Тест жұмысы
3-тоқсан
6-сынып
1.Гидросферадағы барлық судың мөлшерін шамамен көрсетіңіз.
A 1,3 млрд км³
B 1,6 млрд км³
C 0,5 млрд км³
2. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал.
A Термометр
B Барометр
C Гигрометр
3.Атмосфераның жерге жанасқан қабатында, су буларына қаныққан ауаның салқындауынан түзілген судың өте ұсақ тамшыларын табыңыз.
A Сағым
B Бұлт
C Жауын-шашын
4.Ауданы жөнінен ең кіші мұхитты көрсетіңіз.
A Атлант мұхиты
B Солтүстік Мұзды мұхит
C Тынық мұхиты
5.Аталған бұғаздардың ішінен жер шарындағы ең кең және терең бұғазды анықтаңыз.
A Гибралтар бұғазы
B Беринг бұғазы
C Дрейк бұғазы
6. Жер шарындағы жауын-шашын ең көп түсетін жер:
A Кордильердің батыс бөлігі
B Гавай аралдары
C Черапунджи
7. Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігін табыңыз.
A Арал
B Шығанақ
C Теңіз
8.Мұхит суы қататын температура.
A -2°C
B 1°C
C 0°C
9. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертетін жел.
A Ебі
B Бриз
C Муссон
10.Ай мен Күннің тартылыс күштерінің әсерінен мұхит суы деңгейінің тәулігіне 2 рет көтеріліп, төмен түсуі.
A Цунами
B Гейзер
C Толысу мен қайту
11.Айқын қалыптасқан арнасы бар тұрақты немесе уақытша су ағынын атаңыз.
A Өзен
B Шоңғал
C Канал
12. Құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын, бағытын жылына 2 рет өзгертетін желді атаңыз.
A Муссон
B Түнгі бриз
C Пассат
13.Дүниежүзіндегі ең ірі көлді табыңыз.
A Балқаш көлі
B Байкал көлі
C Каспий теңізі
14. Байкал, Зайсан, Ыстықкөл көлдерінің шығу тегі:
A Бөген көлдер
B Тектоникалық көлдер
C Қалдық көлдер
15. Белгілі бір жердегі атмосфераның төменгі қабатының қысқа мерзімдік жай-күйін белгілеңіз.
A Ауа райы
B Циклон
C Климат
16. Су өткізбейтін тау жыныстарын көрсетіңіз.
A Малта тас, қой тас
B Гранит, саз
C Құм, сазды тақтас
17. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ күнді табыңыз.
A 23 қыркүйек
B 21 желтоқсан
C 22 маусым
18. Географиялық ендік, ауа массаларының қозғалысы, жер бедерінің сипаты, мұхиттардың ықпалы – бұлар:
A Жер бедерін қалыптастырушы факторлар
B Мұхит ағыстарын туғызушы факторлар
C Климат қалыптастырушы факторлар
19. Тұрақты желдердің қалыптасуы ...... байланысты.
A Теңіздер мен мұхиттардың жақындығына
B Жер бедеріне
C Қысым белдеулеріне
20. Жердің су қабығы
A Гидросфера
B Атмосфера
C Биосфера
21. Жер бетінде суға толы табиғи ойыс
A Мұхит
B Көл
C Теңіз
22. Жер бетінде Дүниежүзілік мұхиттың алатын үлесі:
A 2∕1
B ¾
C 1∕3
23. Төмендегі аталған теңіздердің қайсысы шеткі теңіз болып есептелінетінін табыңыз.
A Баренц теңізі
B Каспий теңізі
C Балтық теңізі
24. Дүниежүзілік мұхиттағы тұздылығы ең жоғарғы теңіз ретінде тіркелген суқойма.
A Ақ теңіз (35%)
B Қызыл теңіз (41%)
C Жерорта теңізі (43%)
25. Ең терең көл
A Байкал
B Балқаш
C Зайсан
Жауабы.
1в
2с
3с
4в
5с
6с
7в
8а
9в
10с
11а
12а
13с
14а
15а
16в
17с
18с
19с
20а
21в
22в
23а
24в
25с