын атағы Ондай алма қайда бар Алматы – оның Отаны».
4- бала: «Апорт деген алманың, Таттың ба сен бал дәмін? Апорт деген тәтті алма Ол өседі бақтарда Алатауда өседі ол, Оған тең жоқ деседі ел».
Слайд № 3 «Орталық мұражай» Тәрбиеші: Бұл Мемлекеттік мұражай. Онда Қазақстанның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейін мұрағаттар жиналған. Мұнда Қазақстанның тарихы, көп экспонаттар жан-жақтан әкелінген. Біз өзіміздің ата-бабаларымыздың тарихын осылай танып білеміз. Билингвальды компонент: мұражай- музей
Слайд № 4 «Цирк» 5- бала: Бұл цирк ғимараты. Цирк ғимараты қаланың әсем жері Абай даңғылында орналасқан. Циркте үйретілген хайуанаттар көп: аюлар, қасқырлар, иттер, қояндар өнер көрсетеді. Маған цирк ұнайды. Біз отбасымызбен бірге циркте болдық.
Слайд № 5 «Қазақстан» қонақ үйі 6-бала: Мынау – «Қазақстан» қонақ үйі. Бұл ғимараттың биіктігі 25 қабат. Кезінде Алматы қаласындағы ең биік құрылыс болған. Жан-жақтан келген қонақтар осы қонақ үйге тоқтайды. Билингвальды компонент: ғимарат – здание
Слайд № 6 «Орталық саябақ» Тәрбиеші: Бұл орталық саябақ. Бұрын орыс жазушысы М.Горький атында болған. Аумағы 42 га жерді алып жатыр. Мұнда хайуанаттар паркі және балаларға арналған атраккциондар бар. Бұл мәдени демалыс орны. Слайд көрсету арқылы Алматы қаласының көрікті жерлерімен таныстыруды жалғастырады.
Тәрбиеші: Алматы қаласы қазіргі уақытта туристік орталыққа айналуда. Туристерді тамсандыру үшін көптеген жұмыстар жасалуда.
Слайд №7 «Метро», «Жол қиылыстары» 7-бала: Бұл – метро. Жер асты көлігі. Адамдар баратын жеріне тез жету үшін метро салынды. Ол 1 желтоқсан 2011 жылы ашылды. Қазіргі уақытта 9 станциясы бар. Алдағы уақытта тағы басқа станциялары да салынуда. Тәрбиеші: Сонымен бірге, қаламыздың көлік кептелісін азайту мақсатында көптеген жол қиылыстары салынды.
Слайд № 8 «Тәуелсіздік монументі» 8-бала: Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Тәуелсіздік монументі тәуелсіздік алғанымызға 5 жыл толуына орай 1996 жылы 16-желтоқсанда ашылды. Балалар биыл Тәуелсіздік мерекесіне 25 жыл болады, енді осы тәуелсіздікке мерекемізге арнап кім өзінің лебізін білдіреді?
9-бала: 16 – желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан.
10-бала: 16 - желтоқсан Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік Ел жүрегінде қалған.
Слайд № 9 «Тұңғыш Президент саябағы», «Гүлдер фестивалі » Тәрбиеші: Бұл Қазақстан Республикасы тұңғыш Президент саябағы. Саябақтың алып жатқан жалпы аумағы 73 гектар. Қақпадан кіргенде биіктігі 21 мертге жуық субұрқақ бар. Әсіресе түнде сазды әуенмен субұрқақ (фонтан) сан түрлі құбылып, билеп тұрады. Саябақтың ішінде алуан түрлі гүлдер мен ағаштар отырғызылған. 2001 жылы ҚР бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр. Жыл сайын тұңғыш Президент саябағында «Алматы – гүл қала» атты халықаралық гүлдер фестивалі өткізіледі.
Тәрбиеші: -Гарри саған Алматы қаласы ұнады ма? -Гарри біздің балалармен бірге Алматы туралы жаттасақ қалай қарайсың? Келісесің бе? - Олай болса, балалар С.Оспанов ағамыздың «Алматы қаласы» атты өлеңін кестеге қарап тез, жылдам жаттайық. (Мнемокесте арқылы тақпақ жаттату) .
«Алматы қаласы» «Жап-жасыл ағашы, Қып-қызыл алмасы Ақ басты тауы бар, Алматы қаласы. Ақындар атасы - Тұр Абай данасы Көшесі көрікті Алматы қаласы» . (С.Оспанов)
-Ендеше, балалар сендер де шаршаған шығарсыңдар. Біраз бой жазып, біздің ұлттық «Қара жорға» биімізді көрсетейік. Гарри сен де бізге қосыл.
Сергіту сәті: «Қара жорға» Интерактивті тақтаға қарау арқылы жасалады.
Тәрбиеші: Алматының ең көрікті жерлері: Медеу мұз айдыны және Тұңғыш Президент саябағын өз қолдарымызбен қағаз бетіне түсірейік. Қаламызды қиялымызбен, шеберлік өнерімізбен гүлдендіріп жіберейік.
Балалармен шығармашылық жұмыс: Балаларды екі топқа бөліп, тапсырма беріледі. 1-топ: «Медеу мұзайдыны» 2-топ: «Тұнғыш президент саябағы» . Балалармен топтық жұмыста балаларға жеке көмек көрсетіледі. (Алматы туралы музыка әуені қосылып тұрады) .
|
(Гарри сөйлейді ағылшынша) «Hello my dear friends. My name is Garry. I came from Great Britain».
«Hello», -деп жауап береді балалар. -Біз Алматы қаласында тұрамыз.
Балалар сөзді бірге қайталайды. көрікті жерлер – красивые места
Жауабы: мұзайдын
Балалар Медеу туралы тақпақ айтады.
Суреттерге қызығушылық танытады. Әр көрсеткен слайдқа балалар қысқаша мағлұматтар береді.
Балалар тақтаға назар аударады.
Жауабы: Алма
Балалар алма туралы тақпақтарын айтады.
Балалар түсіндірмені мұқият тындайды. Балалар сөзді бірге қайталайды. мұражай- музей
Бала суретке цирк туралы қысқаша мағлұмат береді.
Балалар тыңдайды.
Балалар сөзді бірге қайталайды. ғимарат – здание
Балалар тақтаға назар аударады.
Балалар естеріне түсіріп, тақпақтарын айтады.
Гарри сөйлейді: «Менің де көңілім көтеріліп қалды. Алматы қаласы маған өте ұнады. Ол әдемі, гүлденген жасыл қала». - Келісемін
Балалар тақтаға қарап өлең жолдарын қайталайды.
Балалар қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.
Гарри: «Менің де көңілім көтеріліп қалды, мен ризамын сендерге.
Балалар түсіндірмені мұқият тыңдайды. Қызығушылықпен тапсырманы орындауға тырысады.
|
Рефлексивтік –түзетушілік
| Қорытындылау: Тәрбиеші балалардың бірлесіп атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдіреді. Мақтайды, мадақтайды.
Тәрбиеші: Осы жұмыстарды қонағымыз Гарриге сыйға тартып, оны Медеу мұз айдынына коньки тебуге шақырамыз.
|
Балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстарын тамашалайды. Гарриге сыйлайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Алматы қаласының көрікті жерлерін әңгімелеп айтуды біледі.
Игереді: Мнемокесте арқылы өлең жолдарын түсініп, тез жаттап алу тәсілін игереді.
Меңгереді: Медеу және Тұңғыш Президент саябағын жапсыру арқылы өз ой-қиялы мен шығармашылығын қағаз бетіне түсіруді меңгереді.
Тәрбиеші: Альдекова Ж.К.