.
Математикалық сайыс.
Ойын бес кезеңнен тұрады. Алғашқы ойын – үш кезең. Олар І- ойын , ІІ – ойын, ІІІ –ойын деп ,ІҮ – кезең шешушуі ойын, Ү –кезең - ақтық ойын деп аталады. Алғашқы ойынға 3 оқушыдан 9 оқушы қатысады, олардың әрқайсысына 3 сұрақтан беріледі. Әр кезеңдегі үш ойыншының ең көп ұпай жинаған біреуі шешуші ойынға , одан ақтық ойынға қатысады. Ойлануға берілетін уақыт – 1 минут. Әр кезеңнің арасында көрермендер ойыны өткізіледі . Әр кезеңнің арасында көрермендер ойыны өткізіледі .Әр кезеңде шешуші және ақтық ойынға шыға алмаған екі қатысушыға сыйлықтар беріледі. Ақтық ойынға қатысушыға да жекелей сыйлық тағайындалады.
Ойынға қатысушы қоржыннан асық алады. «Көк асық» - сыйлық . Егер сыйлық алса ойыншы ойыннан шығарылады, ал бас тартса әрі қарай жалғастырады . «Қызыл асық» - музыкалық үзіліс. Музыкалық нөмір орындалған соң ойыншы тағы да асық алып , ойынын жалғастырады. «Қара асық» - күю , яғни жинаған ұпайлары жойылады, алайда ойыншы ойынын жалғастыра береді. «Ақ асық»- ойынға жолдама. Ақ асық алған ойыншы оны үйіреді. Алшы-10 ұпай, Тәйкі- 9 ұпай, Бүк -7ұпай ,Шік - 5 ұпай . Бұл ұпайды ойыншы сұраққа дұрыс жауап берсе ала алады, жартылай дұрыс болса , жартысын алады. Қате жауапқа ұпай берілмейді.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Ойын-сайысты бастаймыз,
Жас достарым,
Математика құрметтеуге лайық,
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Алғашқы ойын.
І- ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар.
Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. / Әл-Фараби/
Үш таңбалы 87* саны 5-ке де, 3-ке де бөлінеді. Осы санның соңғы цифрын тап. \870\
Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? \5\
Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы математигі ? \ Евклид\
Әріптерді цифрлармен ауыстыр
АБ 91
+ +
А 9
___ ___
БВВ 100
Ардақ , Кәрім , Айгул үшеуі дойбы ойнады. Егер олардың әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойналды? \3\
1.Алгебра оқулығын ең алғаш жазған, алгебраның негізін салған Орта Азиядан шықан ғалым . \Әл-Хорезми\.
2.Көбейтіндіні тап. 1*2*3*4*5*6 = х \720\
3.Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады. \тең \
ІІ – ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар.
Алгебралық теңдеулерді жете зерттеген белгілі француз математигі. \ Франсуа Виет\
Суретте барлығы неше шаршы бар? \14\
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір тонна мақта ауыр ма , әлде бір тонна темір ауыр ма ? \ тең\
Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі . \Рене Декарт\
Суретте барлығы неше «үшбұрыш» бар ? \13\
3.Жанұяда 5 ұл және әр ұлдың 1 әпкесі бар . Жанұяда барлығы неше бала бар ? \6\
Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі , ұстазы болған грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. \Аристотель\
Шаршы формалы шокалад 9 бөліктен тұрады. Осы кішкене шаршы бөліктерді жеке бөліп алу үшін неше рет сындыру керек. Әр жолы бір кесектен ғана бөлініп шығады. \8\
Дәптер қабымен бірге 95 т тұрады. Дәптердің өзі қабынан 90 т қымбат. Дәптер мен оның қабы жеке-жеке қанша тұрады. 92,5 т. 2,5т.
ІІІ – ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар .
Евклидтік емес геометрияның негізін салған орыстың ұлы математигі \Лобочевский\
Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып , үш бестікпен нәтижесі 2-ге тең өрнек жаз. / (5+5):5=2 , басқа жолдары бар.\
Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды. \жай бөлшек өзі қысқартылмайды.\
1.Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері мен гипотенузасының арасындағы қатысты дәлелденген ерте дегі оқымысты. \Пифагор\
2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып , үш бестікпен нәтижесі 0-ге тең өрнек жаз. \ (5-5) *5 =0\.
3. Аспанда бес үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе , нешеуі қалады. \біреу, қалғаны ұшып кетеді\.
1. Ондық бөлшектермен есептеу ережесін жазған Орта Азиядан шыққан атақты ғалым . \Әл-Кәши\.
2. Амал таңбалары мен жақшаны пайдаланып , үш бестікпен нәтижені 5-ке тең өрнек жаз. \(5-5)+5= 5\.
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр. \4 мысық\.
Шешуші ойынға қатысушыларға берілетін сұрақтар .
Қандай екі натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең. \2\
Төмендегі шаршының бос бөліктеріне 4,5,6,7,8,9 сандарын әр жолда тігінен және көлденеңінен қосқанда 15 шығатындай етіп орналастыр.
| 1 |
|
|
| 3 |
2 |
|
|
Жанар қағазға 86 санын жазып, өзінің жолдасына айтты : ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. Ол қандай ? \ төңкеріп жаз\
Қай кезде бөлінгіш пен бөлгіш тең болады. \ бөлінді 1-ге тең болғанда\
Шаршыдағы бос бөліктерге әр тік және көлденең жолда бір түсті дөңгелекше бір рет кездесетіндей етіп дөңгелекшелерді орналастыр. \қызыл, көк, жасыл\
* |
|
|
| * |
|
|
|
|
Биіктігі 10 м ағашқа ұлу күндіз 5 м жоғары көтеріліп, түнде 4м төмен түседі. Ұлу ағаштың басына неше күнде шығады. \10 күн\
Қандай бүтін сан кез- келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді. \0\
6,5,4,3,2,1 сандарын әр жолдағы дөңгелектерге қосындысы 12-ге болатындай етіп орналастыр.
Екі адамның бірі шын, 2-шісі ылғи өтірік айтқан. Екеуі бірдей жауап беру үшін оларға қандай ортақ сұрақ қою керек. \Сен ылғи өтірік айтасын ба ? Сен ылғи шын айтасын ба?\
Ақтық ойынға қатысушыларға берілетін сұрақ – тапсырма.
Тиындар 5- суреттегідей орналастырылған . Осының үш тиынның ғана орнын ауыстырып 6- суреттегідей етіп орналастыру керек.
5-сурет 6-сурет
Көрермендерге берілетін сұрақтар.
Жұлдызшаларды санмен алмастыр.
*0**
+
2*05
------------
4123
Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос-қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. \1+1+5+6+6=19\
Көбейтіндісін тап.
| -4 | -3 | -2 | -1 | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 |
3 |
|
|
|
|
|
|
| * |
|
2 |
|
|
| * |
| * |
|
|
|
1 |
|
|
|
| * |
|
|
|
|
0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-1 |
|
| * |
|
|
|
|
|
|
-2 |
|
|
|
|
|
| * |
|
|
-3 | * |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шаршы қағазды тең емес екі бөлікке бөліп қи. Шыққан бөліктерден үшбұрыш құрастыр.
№141 жалпы білім беретін мектеп математика пәнінің мұғалімі
Исмагулова А. К.