«Зима 2025»

АКТ қолданудың тиімділігі

АКТ оқу прцессіндеқолдану өте маңызды эәне қолайлы

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

оспарІ. Кіріспе.ІІ. Негізгі бөлім.1. АКТ - ға қысқаша сипаттама.1. 2. Сабақта АКТ пайдалану жолдары.2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.2. 2. Бағдарламалар.ІІІ. Қорытынды.







































Кіріспе «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-еліміздегі білім беруде халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру, жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғам қажеттілігін өтеу, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.









































II.Негізгі бөлім1. 1. АКТ - ға қысқаша сипаттамаҚазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.






















 2. Сабақта АКТ пайдалану жолдары

Сабақта ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.Сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану төмендегідей нәтиже беруде:

 Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

 Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

 Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:Интерактивті тақта;Бағдарламалар;Интернет кеңістігі;Электронды оқулық.

2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,Көрсетсең – есте сақтаймын,Іске кіріссең – үйренем.» деген екен қытай даналығында. Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады.

Интерактивті тақта – дегеніміз не?Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТтүрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio бағдарламасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам – дегеніміз не?Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVstudio бағдарламасыACTIVstudio PE бағдарламасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген бағдарлама. Бұл бағдарлама ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudioбағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.ФлипчартФлипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.


 2. БағдарламаларiSpring QuizMaker бағдарламасыiSpring Solutions компаниясы шығарған бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы тест немесе сауалнама құруға болады. Тест және сауалнама құрудағы мүмкіндіктері өте көп. Мысалға:

 Аудио,видео, сурет кірістіруге

 Тест және сауалнама сұрақтарын әртүрлі тәсілдермен қоюға болады.

1 сурет. iSpring QuizMaker бағдарламасының интерфейсі

Тест сұрақтарының берілу тәсілдері:

 Бір жауапты

 Көп жауапты

 Бос орынды толтыру

 Сәйкестендіру

 Белсенді аймақ

 Ретімен қою

 Дұрыс және бұрыс

 Кірістірілген жауаптар

 Сөз сандығы

 Санды немесе мәтін енгізу

Сауалнама сұрақтарының берілу тәсілдері:

 Ликерт шкаласы

 Иә/жоқ

 Бір жауапты

 Көп жауапты

 Қысқа да нұсқа жауап

 Санды енгізу

 Сәйкестендіру

 Мәтінді таңдау

 Бос орындар

 Кірістірілген жауаптар

 ЭссеБұл бағдарламаны барлық мүмкіндігін пайдалану үшін лицензиясын сатып алу керек. Демо нұсқасы 30 күн.

MyTestX бағдарламасы Бұл бағдарлама арқылы тест құруға болады. Авторы-Башлаков А.С. Бұл бағдарламаныmytest.klyaksa.net сайтынан жүктеп алуға болады. Бағдарлама тегін таратылады. Ақылы түрі де бар.Тест сұрақтарының берілу тәсілдері де әртүрлі. Олар мыналар:

 Бір жауапты

 Көп жауапты

 Сәйкестендіру

 Ретімен қою және т.б.

2 сурет. MyTestX бағдарламасының интерфейсі

Snagit бағдарламасыЭкрандағы мәліметті жинайтын бағдарлама. Бұл бағдарламаны TechSmiht корпорациясы шығарған. Бір сөзбен айтқанда, экрандағы керек жердің скирншотын алады.3 сурет. Snagit бағдарламасының интерфейсіБұл сияқты бағдарламалардың интернет желісінде түр-түрі бар. Ақылы және тегін түрі де.



































ІІІ. ҚорытындыАқпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тізгіні ұстаздар қауымының қолында екенін есімімізде сақтайық. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40 - 50 % дейін арттырады.Қорыта келгенде, сабақта компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану- заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, ақпараттық технологияларды шеберлікпен пайдалана білетін, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.дар!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее