«Зима 2025»

"Абайдың өмір сүрген ортасы"

Абай туралы даналық ой пікірлер

1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

А.Байтұрсынов

2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»

М.Әуезов

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. ….Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».

Н.Ә.Назарбаев

4. «Өз Отанының сом алтыны»

Ә.Бөкейханов

5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»

М.Дулатов

6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»

М.Жұмабаев

7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»

М.О.Әуезов

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сыныбы: 9 № 2 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Ұлы ойшыл, көрнекті қоғам қайраткері, ақын, сазгер, күйші, қара қылды қақ жарған төбе би-шешен, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмірімен таныстыру.

Дамытушылық: тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс, Абай өміріне байланысты хронологиялық кестемен жұмыс жасату.

Тәрбиелік: өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, еңбексүйгіш, терең ойлай білетін парасаттылыққа, өзінің өткен әркүнінен міндетті есеп бере алатын ақылды, өзін -өзі тәрбиелейтін адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта, тәрбиелей отырып қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Абай» энциклопедиясы;

2. «Аңыз Адам» журналы №5 қыркүйек 2010 жыл;

3. «Абай ұрпақтары» суреттері (слайдтар)

4. Интернет материалдары (Абай күйшілігі хақында)

5. Даналық ой-пікірлері жазылған слайдтар

6. «Абай туралы ойшылдардың бағалары» (слайдтар)

7 Қазақ әдебиеті 9-сынып оқулығы

8. «Абайдың қара сөздері» — 2 том

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка,

Сабақтың әдісі - Аралас (ауызша баяндау, оқушы шығармашылығы, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ)

І. Ұйымдастыру: Оқушы қатысын тексеріп сабақтарына сәттілік тілеу.

ІІ. Үй тапсырмасы: конспект оқу (сұрақ-жауап әдісі)

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары

1) Ақынның балалық шағы

2) Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы

3) Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, қоғам қайраткері, төбе-би шешен

4) Ақынның өмір сүрген ортасы.

«Миға шабуыл» әдісі

- Оқушылар мен сіздерге мына бір өлең жолдарын жасырғалы тұрмын. Ойланып көрейік, кімнің өлеңі екен?Осы өлең арқылы біздер жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап алмақпыз.

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай)

№1 кесте

1845ж 10 тамыз - 1904 ж 23 маусым

Семей облысының Шыңғыстауының баурайында дүниеге келді

Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше

Әкесі Құнанбай Тобықты

Ибраһим руының аға сұлтаны.

Абай - «Телғара» (анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыз екеуінің арасында тел өскен)





АБАЙ КІМ?

Қазақтың бас ақыны Қоғам қайраткері Ағартушы

Ойшыл Сазгер Төбе би – шешен

Аудармашы Заңгер (74-бап «Шар ережесі», 1868ж Ережеге сай 100-бап «Абай ережелері») Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Болыс (Қоңыркөкше)



Құнанбай әйелдері – Күңке, Ұлжан, Айғыз, Нұрғаным

Жақындары: Құдайберді, Тәңірберді, Халиолла, Абай (1845-1904), Ысмағұл, Ысқақ, Оспан, Шәкәрім

Жеті ата: Олжай Айдос Қайдос Жігітек Торғай Кенгірбай Ырғызбай Көтібақ Топай Бөкенші Бор Өскенбай Құнанбай Абай

Абай әйелдері – Ділдә Әйгерім Еркежан

1.Ақылбай

2.Әкімбай Мекаил

3.Әбдірахман (1868-1895) Ізкаил

4.Мағауия (1870-1904) Кенжеш

5.Күлбадан

6. Райхан

№2 кесте Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

1855-1857ж – ауыл молдасынан сауат ашты. 9жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859ж - Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.

1870ж – Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады.

1876-1878ж — Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады.

1876 ж – Жала жабылады

1877-1878ж – 12 іспен тіркеліп, 3-4 ай Семей қалаасында жатты.

1880ж — Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д. Лобановский, Н.Кончин секілді орыстың озық ойлы демократтарымен танысады.

1889ж – 25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898ж -Қара сөздерін жазды.

1891ж Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа бастайды.

1895ж – Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.

1904ж 14 мамырында баласы Мағауия қайтыс болды.

1904ж 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді.Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909ж. Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шыңарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922ж – Абай өлеіңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді.

1933ж – Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940ж – Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық музейі ашылды.

1945ж – Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды.

1949ж – М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959ж -Лениндік сыйлық алды.

1960ж Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995ж .А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее