Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Балбөбек» тобы
Ай - апта |
| Мақсаты |
Білім саласы | Әлеуметтік орта |
Теледидар, радио, телефон, компьютердің ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы түсініктерін кеңейту. |
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті | Қоршаған ортамен таныстыру | |
Тақырыбы | Ақпараттық құралдар | |
Әдістер | Сөздік, көрнекілік, ойын, прпктикалық | |
Сөздік жұмыс | Радио, телефон, компьютер | |
Көрнекіліктер | Теледидар, радио, телефон, компьютер, суреттер, кітаптар мен газет-журналдар. | |
Билингвальды компонент: | Теледидар – телевизор Радио – радио Кітап - книга | |
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбері: Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық Таза ауа да салайық Жүрек жылуын салайық Осы жақсы лебіздерді Балаларға сыйлайық Радио , телефон, компьютерге байланысты жұмбақтар жасырады. 1.Бір құлағы сөйлесе Бір құлағы тыңдайды Білсең айтшы ендеше Жұрт не дейді мұндайды 2.Кішкентай ғана сандықтан Әңгіме, өлең, ән шықты 3.Тыңдап әнін, өлеңін, Үйден кино көремін 4.Тамақ іше қоймайды, Тек адамша ойлайды |
Балалар жұмбақтардың шешуін табуға тырысады.
Телефон
Радио
Теледидар Компьютер |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
| Ақпарат құралдарын әр топқа бөліп беріп, олар туралы біліетіндерін сұрау. Ақпарат құралдарын жеке-жеке таныстыру Ақпарат құралдарын пайдаланып көрсету; радионы сөйлетіп, газетті оқып, телефонмен сөйлесіп, теледидарды қосып. Міне бұл құралдар арқылы біз ақпарат алып, ақпарат береміз. Ақпарат деген сөзді біз қалай түсінеміз , ойланайық. Оны қолдану мысалдарынан қарастырайық. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б. Теледидар, радио, компьютер арқылы ақпарат алу жолдарын, ақпаратты сезу, мүшелері (құлақ, көз) арқылы алатындарын және кітап, газет-журналдар, телехабар арқылы алуға және таратуға болатындығын қосымша сұрақтар қоя отырып түсіндіреді. - Қалай ойлайсыңдар, кітап, газет-журналдар арқылы ақпараттарды қалай алуға болады? - Дұрыс айтасыңдар. Адамдар кітап, газет-журналдардан өздеріне керекті кез келген ақпаратты ала алады екен. Телехабарлардан қандай ақпарат алуға болады. - Дұрыс айтасыңдар. Тағы да қандай ақпарат алуға болады? Ойын: Кезбе тілші Ойын шарты бойынша тәрбиеші үш, төрт баланы шақырып, еліміздің кен байлықтары көмір мен мұнай туралы ақпарат береді.
Сергіту сәті Қатты нөсер басылды, Күн жарқырап ашылды. Неше түрлі әдемі, Кемпірқосақ жасалды. Дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. Топтастыру: ақпаратты қандай сезу мүшелері арқылы аламыз. Құлақпен, көзге топтастыру.
| Телефонмен сөйлесеміз, оның үстінде сандары болады, ол әртүрлі, сөйлесетін тұтқасы болады. Теледидарды көреміз, тыңдаймыз, көлемі төртбұрыш, олар да әртүрлі болады. Компьютерді үйде пайдаланамыз, онымен жазамыз, мультфильмдер көреміз, керек нәрселерімізді аламыз.
Балалар теледидар, радио, компьютердің атқаратын қызметі туралы айта отырып, тәрбиеші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Оларды оқу арқылы
- Ертеңгі ауа райы туралы ақпарат алуға болады. Балалар жауап беруге тырысады.
- Компьютерден аламыз Балалар жауап беруге тырысады. Тәрбиешіден ақпарат алған балалардың біреуі телехабар, екіншісі телефон, үшіншісі газет арқылы ақпаратты таратушы ролінде ойнайды. Басқа балалар ақпарат құралдарын және таратушы адамды атайды.
Өлең мазмұнына қимылдар жасайды.
Балалар дәптерде берілген тапсырманы орындайды. Құлақпен: теледидар, телефон, компьютер, Көзбен: теледидар, компьютер, газет |
Рефлексиялық- түзетушілік
| Суреттердің арасынан ақпарат құралдарын тауып ілгізу. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіреді. | Суреттер арасынан ақпарат құралдарын тауып тақтаға іледі. Ақпараттық құралдарға нелер жататынын біледі Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже | ||
Біледі | Теледидар, радио, телефон, компьютер, суреттер, кітаптар мен газет-журналдардың ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы. | |
Игереді | Қарапайым ақпарат көздерін қолдануды, ақпарат алушы мен таратушы туралы білімді | |
Меңгереді | Ақпаратты электронды техникалар, газет-журналдар, телехабарлар арқылы алуға және таратуға болатындығын, қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын. |