№ 15 Технологиялық карта
Айы күні: 08.12.15
Білім беру саласы: «Таным».
Тақырыбы:1, 2, 3, 4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын.
Бөлімі: ҚМТҚ.
Мақсаты: үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету; сандар арасындағы байланысты түсінуге үйрету (3-4); сандары бар жұмбақтарды шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікте бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын - алыс); геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, практикалық, ойын.
Үлестірмелі материал: балалардың әрқайсысында 12—18 см ұзындыққа дейін жететін 3 жолақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық | Педагог балаларға жұмбақ жасырады: - Балалар, жұмбақтарды мұқият тыңдаңдар. Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі. Екі қарауыл, Екі тыңшы, Бір жыршы. | Балалар жұмбақтарды шешеді: Екі көз, екі құлақ, бір тіл. |
Төрт қырлы, өзі аппақ, Тақтадағы ізі аппақ. | Бор | |
| Екі атым бар тынбайтын Өзімді ғана тыңдайтын. | Аяқ |
| 1-тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді: - Суретте неше шырша бейнеленген? - Сонша дөнгелекті төменгі қоршауға жапсырындар. - Тағы бір дөңгелек қосыңдар. Нешеуі артық? Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог балалармен бірге жолақшаларды бір-біріне қойып салыстырады. Педагог балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектеседі және олардың көлемі туралы айтып береді. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрайды. Содан соң тапсырма береді: | Балалар тапсырманы орындайды және сұрақтарға жауап береді: Бір дөңгелек артық. Өйткені, төрт санының үштен біреуі артық. Балалар бірінің үстіне бірін қою арқылы жолақшалардың көлемін анықтайды (қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайсысы екендігін табады). |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | - Енді бір-біріне қойып, ең ұзыны қайсысы, ең қысқасы қайсысы екенін анықтаңдар. Сергіту минуты өткізіледі. Біздер санай білеміз, Білмегенге күлеміз. Біреу, екеу, үш, төрт деп, Бес, алты ... деп жүреміз. 2-тапсырма. Педагог әр карточкадағы шыршаның ойыншықтарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма береді. Содан соң мынадай сұрақ қояды: - Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар? 3-тапсырма. Педагог балалармен бірге суретті қарап шығады және тапсырма береді: - Балалар, Аязата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс. Ол жол айрығында тұр, бірақ қай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек. 4-тапсырма. Педагог балалардан жоғарғы қатардағы фигураларды атап берулерін сұрайды. - Жоғарғы бұрыштағы фигураларды рет-ретімен атап беріңдер. - Екінші және үшінші қатарларға жетпей тұрған фигуралардың суретін жабыстырыңдар. Қандай фигураларды жапсырдыңдар? | Балалар саусақтарымен санды көрсетіп, жаттығу жасайды. Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді. 2 шардың суреті бар карточкада 2 цифрын боядық және т.б. Балалар жолды бағыт сызығымен көрсетеді. Балалар фигуралардың атауын атап береді. Жоғарғы қатарда шеңбер, шаршы, үшбұрыш бар. Екінші қатарға шаршы, үшінші қатарға шеңбер саламыз. |
Рефлексиялық - түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.
| Балалар өздерінің жұмыстарын педагогтің үлгісімен салыстырады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі:1, 2, 3, 4 цифрларын, «алыс - жақын» ұғымдарын;
игереді:үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;
меңгереді:«ұзындау, қысқалау» ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш сынды геометриялық фигуралар туралы түсінікті.