«Осень 2024»

«Айлакер түлкі» ертегісі

Мақсаты: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру.Ертегіні тыңдай білуге,мазмұнын түсіне білуге баулу.Балаларды ертегідегі берілген түлкінің жағымсыз қылықтарды ажырата білуге жетілдіру.

Олимпиады: Дошкольникам "Охота за знаниями"

Содержимое разработки



Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

«Достық» балабақшасының тәрбиешісі

Амандыкова Гульжанар Сентябрьевна


Білім беру саласы: Коммуникация


Бөлімі: Көркем әдебиет


Тақырыбы: «Айлакер түлкі» ертегісі


Мақсаты: Сөйлеу мәнерін қалыптастыру.Ертегіні тыңдай білуге ,мазмұнын түсіне білуге баулу.Балаларды ертегідегі берілген түлкінің жағымсыз қылықтарды ажырата білуге жетілдіру.


Көрнекіліктер :ертегі бойынша суреттер,ертегі киімдер,атрибуттар.


Тәрбиеші:Балалар шеңбер құрып амандасады

Шаттық шеңбері

Ертегі еліне барамыз

Досымызды табамыз

Сәлеметсіз пе! міне мен!

Доспын енді сенімен.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Аяз қысып ,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Кейде ұлып кейде ысқырып

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?


-Балалардың жауабы:

-қыста

-Дұрыс айтасыңдар.

-Қыс мезгілінің неше айы бар.

-Үш айы бар (Желтоқсан, қаңтар,ақпан.)

-Қыста күн қандай болады, боран соғады ,аяз болады.










Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдерме?


Ойын: «Бұл қандай аң?» қолға киіп көрсету. Бұл аңдар жабайы аңдар , орманда тіршілік етеді.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ,қане жұмбақ шешіп көрейік.


Өзі бір қу.

Жүрген жері айқай да шу. ( түлкі)


Тосыннан Түлкі кіреді.

-Саламатсыздар ма!Балалар менің қарным ашты, мен тышқан іздеп жүрмін.

Тәрб: -Балалар,мынау қандай аң?

Балалар:- түлкі айлакер.

Тәрб: Түлкі қош келіпсіз, жоғарлатыңыз ,түлкі қу аң -ол орманда тіршілік етеді. Түлкінің баласы «мыршай » деп атайды. Қысы -жазы далада жүретін аң болғандықтан мезгілге байланысты жүні түлейді ,яғни өзгереді.

Түлкінің түсі қызғылт сары болады екен, өзі сұлу ,оның жүні жұмсақ, одан тон,бөрік киеміз.Ормандағы аңдарға сүйіспегшілікпен ,қамқорлықпен қарау,аңдарды атуға болмайды қорғау керек.


Тілімізді жаттықтырып айтып көрейікші.


Ян-ян –ян

Қалқан құлақ қоян.


Кі –кі –кі

Айлакер түлкі.


Ю-ю-ю

Аңқау аю


Қыр-қыр-қыр

Көкжал қасқыр.

-Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер, қане айтайық.

Түлкі мен туралы және қасымдағы достарым туралы кім не біледі?

Түлкі: Мен түлкімін ,түлкімін.

Тұнып тұрған күлкімін.

Бұлаң –бұлаң құйрығын,

Текке өтпейді бір күнім.






Қоян: Мен қоянмын ,қоянмын

Түн ішінде жортамын.

Қалдырмаймын ізімді.

Өйткені күндіз қорқамын.


Қасқыр: Мен қасқырмын ,қасқырмын

Аң ішінде асқармын.

Талай қойды мауыздап

Үйге әкеліп асқанмын.


Аю: Балпаң ,балпаң басамын,

Алтын қырдан асамын.

Аю деген ағаңмын

Аңшы көрсем қашамын.

Енді балалар , қане ертегіні мұқият тыңдап, тамашалайық. Содан соң , сахналап көрсетейік жарайма.


Сергіту сәті: Біз орманға барамыз


Осы «Айлакер түлкі» ертегісін сахналап көрсетейік

- Балалар сендерге ертегі ұнадыма ,?

Түлкі өзі қу айлакер екен , қасқырды айласымен қақпанға түсті.

Ертегідегі түлкінің істеген қылығы дұрыспа?

-Жоқ

-Біздер ондай болмауыз керек ,бір-бірімізді алдамай көмек беруіміз керек .

Түлкі: - Рахмет балалар, маған ертегі ұнады, мен енді ешкімді алдамаймын,бәрімен дос болам, мен сендерге алып келген сыйлығым бар .

Бәріміз дос болайық.

Түлкімен қоштасу. Балаларды мадақтау,бағалау.


Жылулық шеңбер.


Жабырқауды білмейміз,жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,үлгі аламыз жақсыдан.

Біз өнерлі баламыз, көрсін ата-анамыз.

Риза болсын қонақтар, қош сау болыңдар.












Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее