«Осень 2024»

Ағылшын тілі пәнінен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жайында баяндама

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Күйкен мектебі









Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

















Дайындаған: Сарбалина Ж.Е.











Бейнеу – 2017



Тарихта, халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттілер әрқашан жоғары бағаланған. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де, іскер де, белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт – бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда, әр баланың жеке шығармашылық қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу мұғалімнің басты парызы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті – құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, қоғамның алға қарыштап, дамуы шығармашыл адамдарға байланысты.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет» деп түсіндіріледі.

Шығармашылық қабілет бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

В.С. Сухомлинский «шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата – ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» деп атап көрсеткен.

Мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу, дамыту үшін: Біріншіден, балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек, оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі. Екіншіден, әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Ол үшін ұстаз бойында мынадай қасиеттер болуы керек:

Мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсамайтын қасиеттерін аша білуі;

Мұғалім, ой – өрісі кең, жан – жақты білімдар, өз мамандығының шебері болуы керек;

Мұғалім үздіксіз өз білімін шыңдай түсуі қажет;

Ал, ұстаз шәкіртінен мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек:

Оқушы ой – жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;

Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;

Оқушы білімі, талғамы, барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;

Оқушы білімінің тереңдігі пән аралас байланысты болғаны тиімді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері бойынша белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез – келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Кез келген баланың қандай да бір нәрсеге бейімі болады. Бейімдік оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа шығармашылықты дамытудың басты нысанасы ретінде төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

Өздігінен бақылау жүргізу

Қарапайым тәжірибелер жасау

Эксперимент қою

Мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу

Модельдеу

Жекеден жалпыны шығару

Жалпыны жекелей қолдану

Шығармашылықты оятудың кезеңдерінде оқушы бойындағы қасиеттер:

Алғашқы кезеңде, жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік;

Белгісіздік кезеңі, табандылық, танымдық, белсенділік;

Қорытынды кезеңінде, жоғары көңіл – күй, жаңа істерге жігерлену, еңбек нәтижесін көру, өз ісіне деген мақтаныш сезімдері орын алады.

Сонымен, оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру – танымдық іс – әрекеттің сапалы орындалуы, өмірлік белсенді ұстаным, терең білім алудың кепілі десек қателеспейміз. Сондықтан мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее